Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдардың тізбесі

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына 1-қосымша

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдардың тізбесі

С

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау объектісінің атауы:

«Махамбет ауданы әкімі аппараты» ММ

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне шалдыққан лауазым

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің деңгейі

Мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы, маманы және әзірлеуші органдардың басшылары

Номашығармашылық қызметін қамтамасыз ету

ҚР Кәсіпкерлік кодексінің
67-бабы мен
«Құқықтық актілер туралы»
ҚР Заңының 19-бабының
6-тармағына сәйкес НҚА жобаларын БАҚ-тарда жариялау не жарияламау қарама-қайшылығы

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындау деңгейі төмен

Мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы, маманы және әзірлеуші органдардың басшылары

Нормашығармашылық қызметін қамтамасыз ету

Қабылданатын НҚА-ды мүдделі мекемелермен келісу мерзімдерінің ұзақтығы

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындау ықтималдығы жоғары

Персоналды бағалау және кадр жұмысы бөлімінің басшысы, маманы

«Б» корпусының бос немесе уақытша бос лауазымдарына конкурс жариялау

«Б» корпусының босаған немесе уақытша босаған лауазымдарына ол босаған уақыттан бастап конкурс жариялаудың мерзімі Қағидада көзделмеуі

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындау ықтималдығы жоғары

Персоналды бағалау және кадр жұмысы бөлімінің басшысы, маманы, конкурстық комиссия мүшелері

Конкурстық комиссиямен қалыптастырылған сұрақтар тізімі

Кандидаттарға қойылатын сұрақтардың қағаз түрінде болуы және сұрақ таңдау еркіндігі

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындау ықтималдығы жоғары

Жалпы және шаруашылық бөлімінің басшысы, маманы және барлық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдардың басшылары, мамандары

Жолданымдармен жұмыс

Жолданымдардың мазмұндарына қарай жолданымның нақты бір түріне жатқызылу ерекшелігінің болмауы

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындау ықтималдығы жоғары

Аудан әкімі аппаратының құрылымдық бөлім басшылары, мамандары және барлық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдардың басшылары, мамандары

Тыңдау рәсімін жүргізу

Тыңдау рәсімін өткізетін төрағасы мен хатшысының қандай лауазымдар болу керектігінің көзделмеуі

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындау деңгейі төмен

Жалпы және шаруашылық бөлімінің басшысы, маманы және барлық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдардың басшылары, мамандары

Жеке қабылдау

Жеке қабылдау процесінің әлі күнге дейін жазбаша қағаз түрінде болуы

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындау ықтималдығы жоғары

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау объектісінің атауы:

«Махамбет аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне шалдыққан лауазым

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер

Сыбайлас жемқорлық тәекелдері

Бөлім басшысы

Жерді аймақтарға бөлу жобаларын (схемаларын) ауданның өкілді органдарына бекітуге табыс етеді;Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органның жер учаскелерін беру және олардың нысаналы мақсатын өзгерту жөніндегі ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындайды;Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару жөнінде ұсыныстар дайындайды;Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау, жерді мақсатты, тиімді пайдалануды бақылайды;Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін аукцион, конкурстармен өткізуді ұйымдастырады;Жерді аймақтарға бөлу жобаларын және ауданның (облыстық маңызы бар қалалардың) жерін ұтымды пайдалану жөніндегі бағдарламаларды, жобалар мен схемаларды әзірлеуді ұйымдастырады; Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің  кадастрлық (бағалау) құнын бекітеді;Жерді пайдалану мен қорғау мәселелеріне қатысты қалалық, аудандық бағдарламалардың, жобалар мен схемалардың сараптамасын жүргізеді.

 

ҚР Жер Кодексінің талаптарын сақтамау

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау объектісінің атауы:

«Махамбет аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне шалдыққан лауазым

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер

Сыбайлас жемқорлық тәекелдері

Бөлім басшысы

.Заңнамаларға сәйкес мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда бөлім атынан өкілдік етеді; Коммуналдық меншік және басқа да меншік иелерінің нысандарының құрылысын ұйымдастырады және коммуналдық саласында жүзеге асырылатын Қазақастан Республикасының Заңдарын орындайды; Ауданның коммуналдық меншігіне жататын нысандарын қайта жаңғырту, ағымдағы жөндеу жұмыстарына тапсырыс беруші ретінде техникалық қадағалау қызметтерін жүзеге асырады; Жұмыстың сапасын, оның жобаға сәйкестігін және атқарылған жұмысты пайдалануға қабылдауға бақылау және техникалық қадағалауды жүзеге асырады; Автомобиль жолдары жөніндегі мемлекеттік уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасай отырып, аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын, елді мекендер көшелері жолдарын басқарады; Азаматтардың арыз-шағымдары мен мемлекеттік көрсетілетін қызметті уақытында қаралуын бақылауды жүзеге асырады; Тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтылуын бақылайды; Кондоминиум  объектісін  басқару  органдары  ұсынған  кондоминиум  объектісінің ортақ  мүлкіне жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша  сметалық шығындардың заңдылығына сәкестігіне тексеріс жүргізу. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлері бойынша орындалған жұмыстарды қабылдау жөніндегі комиссияларға қатысу;

 

Мемлекеттік сатып алу Заңынынң талаптарын сақтамау

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау объектісінің атауы:

«Махамбет аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне шалдыққан лауазым

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер

Сыбайлас жемқорлық тәекелдері

Бөлім басшысы

Бюджеттік бағдарламалар бойынша қаржыландырылатын жұмыстарды ұйымдастырады және бақылайды;Басқа да бақылаушы органдардың қатысуымен құрылыс нысандарында инженерлік-құрылыс нормаларының сақталуын және құрылыс сапасын бақылайды;Жобалық-сметалық құжаттарды дайындауға және апатты жағдайлар мен төтенше жағдайлардың салдарын жоюға қатысады;Азаматтардың арыз-шағымдары мен мемлекеттік көрсетілетін қызметті уақытында қаралуын бақылауды жүзеге асырады;Құрылысты жобалау, жаңғырту, өндірістік немесе өндірістік емес нысандары, тұрғын үй азаматтық құрылыс нысандарын пайдалануға, қабылдауға белгіленген тәртіппен қатысады;Аудан көлемінде қала құрылысы мақсатында арналған жер учаскелерін бөлуін, мақсатты пайдалануын бақылайды;Жерді пайдалану мен қорғау мәселелеріне қатысты қалалық, аудандық бағдарламалардың, жобалар мен схемалардың сараптамасын өткізуге қатысады;

ҚР Мемлекеттік сатып алу заңын және Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексінің талаптарын сақтамау

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау объектісінің атауы:

«Махамбет аудандық экономика және қаржы бөлімі» ММ

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне шалдыққан лауазым

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері

           Сектор меңгерушісі

Коммуналдық  меншік мүлкін жекешелендіру, мүлікті жалдауға, сенімгерлік басқаруға беру, уақытша өтеусіз пайдалануға және кепілге беру бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;Коммуналдық мүліктердің пайдалануын, сақталуын, сенімгерлік басқару және жекешелендіру шарттарының орындалысын, сондай-ақ аудандық атқарушы органдар кәсіпорындардың таза табысының бөлінуін бақылайды;Бақылау нәтижелерімен ұсыныстар дайындайды;Коммуналдық меншіктегі заңды тұлғаларды құру, қайта ұйымдастыру және тарату бойынша ұсыныстарды қарайды, қорытынды береді;Коммуналдық мүлікті басқару тиімділігінің мониторингін жүргізеді;Жекеленген негіздер бойынша коммуналдық меншікке айналдырылған (түскен) мүліктерді пайдалану бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;

 

Мемлекеттік мүлік туралы Заңынынң талаптарын сақтамау

 

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау объектісінің атауы:

«Махамбет аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» ММ

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне шалдыққан лауазым

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері

Бөлім басшысы

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы», «Халықты жұмыспен қамту туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы Заңдарын және салаға қатысты басқада нормативтік актілерін жүзеге асыру бағытында жұмыстар атқарады.

 

Бюджет қаражатын дұрыс пайдаланбау; жасырын қызмет түрі

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдардың тізбесі
Дата публикации
08 ноября 2023