Махамбет аудандық экономика және қаржы бөлімінде жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындысы бойынша 2023 жылдың 8 айындағы жай-күйі туралы ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

Махамбет аудандық экономика және қаржы бөлімінде жүргізілген

сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындысы

бойынша 2023 жылдың 8 айындағы

жай-күйі туралы

ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

 

          Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы             №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына, Махамбет аудандық экономика және қаржы бөлімінің 2023 жылғы 16 тамыздағы №205-1 «Жұмыс тобын құру туралы» бұйрығына сәйкес, Махамбет аудандық экономика және қаржы бөлімінің қызметіне 2023 жылдың қаңтар айы мен 2023 жылдың тамыз айы аралығындағы жұмыс кезеңіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

          Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындысы бойынша талдамалық анықтама төмендегі жұмыс тобымен жасақталды:

Нигметова Қамқа Мадғалиқызы – топ жетекшісі, бөлім басшысының орынбасары;

Лукпанов Капиз Адильбекович – топ мүшесі, экономика жөніндегі бас маманы;

Танатарова Салтанат Рахметжанқызы – топ мүшесі, мемлекеттік сатып алу және коммуналдық мүлікті басқару секторының меңгерушісі;

Қайырбаева Элеонора Жанұзаққызы – мемлекеттік сатып алу және коммуналдық мүлікті басқару жөніндегі бас маманы;

Мұхамедиярова Дина Ерсайынқызы – топ мүшесі, қаржыландыру жоспарын жүргізу және талдау жөніндегі бас маман;

Кошмагамбетова Гулжанат Маратовна – топ мүшесі, бюджеттік және қаржылық есеп беру бойынша бас маманы.

          Махамбет аудандық экономика және қаржы бөлімінің қызметтерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыты бойынша:

          Махамбет аудандық экономика және қаржы бөлімінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілері:

- 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының №414-V «Еңбек Кодексі»;

- «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының                         №120-VI Кодексі;

- «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» Қазақстан Республикасының              2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95-IV Кодексі;

- «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №416-V Заңы;

- «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы                        № 153 Жарлығы;

- 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» №148 Заңы;

- «Қазақстан Республикасының Әкімшілік Рәсімдік-Процестік Кодексі» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы 350-VI ҚРЗ Кодексі;

- «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы  Қазақстан Республикасының №434-V Заңы;

- «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы                             1 наурыздағы №413-IV Заңы;

-  «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі                              №242 Заңы;

- «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ;

- «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» 2015 жылғы 31 желтоқсандағы  Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1193 қаулысы;

- «Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемақылар белгілеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы №1127 қаулысы;

- Жекешелендіру бойынша ауылдық округ әкімдерінің басқаруына берілген ауылдық коммуналдық мүліктерден тозығы жеткен, пайдалануға жарамсыз, қайта жөндеу экономикалық жағынан тиімсіз нысандар (автокөліктер, ғимараттар) сауда - саттыққа шығарылып келеді. Барлық сауда саттық аукцион тәсілімен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы №920 қаулысымен бекітілген «Жекешелендіру объектілерін сату» қағидасына сәйкес госреестр веб-порталы арқылы электронды түрде жүзеге асырылады;

- Осы Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидалары "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңына әзірленді және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 26 мамырдағы №85 «Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен жүзеге асырылады;

- «Cыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу қағидасын бекіту туралы» қағидасы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы                        28 қыркүйектегі №1103 қаулысы;

- Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген және дүлей зілзалалар мен авариялар салдарынан физикалық немесе моральдық тозуынан жарамсыз болған, негізгі құрал-жабдықтарға (активтерге) жататын мемлекеттік мүліктің жекелеген түрлерінің бұзылуын және жойылуын ресімдеу тәртібін  «Дүлей зілзалалар мен авариялар салдарынан физикалық немесе моральдық тозуынан жарамсыз болған мемлекеттік мүліктің жекелеген түрлерінің бұзылуын және жойылуын ресімдеу қағидасын бекіту туралы» қағидасы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары –Қаржы министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы №721 бұйрығы;

- «Жекешелендірудің 2021 – 2025 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы №908 қаулысы;

- «Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрi пайдаланудың кейбiр мәселелерi» қағидасы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы                            26 шілдедегі №833 қаулысы;

- «Мүлікті тәркілеу бөлігінде қылмыстық іс бойынша сот үкімі негізінде не мүлікті мемлекетке беру туралы шешім негізінде тыйым салынған мүлікті өткізу немесе пайдалану» қағидасы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы               30 наурыздағы №227 бұйрығы;

- «Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлік туралы мәліметтердің нысанын, оларды ұсыну қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының 2019 жылғы 19 ақпандағы № 1 бұйрығы;

- Мемлекеттік сатып алу мемлекеттік тұлғалардың бюджет қаржысы немесе өздерінің меншікті қаражаттары есебінен тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді бәсекелестік ортадан сатып алуы болып табылады. Мемлекеттік сатып алу «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР - ның 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Заңымен, ҚР-сы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №648 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларымен және өзге де нормативтік құқықтық актілермен реттеледі;

- «Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбелерін анықтау туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 1127 бұйрығы;

- «Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 31 мамырдағы № 521 бұйрығы;

- «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы №540 бұйрығы;

- «Камералдық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы №598 бұйрығы;

- «Бюджеттік мониторинг жүргізу нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 30 қарашадағы №629 бұйрығы;

- «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 25 қарашадағы №725 бұйрығы;

- «Бюджеттік жоспарлау және бюджеттерді атқару сатыларында азаматтық бюджетті жасау мен ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 9 қаңтардағы №15 бұйрығы;

- «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы                               18 қыркүйектегі № 403 бұйрығы;

- «Мемлекеттік мекемелердің, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттік есептілікті жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 630 бұйрығы;

- «Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдардың шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы                           6 желтоқсандағы № 640 бұйрығы;

- «Мемлекеттік мүліктің тізілімін жасау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі                       № 1115 Қаулысы;

- «Ғимараттар мен құрылыстарды техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерге жатқызудың жалпы тәртібін айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің                         2015 жылғы 28 ақпандағы № 165 бұйрығы;

- «Мемлекеттік сатып алудың арнайы тәртібін анықтау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы № 127 қаулысы;

- «Тауарларды өндіретін және (немесе) беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері мен Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерінің тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы   № 1181 қаулысы;

- Махамбет аудандық әкімдігінің 2022 жылғы 19 желтоқсандағы №339 қаулысымен бекітілген «Махамбет аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесі».

Талдау анықтамасы бойынша нормативтік-құқықтық актілердің нормалары арасында қайшылықтар, коллизиялар мен олқылықтар, нормалардың қайталануы, сыбайлас жемқорлық әрекеттерді жасау және (немесе) шешім қабылдау мүмкіндігін туғызатын сыбайлас жемқорлыққа бейім нормалар (норма ақаулары) анықталмаған.

          Дискрециялық өкілеттіліктер мен нормалардың болуы анықталған жоқ.

 

Махамбет аудандық экономика және қаржы бөлімінің қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілерді және құқықтық актілерде анықталған сыбайлас жемқорлық  тәуекелдері:

1) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы                             16 қаңтардағы  №17 «Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын  және Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқарудың үлгілік шартын бекіту туралы» бұйрығы 34-тармағына (4-абзац), егер объектіні кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беру бойынша тендерге немесе жабық тендерге қатысуға жалғыз қатысушы жіберілген жағдайда, құрылтайшы онымен өтінім тендерлік құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес келген жағдайда, тендер шарттарының және қатысушының тендерлік ұсынысының талаптарымен шарт жасай алады.

      Алайда, аталған тармақта тендерге қатысушымен шарт жасау және жасамау мүмкіндігі де рұқсат етіледі. Бұл мәселені құрылтайшы өз мүдделерінен шығып шеше алады.

    Осыған байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туындауы мүмкін.

    Ұсыным:Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы №17 «Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын және Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқарудың үлгілік шартын бекіту туралы» бұйрығы 34 – тармағы 4 абзацын алып тастауға қатысты ұсыныспен хат жолдау.

   2)  Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылдың 28 қарашасындағы №438 Жарлығымен жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасымен жергілікті өзін-өзі басқарудың функцияларын кеңейту арқылы жергілікті маңызы бар мәселелерді халықтың дербес шешуін қамтамасыз ету бойынша нормалар бекітілді.

    Осыған орай, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына (бұдан әрі – Заң) өзгерістер енгізілді. Заңның 7-бабы 4-тармағының, 18-1 бабының нормаларына сәйкес аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкіне иелік етеді және басқарады.

     Алайда, Заңның 10-бабымен жергілікті өзін-өзі басқарудың мүлігін облыстық коммуналдық мүлік деңгейіне беру немесе керісінше беру тәртібі реттелмеген.

    Осыған байланысты, жергілікті өзін-өзі басқарудың мүлігін облыстық коммуналдық мүлік деңгейіне беру немесе керісінше беру рәсімін жүргізу барысында жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғалары аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігіне жүгінуі қажет.

   Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 616 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидасында республикалық меншіктен мүлікті жергілікті өзін-өзі басқарудың меншігіне беру тәртібі реттелмеген.

   Өз кезегінде, республикалық меншіктен мүлікті жергілікті өзін-өзі басқарудың меншігіне беру барысында жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғалары облыс әкімдігіне жүгінуі қажет.

Бұл мәселені аудан (облыстық маңызы бар қала), облыс әкімдіктері өз мүдделерінен шығып шеше алады.

    Осыған байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туындауы мүмкін.

   Ұсыным:Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының             10-бабына өзгеріс енгізуге қатысты ұсыныс хат жолдау.

3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 615 қаулысымен бекітілген «Дүлей зілзалалар мен авариялар салдарынан физикалық немесе моральдық тозуынан жарамсыз болған мемлекеттік мүліктің жекелеген түрлерінің бұзылуын және жойылуын ресімдеу қағидасын бекіту туралы» қағидалардың 15 тармағына сәйкес, мемлекеттік заңды тұлғалардың мүлкін есептен шығаруға үш данада жасалған актілерді күнтізбелік жеті күн ішінде мемлекеттік заңды тұлға басшысының не оның міндетін атқаратын тұлғаның шешімімен құрылатын тұрақты жұмыс істейтін комиссия мынадай құжаттарды қоса бере отырып, келісуге жібереді.

      1) Комиссия хаттамасы;

       2) авария жағдайында - тиісті лауазымды адам жасаған және бекіткен оқиға актісінің немесе оқиға болған жерді қарау хаттамасының көшірмесі;

       3) дүлей зілзала жағдайында - табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың туындауына әкеліп соққан авариялардың, зілзалалардың, апаттардың себептерін тексеру актісінің көшірмесі.

    Алайда, жабдықтың және басқа мүліктің ақаулары, кемшіліктері, ақауларына қатысты шынайы деректерді ұсынбау мәселері туындайды.   

   Уәкілетті органның жауапты тұлғасы бұл мәселені өз мүдделеріне сүйене отырып шеше алады.

   Осы ретте сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туындауы мүмкін.

   Ұсыным:   Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 615 қаулысымен бекітілген «Дүлей зілзалалар мен авариялар салдарынан физикалық немесе моральдық тозуынан жарамсыз болған мемлекеттік мүліктің жекелеген түрлерінің бұзылуын және жойылуын ресімдеу қағидасын бекіту туралы» қағидалардың 15 тармағына «Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жабдықтарды және басқа да мүлікті пайдалану мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы тиісті мамандардың қорытындысы». (атауын, шығарылған жылын (теңгерімге түскен жылын), түгендеу нөмірін көрсете отырып) тиісті  тармақмашасына  ұсыныс енгізу бойынша ұсыныс хат жолдау.

4) Мемлекеттік мүлікті өтеусіз беру «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 76,77,119-1,119-2,119-3, 120-баптарымен көзделген жағдайларда жол беріледі.

      Қолданыстағы заңнама нормаларымен өзге жағдайларда мемлекеттік мүлікті өтеусіз пайдалануға беру көзделмеген.

       Бұл ретте, облыстың жергілікті атқарушы органдарының атына мемлекеттік емес заңды және жеке тұлғаларға коммуналдық меншік объектілерін өтеусіз негізінде беру туралы көптеген өтініштер келіп түседі.

      Ұсыным:Жоғарыда баяндалғанның негізінде қазіргі уақытта мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға немесе сенімгерлік басқаруға беруге ұқсас мемлекеттік мүлікті өтеусіз пайдалануға беру туралы Қағидаларды заңнамалық деңгейде әзірлеудің өткір қажеттілігі туралы Атырау облысы мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасына хат жолдау.

5) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы №207 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мүлік тізілімін жүргізу қағидаларына және Мемлекеттік мүлік тізіліміне есепке алу объектілері деректерін енгізудің бірыңғай әдістемесіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы №636 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік мүлікке түгендеу, паспорттау және қайта бағалау жүргізудің бірыңғай әдістемесіне сәйкес мемлекеттік заңды тұлғалар жыл сайын мемлекеттік мүлік тізіліміне Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 1 тамыздағы №468 бұйрығымен бекітілген «Активтер мен үй-жай алаңын түгендеу жүргізу есебін» және қаржылық есептілікті ұсынуға міндетті.

       Сонымен қоса, ҚР заңнамасында жоғарыда аталған есептілікті ұсынбағаны үшін мемлекеттік ұйымдағы лауазымдық тұлғалардың жауапталығы көзделмеген.

    Ұсыным:Қазақстан Республикасындағы Заңнамасындағы осы олқылықты жою үшін Атырау облысы экономика және қаржы басқармасына есептілікті ұсыныбағаны үшін жауаптылықты анықтау бойынша мәселені бастамашылық ету туралы хат жолдау қажет.

 

          Махамбет аудандық экономика және қаржы бөлімінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыты бойынша:

1) персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы – бөлімнің жалпы штат саны 8 бірлікті құрайды, нақты штат саны – 8 бірлік.

Бөлім басшысы 2014 жылдың қаңтарынан бастап тұрақты қызмет атқаруда.

Бөлім басшысының орынбасары: штат саны 1 бірлік, тұрақты қызмет атқаруда.

Бюджет жөніндегі бас маман, штат саны 1 бірлік.

Мемлекеттік сатып алу және коммуналдық мүлікті басқару секторында 2 бірлік, сектор меңгерушісі тұрақты қызмет атқаруда және бас маманның штат саны 1 бірлік;

Бюджеттік және қаржылық есеп беру бойынша бас маман, штат саны 1 бірлік, тұрақты қызмет атқаруда.

Қаржыландыру жоспарын жүргізу және талдау жөніндегі бас маман, штат саны 1 бірлік, тұрақты қызмет атқаруда.

Экономика жөніндегі бас маман, штат саны 1 бірлік, тұрақты қызмет атқаруда;

2) мүдделер қақтығысын реттеу – ағымдағы жылдың 31 тамыз жағдайы бойынша мүдделер қақтығысы орын алған жоқ;

3) мемлекеттік қызмет көрсету - бөлім бойынша мемлекеттік қызмет көрсетілмейді;

4) рұқсат беру функцияларын іске асыру – бөлімде рұқсат беру функциясы іске асырылмайды;

5) бақылау функцияларын іске асыру – бөлімде бақылау функциялары іске асырылмайды.

Талдау нәтижесі бойынша құқықбұзушылықтар анықталған жоқ;

6) бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер – жоқ;

7) бөлімге қатысты мемлекеттік органдардың бұрын жүргізген тексеру нәтижелері – бөлімге қатысты тексерістер жүргізілген жоқ;

8) бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар - қызметкерлердің заңға қайшы әрекеттері мен теріс іс-қимылдарын әшкерлейтін материалдар жарияланған жоқ;

9) бөлімге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері – бөлім қызметкерлеріне қатысты сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалар тарапынан өтініштер түскен жоқ;

10) прокурорлық қадағалау актілері – прокурорлық кадағалау актілері бойынша ескертулер болған жоқ;

11) сот актілері – бөлім бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қатысты сот актілері түскен жоқ.

 

Қорытынды:

           Талдау барысында бөлімде анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша ҰСЫНЫМДАР:

          1) Аудан әкіміне Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы №17 «Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын және Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқарудың үлгілік шартын бекіту туралы» бұйрығы 34 – тармағы 4 абзацын алып тастауға қатысты ұсыныспен хат жолдау;

          2) Аудан әкіміне Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының  10-бабына өзгеріс енгізуге қатысты ұсыныс хат жолдау;

          3) Аудан әкіміне Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 615 қаулысымен бекітілген «Дүлей зілзалалар мен авариялар салдарынан физикалық немесе моральдық тозуынан жарамсыз болған мемлекеттік мүліктің жекелеген түрлерінің бұзылуын және жойылуын ресімдеу қағидасын бекіту туралы» қағидалардың 15 тармағына «Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жабдықтарды және басқа да мүлікті пайдалану мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы тиісті мамандардың қорытындысы». (атауын, шығарылған жылын (теңгерімге түскен жылын), түгендеу нөмірін көрсете отырып) тиісті  тармақмашасына  ұсыныс енгізу бойынша ұсыныс хат жолдау;

          4) Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға немесе сенімгерлік басқаруға беруге ұқсас мемлекеттік мүлікті өтеусіз пайдалануға беру туралы Қағидаларды заңнамалық деңгейде әзірлеудің өткір қажеттілігі туралы Атырау облысы мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасына хат жолдау;

          5) Қазақстан Республикасындағы Заңнамасындағы осы олқылықты жою үшін Атырау облысы экономика және қаржы басқармасына есептілікті ұсынбағаны үшін жауаптылықты анықтау бойынша мәселені бастамашылық ету туралы хат жолдау.

 

Жұмыс тобы:

 

Нигметова Қамқа Мадғалиқызы                                    __________________  

бөлім басшысының орынбасары,

жұмыс тобының жетекшісі;

 

Лукпанов Капиз Адильбекович                                      __________________

экономика жөніндегі бас маманы,

жұмыс тобының мүшесі;

 

Танатарова Салтанат Рахметжанқызы                           __________________

мемлекеттік сатып алу және коммуналдық

мүлікті басқару секторының меңгерушісі,

жұмыс тобының мүшесі;

 

Қайырбаева Элеонора Жанұзаққызы                              ___________________

мемлекеттік сатып алу және коммуналдық

мүлікті басқару жөніндегі бас маманы,

жұмыс тобының мүшесі;

 

Мұхамедиярова Дина Ерсайынқызы                               ___________________

бухгалтерлік есеп және есептеу               

секторының бас маманы,

жұмыс тобының мүшесі.

 

Кошмагамбетова Гулжанат Маратовна                          ___________________

бюджеттік және қаржылық есеп беру

бойынша бас маманы,

жұмыс тобының мүшесі.

Махамбет аудандық экономика және қаржы бөлімінде жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындысы бойынша 2023 жылдың 8 айындағы жай-күйі туралы ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА (жария талқылау))
Дата публикации
18 сентября 2023