Атырау облысы Махамбет ауданы, Ақжайық ауылдық округі әкімі аппараты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша 2023 жылдың 11 айы бойынша талдамалық АНЫҚТАМА
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары Ақжайық ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 27 қарашадағы №75 «Жұмыс тобын құру туралы» өкімі негізінде жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары келесі жұмысшы тобымен жасақталды:
1) Ерманов Актурлан Ертурлиевич – ауылдық округ әкімі;
2) Даулеткалиев Жасулан Лесович – ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы;
3) Лұқпан Жәмила Толыбайқызы - ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман-есепшісі.
Талдау кезеңі: 2023 жылдың 3 қаңтар-30 қараша аралығы.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мерзімі: 2023 жылдың 28 қарашасы – 25 желтоқсан аралығы.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдаудың мәні:
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мерзімі: 2023 жылдың 28 қарашасы – 25 желтоқсан аралығы.
Талдау кезеңі: 2023 жылдың 3 қаңтар-30 қараша аралығы.
«Ақжайық ауылдық округі әкімі аппараты» ММ, Атырау облысы, Махамбет ауданы, Ақжайық ауылы. Махамбет көшесі №33
Ақжайық ауылдық округі әкімі аппараты құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітілген. Ақжайық ауылдық округі әкімі аппаратында штат саны бойынша 4 мемлекеттік қызметкер бар, бос лауазымдық орын жоқ. 2023 жылы 1 бас маман зейнеткерлік жасқа толуына байланысты жұмыстан бостылған. 2023 жылдың 01 желтоқсанына бастап, аудандық конкурстық комиссия отырысының 24.11.2023 жылғы №22 хаттамасының негізінде бас маман лауазымына 1 адам алынған.
Мекемеде мүдделер қақтығысы жоқ.
«Ақжайық ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі 6 мемлекеттік қызмет көрсетеді.
1) «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» Қызмет көрсету мерзімі- 13 жұмыс күні.
2023 жылдың 11 айында – өтініш түскен жоқ.
2) «Елді мекендер шегінде обьектілер салу үшін жер учаскелерін беру»
Қызмет көрсету мерзімі- 18 жұмыс күні.
2023 жылдың 11 айында -1 өтініш түскен.
3) «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою»
Қызмет көрсету мерзімі- 20 минут ішінде.
2023 жылдың 11 айында- өтініш түскен жоқ.
4) «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату»
Қызмет көрсету мерзімі- 5 жұмыс күні.
2023 жылдың 11 айында- 3 өтініш түсті.
5) «Сауда саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу»
Екінші кезең. Қызмет көрсету мерзімі- 3 жұмыс күні.
2023 жылдың 11 айында- өтініш түскен жоқ.
6) «Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту»
Қызмет көрсету мерзімі- 10 жұмыс күні.
«Ақжайық ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде рұқсат беру функциялары жоқ.
2023 жылдың 11 айында Ақжайық ауылдық округі әкімі аппаратына 11 өтініш түсіп, барлығына қолданыстағы заңға сәйкес жауап берілді. Келіп түскен өтініштердің барлығы жеке тұлғадан. Өтініштердің 6 жер қатынастары бойынша түсіп, барлығы қанағаттандырылды. 4 өтініш жеке мәселелер бойынша түскен. Барлық өтініш қанағаттандырылды.
«Ақжайық ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде Этика Кодексі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Заңының талаптары қатаң сақталады.
Сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын сыни материалдар жарияланған жоқ.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің қорытындылары
І.Кіріспе
басталды 2023 жылдың 28 қарашасы, аяқталды 25 желтоқсан.
ІІ. Ақпараттық-талдамалық бөлім
Мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субьектілерінің қызметінде сыбайлас жемқорлықтың туындауының себептері мен жағдайын сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштері.
Тұлғалардың қызметінде сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін жағдайлар мен себептер анықталмады.
ІІІ. Қорытынды бөлімі
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субьектілері қабылдаған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды жақсарту бойынша ұсынымдар.
Ақжайық ауылдық округі әкімі аппараты 2023 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.
ҰСЫНЫМДАР:
Мемлекеттік наградаға (Алтын алқа, Күміс алқа) ұсынылатын көп балалы аналарға арналған құжаттарды қабылдап, құжаттарды қараудың нақты мерзімі анықталмаған. Сондықтан мемлекеттік наградаға (Алтын алқа, Күміс алқа) ұсынылатын көп балалы аналарға арналған құжаттарды қабылдауды мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіміне енгізіп, нақты қарау мерзімін белгілеу туралы ұсыныс хат жолдау.
Ақжайық ауылдық округі әкімі А.Е.Ерманов
Ақжайық ауылдық округі әкімі
аппаратының бас маманы Ж.Л.Даулеткалиев
Ақжайық ауылдық округі әкімі
аппаратының бас маман-есепшісі Ж.Т.Лұқпан