2023 жылдың ІV-ші тоқсанында ауылдық округтердегі тұрғындар жиындарының қорытындысымен жасақталған ІС-ШАРА ЖОСПАРЫ

 

 

 

«БЕКІТЕМІН»

Махамбет    ауданы    әкімі ___________Қ.Е.Нұрлыбаев

 «____» _________ 2023 жыл

 

2023 жылдың ІV-ші тоқсанында ауылдық округтердегі тұрғындар

жиындарының қорытындысымен жасақталған

ІС-ШАРА ЖОСПАРЫ

№

Сұрақ қоюшы

Мәселенің

мазмұны

Жауапты орындаушылар

Орындалу мерзімі

Мәселелерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар

Алға ауылдық округі

1

Кушенов Таймус – Алға ауылының тұрғыны

Ауа райының қолайсыз күндері Алға ауылында электр жарығы жиі өшеді. Осыған орай, Ортақшыл ауылынан Алға ауылына жүргізілген әуе электр желісін жөндеуді сұрайды.

 Алға ауылдық округі әкімі,

Махамбет аудандық құрылыс, сәулет және қалақұрылысы бөлімі

2023-2024 жыл

Ортақшыл ауылынан Алға ауылына жүргізілген әуе электр желісін жөндеуге және Алға ауылынан  жаңадан тұрғын үй үшін жер  алаңына электр желісін жүргізуге 560 млн теңге қаржы қаралды. Жұмыс жүргізетін мердігер мекемемен келісім шарт жасақталып, құжаттар дайындалуда. Жұмыс 2024 жылы басталады  деп  күтілуде.

2

Алға ауылына арнайы өрт сөндіру автокөлігін бөлуді сұрайды

Махамбет ауданы әкімі аппараты,

Алға ауылдық округі әкімі

2023 жыл

Ағымдағы жылдың қазан айында облыстық Төтенше жағдайлар департаментінен қолданыста болған өрт сөндіру автокөліктері Алға және Бейбарыс ауылдық округтеріне пайдалануға берілді.

3

Балқасынов Мұңалбай – Алға ауылының тұрғыны

Алға ауылындағы су тазарту қондырғысына жәй жөндеу жұмыстарын жүргізуді сұрайды

Алға ауылдық округі әкімі,

Махамбет аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

2023-2024 жыл

Алға ауылындағы су тазарту қондырғысын қайта жаңғырту үшін  ЖСҚ жасақталып, сараптаманың оң қорытындысы алынды. Қазіргі уақытта  құрылыс жұмыстарын жүргізетін  мердігер мекемені анықтау үшін  мемлекеттік сатып алу рәсімдері өткізілуде. Мердігер мекеме анықталғаннан кейін тиісті жұмыстар жүргізілетін болады.

Сарайшық ауылдық округі

4

Сүйеуғалиев Бердіғұл – Сарайшық ауылының тұрғыны

Сарайшық ауылындағы Астана көшесіне жол салуды сұрайды

Сарайшық ауылдық округі әкімі,

Махамбет аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

2023-2024 жыл

Тапсырыс беруші Махамбет аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі арқылы Сарайшық ауылының ішкі жолдарын күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Мердігер мекеме «АтырауИнжСтрой» ЖШС-і. Қазіргі уақытта құм, шебень төсеу жұмыстары жүргізілуде. Сарайшық ауылының Астана көшесі жобада қарастырылған. Бұл жұмыстар 2024 жылы аяқталып, пайдалануға берілетін болады.

5

Сұлтанғалиева Ғалия – ескі Сарайшық ауылының тұрғыны

Қ.Қарашаұлы атындағы орта мектепке балаларды тасымалдау мақсатында автокөлік шығаруды сұрайды

Сарайшық ауылдық округі әкімі,

Махамбет аудандық білім бөлімі

2023 жыл

2023 жылдың 20 қарашадан бастап Қ.Қарашаұлы атындағы Сарайшық орта мектебінің автокөлік жүргізуші қызметіне Сарайшық ауылының тұрғыны жұмысқа қабылданып, оқушылар тасымалы ұйымдастырылуда.

6

Масқарбаев Қайрат – Сарайшық ауылының тұрғыны

Сарайшық ауылындағы «Бүлдіршін» балабақшасына дейін жолдың жиегіне жаяу жүргіншілер жолын салуды сұрайды

Сарайшық ауылдық округі әкімі,

Махамбет аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

2023-2024 жыл

«Проект Строй Инжинеринг» ЖШС-нің демеушілік есебінен жоба жасақталып, Сарайшық ауылына жол құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Аталған жобаға тапсырыс берушімен өзгерістер енгізу туралы шешім қабылданып, Сарайшық ауылының Н.Абуталиев және Қасымхан көшелеріне жаяу жүргіншілер жолын салу жоспарлануда. 

7

Есжанова Нұргүл – Сарайшық ауылының тұрғыны, көп балалы ана

Сарайшық ауылындағы А.Иманов көшесіне жол салуды сұрайды

Сарайшық ауылдық округі әкімі,

Махамбет аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

2023-2024 жыл

Тапсырыс беруші Махамбет аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі арқылы Сарайшық ауылының ішкі жолдарын күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Мердігер мекеме «АтырауИнжСтрой» ЖШС-і. Қазіргі уақытта құм, шебень төсеу жұмыстары жүргізілуде. Сарайшық ауылының А.Иманов көшесі жобада қарастырылған. Бұл жұмыстар 2024 жылы аяқталып, пайдалануға берілетін болады.

Есбол ауылдық округі

8

Сатбергенов Айбек – Еңбекшіл ауылының тұрғыны

Еңбекшіл ауылына жүргізіліп жатырған жазғы су мен таза судың желісі үшін қазылған шұңқырлар мен құдықтардың орнын көмуді сұрайды.

Есбол ауылдық округі әкімі,

Махамбет аудандық құрылыс, сәулет және қалақұрылысы бөлімі

2023 жыл

Еңбекшіл ауылына жазғы су мен таза су желісінің құрылыс жұмыстары 2024 жылы жалғасын табатын болады. Құрылыс жұмыстары аяқталғанша арнайы су желілеріне, құдықтар үшін қазылған жерлер жабылмайды. Ауыл тұрғындарынан түсіністікпен қарауды сұрайды.

Махамбет ауылдық округі

9

Байтанатов Жұмабек – Махамбет ауылының тұрғыны, зейнеткер

Аудандық аурухананың тұсынан салынған өткелдің айналасын тазалап, есігіне құлып салуды сұрайды.

Махамбет ауылдық округі әкімі

2023 жыл

Махамбет ауылы «Жасыл белдеу» қоршауынан салынған өткелдердің айналасы толықтай тазаланып, есіктеріне құлыптар салынды.

Бейбарыс ауылдық округі

10

Мұқашев Сүйеуғали – Бейбарыс ауылының тұрғыны, зейнеткер

Бейбарыс ауылының кірме жолының екі жағына көгалдандыру жұмыстарын жүргізуді сұрайды

Бейбарыс ауылдық округі әкімі

2023-2024 жыл

Бейбарыс ауылына кірме жолдың оң жағынан 2,4 шақырым жерге өтініш беріліп, құжаттары рәсімделуде. Көгалдандыру жұмысы жолдың оң жағына жүргізілетін болады. Кірме жолдың сол жағында газ желілері жүргізілген.

 

Дата публикации
29 декабря 2023