Жалпыға ортақ пайдаланылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тiзбесін, атаулары мен индекстерiн бекіту туралы

Атырау облысы  Махамбет ауданы  Махамбет аудандық жер қатынастары бөлімінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша 2023 жылдың 8 айы бойынша талдамалық АНЫҚТАМА

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары Махамбет аудандық жер қатынастары бөлімінің 2023 жылғы 11 қыркүйектегі №269 «Жұмысшы тобын құру туралы» бұйрығы негізінде жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары келесі жұмысшы тобымен жасақталды:

          1) Салиев Ақылбек Мұхызаруевич-бөлімнің басшысы;                            2)Зулқашев Алтынбек Шәудірұлы-бөлімнің бас маманы;

3)Сақтапова Парасат Аманбайқызы бөлімнің бас маманы;

4)Бағдалова Шамшырақ Жандарбекқызы-аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар, мемлекеттік көрсетілетін қызметті бақылау бөлімінің бас маманы.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі:                2023 жылдың сегіз айы.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдаудың мәні:

1.Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы

2.Мүдделер қақтығысын реттеу                                                                                 3. Мемлекеттік қызмет көрсету

  1. Рұқсат беру функцияларын іске асыру
  2. Бөлімшеге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері
  3. Әдеп кодексі нормалары мен сыбайлас жемқорлық заңдарының сақталуы
  4. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудан туындайтын өзгеде мәселелер

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі:               2023 жылдың сегіз айы.

«Махамбет аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ, Атырау облысы, Махамбет ауданы, Махамбет ауылы. Абай  көшесі №22

  1. Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы

Махамбет аудандық жер қатынастары бөлімінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітілген. Бөлімде штат саны бойынша 3 мемлекеттік қызметкер, бос лауазымдық орын жоқ.

  1. Мүдделер қақтығысын реттеу

Мекемеге мүдделер қақтығысы бойынша өтініштер түскен жоқ.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету

 «Махамбет аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ-де   2020 жылғы 1 қазандағы Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы №301 бұйрығына сәйкес:

1.«Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту»;

2.«Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау»,

3.«Жер учаскесін жеке меншікке бөліп төлеуге сату»;

4.«Жер учаскесін алу үшін кезекке қою»; 4 (төрт) мемлекеттік қызмет түрлері көрсетіледі.

Сонымен қатар, аудан әкімі және ауылдық округтер арқылы электронды түрде Е-лицензия ақпараттық жүйесі мен жүзеге асырылатын мемлекеттік қызметтері; Атап айтқанда:

1.«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»;

2.«Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру»;

  1. «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру»;
  2. «Суармалы егістікті суарылмайтын алқап түрлеріне ауыстыруға рұқсат беру»;

5.«Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру»;

  1. «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу»; қызметтерін орындалуына ықпалдасады.

2023 жылы сауда саттық (аукцион) бойынша кәсіпкерлік мақсатындағы  бес жер учаскесі «E-QAZYNA.KZ» жүйесі арқылы  ұсынылып, оның үшеуі өтпеді саналып, екі жер учаскесінің жеңімпаздары анықталды.

2023 жылы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге 1 мәрте конкурс ұйымдастырылып, 21 жер учаскесі уақытша өтеулі 10 жыл мерзімге табысталды.

8 айдың ішінде 287 жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдаланудың (жалдаудың) шарты және 11 жер учаскесін сатып алу-сатудың шарты жасақталды.

№1 тәуекел. Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті құжаттар тізбесінде «ауыл шаруашылығы және су шаруашылығы саласындағы аудандар мен қалалардың келісуші уәкілетті органдарының тұжырымдары мен ұсыныстары бар түсіндірме жазба» көзделген. Яғни, қызмет алушы осы аталған органдардан келісімін құжаттарға қоса тігіп өткізеді. Сондықтан, қызметтің бизнес-процесінде жер қатынастары саласының орындаушысы «ұсынылған материалдарды қарайды, аудандық ауыл және су шаруашылығы органдарымен келіседі және келісу нәтижелері бойынша оларды қорытындылайды» деген бөлігі қайталама жұмыс болып табылады деп санаймыз. (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің  01.10.20 ж. № 301 бұйрығы)

Ұсыным. Атырау облысы әкіміне Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің  2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығының 8-қосымшасының 9-1, 10-тармақшаларына өзгерістер енгізуге ұсыныс хат жолдау. 

№2 тәуекел. «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызметі қағидасының 2 тараудың 4-тармағына сәйкес өтініш және жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісін жер комиссиясына дейін ұсыну міндеттелген. Осыған сәйкес, қызмет алушы өз қаражат есебінен жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісін әзірлейді. (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 01.10.20 ж. № 301 бұйрығы)

Алайда, қызмет алушыларға комиссияның оң шешімі шықпаған жағдайда, бағалау құнына төленген қаражат сомасы қайтарылмайды. 

Ұсыным. Атырау облысы әкіміне Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің  2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығының 4-қосымшасына өзгерістер немесе іс-шара сипатына қарай толықтырулар енгізуге ұсыныс хат жолдау. 

 

  1. Рұқсат беру функцияларын іске асыру

«Махамбет аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінде  рұқсат беру функциялары жоқ.

  1. Бөлімшеге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері

2023 жылдың сегіз айында Махамбет аудандық жер қатынастары бөлімінде барлығы – 63 өтініш түсті. Оның ішінде: жеке тұлғалардан – 60, заңды тұлғалардан – 3 өтініш.

  1. Әдеп кодексі нормалары мен сыбайлас жемқорлық заңдарының сақталуы

«Махамбет аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінде Этика Кодексі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Заңының талаптары қатаң сақталады.

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудан туындайтын өзгеде мәселелер

Сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын сыни материалдар жарияланған жоқ.

          «Махамбет аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінде есепті мерзім ішінде – 271 бұйрық, оның ішінде-241 ортақ, 30-ы негізгі бұйрықтар қабылданды.

Ағымдағы жылдың есепті мерзімі ішінде қабылданған нормативтік актілерге қатысты Прокуратура және Әділет органдары тарапынан аталған мәселеге байланысты қандай да бір ұсыныстар мен наразылықтар келіп түскен жоқ.

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің қорытындылары

 

І.Кіріспе

 

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің мәні: «Махамбет аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы туындайтын жағдайларды анықтау.
  2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингі жүргізілді Махамбет аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Атырау облысы, Махамбет ауданы, Махамбет ауылы, Абай көшесі №22, электронды пошта: mahambet-zem@mail.ru. телефон нөмірі 871(236)2-17-63.
  3. Бақыланатын кезең: 2023 жылдың сегіз айы

 

ІІ. Ақпараттық-талдамалық бөлім

 

Мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субьектілерінің қызметінде сыбайлас жемқорлықтың туындауының себептері мен жағдайын сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштері.

Тұлғалардың қызметінде сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін жағдайлар мен себептер анықталмады.

 

ІІІ. Қорытынды бөлімі

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субьектілері қабылдаған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды жақсарту бойынша ұсынымдар.

          Махамбет ауданы әкімінің аппаратында 2023 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша ҰСЫНЫМДАР:

1) Атырау облысы әкіміне Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығының 8-қосымшасының 9-1, 10-тармақшаларына өзгерістер енгізуге ұсыныс хат жолдау. 

2) Атырау облысы әкіміне Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығының 4-қосымшасына өзгерістер немесе іс-шара сипатына қарай толықтырулар енгізуге ұсыныс хат жолдау. 

          3) Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудыратын сәйкесіздіктерді жою бойынша ұсыныстарды орындау және уәкілетті органға хаттар жолдауға қатысты іс-шара жоспарын құру.

Атырау облысы Махамбет ауданы Махамбет аудандық жер қатынастары бөлімінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша 2023 жылдың 8 айы бойынша талдамалық АНЫҚТАМА (жария талқылау))
Дата публикации
18 сентября 2023