«Махамбет аудандық мәслихатының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы №193 «2023–2025 жылдарға арналған ауылдық округтердің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәслихат шешімі жобасына ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

 

«Махамбет аудандық мәслихатының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы №193 «2023–2025 жылдарға арналған ауылдық округтердің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәслихат шешімі жобасына

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

 

№

Түсініктеме жазбада көрсетілілуі тиісті мәліметтердің тізбесі

Мемлекеттік орган –жасаушының ақпараты

1.

Әзірлеуші  мемлекеттік органның атауы

«Махамбет аудандық экономика және қаржы бөлімі» ММ

2.

Тиісті құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Президенттің, Президент Әкімшілігі, Үкімет және Үкімет Аппараты басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына сілтеме жасай отырып, жобаны қабылдау үшін негіздемелер және/немесе оны қабылдау қажеттігінің басқа да негіздемелері.

Аудандық мәслихаттың шешімінің жобасы Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы  Бюджет кодексіне және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес әзірленді. Қазақстан Республикасы бюджет кодексінің 106, 108 баптарына жергілікті атқарушы органның бастамшылығы бойынша ағымдағы қаржы жылы ішінде тоқсанына бір-ақ рет жергілікті бюджетті нақтылауға жол беріледі. Мәслихат сессиясының қарауына енгізу үшін 2023-2025 жылдарға арналған ауылдық округтердің бюджеттерін нақтылау бойынша аудандық мәслихаттың шешімінің жобасы дайындалды.

3.

Жоба бойынша қаржы шығындарының қажеттігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай-ақ қажет болған жағдайда Республикалық бюджет комиссиясының шешімі (тиісті есеп-қисаптар, қаржыландыру көзіне сілтеме, Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесі міндетті түрде түсіндірме жазбаға қоса беріледі).

Қаулы жобасын жүзеге асыру республикалық және жергілікті бюджеттен қаржы шығындарын қажет етпейді

4.

 Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге салдар, сондай-ақ жоба ережелерінің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпалы.

Қаулының жобасын қабылдау жағымсыз әлеуметтіқ-экономикалық және/немесе құқықтық зардаптарына әкеліп соқтырмайды.

5.

Нақты мақсаттар мен күтілетін нәтижелердің мерзімдері

Жергілікті атқарушы органға жүктелген міндеттерді іске асыру мақсатында елді мекендердегі автомобиль жолдарын және коммуналдық шаруашылықты дамыту, қысқы мерзімге дайындық жұмыстарын жүргізуге бюджет қаражатын бағыттау. Күтілетін нәтижелер мерзімі 2023 жылы ішінде. Болжанатын тиімділік жергілікті атқарушы органның іс-шараларын уақытында жүзеге асыру.

6.

Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер.

Жоқ

7.

Енгізілетін жоба қабылданған жағдайда заңнаманы оған сәйкес келтіру қажеттігі (басқа нормативтік құқықтық актілерді қабылдау немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу талап етілетін-етілмейтінін көрсету) не ондай қажеттіліктің болмауы.

Жоқ

8.

Нормативтік құқытық актінің жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы ақпарат (күні, байт саны).

 

9.

Әлеуметтік маңызы бар нормативтік құқықтық актінің жобасына түсіндірме жазбаны уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастыру туралы ақпарат.

Жоқ

10

Нормативтік құқықтық акті жобасының Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі.

Жоқ

11.

Нормативтік құқықтық акті жобасының қолданысқа енгізілуіне байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығынының азаюын және (немесе) ұлғаюын растайтын есеп-қисаптар нәтижелері.

Жоқ

 

 

Аудандық экономика

және қаржы бөлімінің басшысы                                                                  Е.Құлмағамбетов

 

 

«Махамбет аудандық мәслихатының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы №193 «2023–2025 жылдарға арналған ауылдық округтердің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәслихат шешімі жобасына ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
Дата публикации
31 октября 2023