2023 жылдың ІІІ-ші тоқсанында ауылдық округтердегі тұрғындар жиындарының қорытындысымен жасақталған ІС-ШАРА ЖОСПАРЫ

 

 

 

«БЕКІТЕМІН»

Махамбет    ауданы    әкімі ___________Қ.Е.Нұрлыбаев

 «____» _________ 2023 жыл

 

2023 жылдың ІІІ-ші тоқсанында ауылдық округтердегі тұрғындар

жиындарының қорытындысымен жасақталған

ІС-ШАРА ЖОСПАРЫ

№

Сұрақ қоюшы

Мәселенің

мазмұны

Жауапты орындаушылар

Орындалу мерзімі

Мәселелерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар

Бейбарыс ауылдық округі

1

Сарсенгалиев Марат - Бейбарыс ауылының тұрғыны.

Бейбарыс ауылындағы жаңадан инфрақұрылым жүргізілген жерлерден жер беруді сұрайды.

Бейбарыс ауылдық округі әкімі,

Махамбет аудандық жер қатынастары бөлімі

2023 жыл

Күні бүгін Бейбарыс ауылы жерінде орналасқан жеке тұрғын үй құрылысы үшін дайындалған алаңға кезектілікке сәйкес жер бөлу мақсатында Бейбарыс ауылдық округі әкім аппаратынан тізім мен қоса өтініштер алынып, жер таңдау актілері дайындалды. Қазіргі уақытта жер таңдау актілерін Бейбарыс ауылдық округі әкіміне тізбесін дайындап жолдау жұмыстары жүргізілуде. Толық аяқталғаннан кейін Бейбарыс ауылдық округі әкімі тұрғындарға бөлінген жер учаскелердің құжаттарын иелеріне табыстайтын болады.

2

Ербол Сәдуұлы - Талдыкөл ауылының тұрғыны

Талдыкөл ауылындағы ауылішілік көшелерде жанбай тұрған түнгі жарық шамдарын іске қосуды сұрайды.

Бейбарыс ауылдық округі әкімі

Үнемі

Бейбарыс ауылдық округінің түнгі көше жарық шамдарына қызмет көрсету бойынша 919 919 теңгеге «Рустам» жеке кәсіпкерімен келісім шарт жасақталды. Келісім шартта көрсетілген талаптарды орындамағаны үшін келісім шарт бұзылып, ісі сотқа берілді. Сот шешіміне сәйкес алдағы уақытта анықталатын түнгі жарық шамдарына қызмет көрсететін мердігер мекеме Талдыкөл ауылының жанбай тұрған түнгі жарық шамдарын іске қосатын болады.

3

Талдыкөл ауылындағы құрылыс жұмыстары жүріп жатырған ашық спорт алаңының жұмыстарын бақылауға алуды сұрайды.

Бейбарыс ауылдық округі әкімі,

Махамбет аудандық құрылыс, сәулет және қалақұрылысы бөлімі

2023 жыл

Талдыкөл ауылындағы ашық спорт алаңының жері тегістеліп, бағаналар орнатылды. Құрылыс жұмыстары аяқталғанша үнемі бақылауда болады.

Ақтоғай ауылдық округі

4

Еспосынов Мүрсәлім - Ақтоғай ауылының тұрғыны, зейнеткер

Ақтоғай ауылының кірме жолын салуды сұрайды

Ақтоғай ауылдық округі әкімі,

Махамбет аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі,

2023-2024 жыл

Ақтоғай ауылының 2,1 шақырым кірме жолын күрделі жөндеу мақсатында ЖСҚ жасақталып, мемлекеттік сараптамадан өтті. Қажетті қаржысы бөлініп, мемлекеттік сатып алу порталына жарияланды. Құрылыс жұмыстарын жүргізу мердігері болып «Team Development» ЖШС-і анықталып,  келісім шарт жасақталды. Ағымдағы жылы күрделі жөндеу жұмыстары басталады.

Сарайшық ауылдық округі

5

Амиров Қабіржан - Сарайшық ауылының тұрғыны

"Медицина" АҚ-на берілген жерлерге тексеру жұмыстарын жүргізуді сұрайды.

Сарайшық ауылдық округі әкімі,

Махамбет аудандық жер қатынастары бөлімі

2023 жыл

Сарайшық ауылдық округі жерінде орналасқан жалпы жер көлемі 621,0 гектарды құрайтын 4 жер учаскесінің меншік иесі азамат Мирзоев Искандер Рашидовичтің жер учаскесін тексеріп игермеген жағдайда мемлекет тарапына кері қайтару үшін шарасын алу мақсатында Атырау облысының Жер ресурстарын басқару департаментіне хат жолданды.

6

Сарайшық ауылдық дәрігерлік емханасын "Жедел жәрдем" автокөлігімен қамтамасыз етуді сұрайды.

Сарайшық ауылдық округі әкімі,

«Махамбет аудандық аурухана» ШЖҚ КМК

2023 жыл

«Махамбет аудандық аурухана» ШЖҚ КМК мекемесінің Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасына қажетті жаңа автокөліктерге жолдаған сұранысы қанағаттандырылып, қаралған қаржыға жаңа автокөліктер сатып алу мақсатында мемлекеттік сатып алу порталына жарияланды. «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімге сәйкес (14.09.2023) әлеуетті өнім берушіге шарт жіберіліп, шартқа қол қойылғаннан кейін 90 күнтізбелік күн ішінде жеткізіледі. 

Ақтоғай ауылдық округі, Бала Ораз елді мекені

7

Рахметова Гулбаршын – «Бала Ораз» елді мекені тұрғыны.

«Бала Ораз» елді мекеніне ауыз су желісін жүргізуді сұрайды.

Ақтоғай ауылдық округі әкімі,

Махамбет аудандық құрылыс, сәулет және қалақұрылысы бөлімі

2023-2024 жыл

«Бала Ораз» елді мекенін ауыз сумен жабдықтау үшін қазіргі таңда жобалау-сметалық құжаттама жасақталып, сараптамадан өтуде. Қыркүйек айының аяғына дейін сараптама қорытындысын алу жоспарлануда. Сараптама қорытындысын алынғаннан кейін бюджеттен қаражат бөлінуіне қарай құрылыс жұмыстары жүргізілетін болады.

8

Аташева Батиха – «Атамбаев» елді мекені тұрғыны

«Атамбаев» елді мекеніне Ақбұлақ таза су құбырын жүргізуді сұрайды.

Ақтоғай ауылдық округі әкімі,

Махамбет аудандық құрылыс, сәулет және қалақұрылысы бөлімі

2023-2024 жыл

«Атамбаев» елді мекенін ауыз сумен жабдықтау үшін қазіргі таңда жобалау-сметалық құжаттама жасақталып, сараптамадан өтуде. Қыркүйек айының аяғына дейін сараптама қорытындысын алу жоспарлануда. Сараптама қорытындысын алынғаннан кейін бюджеттен қаражат бөлінуіне қарай құрылыс жұмыстары жүргізілетін болады.

Ақтоғай ауылы

9

Есқазиев Қуаныш - Ақтоғай ауылының тұрғыны

Ақтоғай ауылындағы жанбай тұрған түнгі жарық шамдарын іске қосуды сұрайды

Ақтоғай ауылдық округі

Үнемі

Ақтоғай ауылында тұрғын үйлердің ауласында орналасқан көше шамдарының істен шыққан жарық шамдарын қазан айының соңына дейін  көше жарығына техникалық қызмет көрсетуші ЖК «Зейнов Н.»  ауыстыру-қондыру жұмыстарын жүргізеді.

 

3-тоқсан іс-шара
Дата публикации
29 сентября 2023