Махамбет аудандық мәслихатының «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 14 қыркүйектегі № 63 шешіміне толықтыру енгізу туралы

        

Махамбет аудандық мәслихатының «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 14 қыркүйектегі № 63 шешіміне толықтыру енгізу туралы

 

    Махамбет аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Махамбет аудандық мәслихатының «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 14 қыркүйектегі № 63 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5082-06 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген шешімнің 1-қосымшасының 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«Әлеуметтік көмек мереке күндеріне жылына бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын) жан басына шаққандағы орташа кірісі есепке алынбай ақшалай төлем түрінде келесі санаттағы азаматтарға көрсетіледі:»

көрсетілген шешімнің 1-қосымшасының 5-тармағы келесі тармақшамен толықтырылсын:

«7) 2024 жылы 15 ақпан – Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлері шектеулі контингентінің шығарылғанына 35 жыл толу мерекесіне бір рет:

оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүріп жатқан кезеңде жіберілген әскери міндеттілерге - 150 000 (бір жүз елу мың) теңге мөлшерінде;

Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүріп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткізу үшін жіберілген автомобиль батальондарының әскери қызметшілерге - 150 000 (бір жүз елу мың) теңге мөлшерінде;

бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлік тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшілерге - 150 000 (бір жүз елу мың) теңге мөлшерінде;

Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшілерге - 150 000 (бір жүз елу мың) теңге мөлшерінде.»

көрсетілген шешімнің 1-қосымшасының 6-тармағының 2),4),5),7 тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

2)  жан басына шаққандағы орташа кірісі ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын азаматтарға (отбасыларға) Үлгілік қағиданың 12 - тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, өтініш негізінде әлеуметтік көмек жылына бір рет - 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерінде;

      4) қатерлі ісіктер бойынша денсаулық сақтау ұйымдарда диспансерлік есепте тұрған адамдарға Үлгілік қағиданың 12-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарға қоса бере отырып, өтініш негізінде жан басына шаққандағы орташа кірісі есепке алынбай жылына бір рет - 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      5) денсаулық сақтау ұйымдарының есебінде тұрған, қатерлі ісіктермен байланысты аурулары бар балалардың ата-анасының біреуіне немесе өзге де заңды өкілдеріне Үлгілік қағиданың 12-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарға қоса бере отырып, өтініш негізінде жан басына шаққандағы орташа кірісі есепке алынбай жылына бір рет - 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      7) бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды санаториялық-курорттық емдеуді ұсынатын ұйымда болған кезінде алып жүретін адамдарға Қағидаларының 12-тармағының 1), 2)тармақшаларында көрсетілген құжаттарға қоса санаторий-курорттық ем алғандығын дәлелдейтін құжаттарын (санаторий-курорттық ем алғандығы туралы акті, шот фактура, түбіртек) ұсына отырып, өтініші негізінде жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынбай жылына бір рет - 55 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерінде;

  1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға таралады.

          

 

Мәслихат төрағасы

 

Қ.Мажиев

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                                                         

Махамбет аудандық мәслихатының «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 14 қыркүйектегі № 63 шешіміне толықтыру енгізу туралы
Дата публикации
03 января 2024