Махамбет ауылы селоМахамбет
Махамбет аудандық мәслихатының 2022 жылғы 27 желтоқсандағы №189 «2023– 2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Махамбет аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2023 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер –15 806 766 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер –3 923 391 мың теңге;
салықтық емес түсімдер –43 541 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 11 319 мың теңге;
трансферттер түсімдері – 11 828 515 мың теңге;
2) шығындар – 16 509 426 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 4 544 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 20 700 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 16 156 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 0 теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - - 707 204 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 707 204 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімі - 20 700 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 16 156 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 702 660 мың теңге.
2 - тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«2. 2023 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджеттен – 10 200 751 мың теңге сомасында нысаналы трансферт көзделгені ескерілсін, оның ішінде:
халықты, объектілер мен аумақтарды табиғи дүлей зілзалалардан инженерлік қорғау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге - 4 014 882 мың теңге;
инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға және (немесе) жайластыруға – 2 654 378 мың теңге;
елді мекендердегі сумен жабдықтау жүйелерін дамытуға – 250 961 мың теңге;
спорт нысандарын дамытуға – 193 642 мың теңге;
коммуналдық шаруашылықты дамытуға – 11 700 мың теңге;
көліктік инфрақұрылымды дамытуға – 1 300 000 мың теңге;
мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті төлеуге -32 546 мың теңге;
қатты тұрмыстық қалдықтар полигонына қоқыстарды сұрыптау кешенін орнатуға және ангар сатып алуға – 129 500 мың теңге;
елді мекендерді абаттандыруға және көгалдандыруға – 25 700 мың теңге;
әлеуметтік қорғау ұйымдарының ағымдағы шығындарына – 38 209 мың теңге;
мәдениет ұйымдарының ағымдағы шығындарына және материалдық- техникалық жарақтандыруға – 28 176 мың теңге;
азаматтардың жекелеген санаттарына тұрғын үй сатып алуға – 612 000 мың теңге;
елді мекендерде халықтың экологиялық ағарту насихаттау жұмыстарын жүргізуге – 5 000 мың теңге;
автомобиль жолдарын күрделі жөндеуге – 902 557 мың теңге;
жаңадан сайланған аудандық мәслихат депуттаттарының біліктілігін арттыру семинарына қатысу шығындарына – 1 500 мың теңге.».
4 – тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«4. 2023 жылға арналған аудандық бюджетте ауылдық округтер бюджеттеріне – 128 418 мың теңге сомасында нысаналы трансферттер көзделсін, оның ішінде:
елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастыруға – 46 219 мың теңге;
елді мекендерді абаттандыруға – 11 150 мың теңге;
елді мекендердің санитариясын қамтамасыз етуге – 24 211 мың теңге;
ауылдық округ әкімі аппаратының ағымдағы және күрделі шығындарына – 12 242 мың теңге;
мәдениет ұйымдарының ағымдағы және күрделі шығындарына – 25 291 мың теңге;
елді мекендердің автомобиль жолдарын күрделі және орташа жөндеуге – 7 000 мың теңге;
жекешелендіру, коммуналдық мүлікті басқаруды ұйымдастыруға - 600 мың теңге;
қысқы мерзімге дайындық жұмыстарын жүргізуге - 1 705 мың теңге.».
Аудандық мәслихат төрағасы Қ.Мажиев