Махамбет ауданы бойынша шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы

Махамбет ауданы бойынша шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы

 

         «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-10-тармағына, «Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі №181 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33110 болып тіркелген) және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес, Махамбет аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Махамбет ауданы бойынша шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелері туристерді орналастыру орындарында болған әрбір тәулік үшін айлық есептік көрсеткіштің 0,2 мөлшерінде бекітілсін.
  2. Махамбет аудандық мәслихатының 2023 жылғы 7 сәуірдегі № 18 «Махамбет ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы» шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 4995-06 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
  3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.  

 

 

Мәслихат төрағасы                                                                          Аты-жөні

Махамбет ауданы бойынша шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы
Дата публикации
04 октября 2023