«Махамбет аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне 2023 жылдың 8 айы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау бойынша талдамалық анықтама
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2023 жылғы 17 тамыздағы №40 бұйрық негізінде, комиссия құрамымен бөлімнің өндірістік-техникалық, жобалау-сметалық құжаттама, мемлекеттік сатып алу және іс жүргізу, бухгалтерлік есеп және есептеу бағыттарының 2023 жылдың қаңтары мен тамыз айлары араларындағы қызметіне жүргізілді. Комиссия құрамында А.Е.Қуанғали, С.Б.Бақтыгерей, Ш.Ж.Бағдалова.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2 бағыттан тұрады:
жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Бөлімнің ұйымдастырушылық басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
кадрлардың ауысуы. Талдау жүргізілген мерзімде бөлімде штат саны 3 бірлікті құрады. Бөлім басшысы, 2 бас маман.
келіп түскен арыз-шағымдар, сонымен қатар хаттар, аудан әкімі аппаратынан және тікелей бөлім арқылы да, Е-өтініш бағдарламасы, Интегро бағдарламасы, электрондық Үкімет порталы арқылы да қабылданады.
Талдау кезеңінде, яғни 2023 жылдың қаңтар-тамыз аралығында:
- заңды тұлғалардан – өтініш;
- жеке тұлғалардан – өтініш;
- кіріс хаттар – 317-ні құрады.
Өтініштер оң шешімін тауып, барлығы қанағаттандырылды. Орындалысы
үнемі қатаң бақылануда. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалар тарапынан өтініштер түскен жоқ.
Бөлімнің көрнекті жерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Заңнамасы тақырыбында ақпараттық стендтер, мемлекеттік қызметкерлерінің Әдеп кодексі ілінген. Әдеп кодексі жаңа үлгіге сәйкестендіріліп стенд жасақталды.
Бөлім басшысының азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдау кестесі бекітілді және ресми сайтта жарияланды. Сонымен қатар, аудан әкімінің телеграм чат-арнасына келіп түскен сауалдарға уақытылы және нақты жауап беріліп отырады, қадағаланады. «109 ситуациялық орталығы» және аудан әкімінің телеграм чаты арқылы түскен арыз-шағымдары, сұрақтары бойынша мәселелер қаралып, жауабы жолданылып отырады. Арыз-шағым жәшігі ілінген.
Бөлім бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қатысты сот актілері түскен жоқ.
Бұқаралық ақпарат құралдарында қызметкерлердің заңға қайшы әрекеттері мен теріс іс-қимылдарын әшкерелейтін материалдар жарияланған жоқ. Мемлекеттік қызметшілер атына Әдеп кодексін бұзған және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол беретін нормалар анықталмады.
Айында Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясы тарапынан тексеру жұмыстары жүргізілді. Құжаттар сұратылған.
Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер орын алған жоқ.
жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
2.1. Бөлімнің бухгалтерлік есеп бағыты келесідей нормативтік-құқықтық актілерді басшылыққа алады:
- «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасының Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығы;
- «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V Заңы;
- «Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі» 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95-IV Заңы;
- «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Салық кодексі;
- «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығы;
- «Бюджеттік мониторинг жүргізу нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 30 қарашадағы№ 629 бұйрығы;
- «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығы;
- «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V Заңы;
- «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығы;
- «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы № 413-IV Заңы;
Аталған нормативтік-құқықтық актілер төмендегідей жұмыстарды
жүргізу тәртібін айқындайды:
Бекітілген нормаға сәйкес бөлімнің жұмысын қаржы-шаруашылық және материалды-техникалық жағынан қамсыздандыру жұмысын ұйымдастыру, бөлінген лимитке сәйкес шығыстарды үзіліссіз қаржыландыруды ұйымдастыру, қаржының мақсатты жұмсалуына және жоспарлық тағайындаулардың сақталуына бақылауды жүзеге асыру. Бөлім бюджетінің орындалуы жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру, мониторинг жүргізу, жергілікті және республикалық бюджеттен қажеттілігіне қарай мәслихаттан қаражат сұрату. Бөлім қызметкерлерінің еңбекақы мен демалыс төлемдерін төлеу және аударуды жүзеге асыру, жинақтаушы зейнетақы қорына аударымдар жүргізу, бөлім бойынша бухгалтерлік есеп және есеп беруді жүргізу, бөлім бойынша дебиторлық және кредиторлық берешектер бойынша есептер жасақтау, құзырлы органдарға ұсыну.
Мекемелерден қарыздар борыштар, несие (дебиторлық және кредиторлық) бережақтар, тоқсандық, жылдық есептердің дұрыстығын тексеріп аудандық экономика және қаржы бөліміне тапсыру үшін есеп құрастыру. Мемлекеттік сатып алу бойынша қолма-қол бақылау шоттар бойынша кепілдік жарналарды қайтару. Мүліктерді түгендеу нәтижелерін уақытылы және дұрыс анықтап, оларды есепке пайдалану. Статистика және мемлекеттік кірістер басқармасына есеп беру және К-2 жүйесі арқылы келіп түскен №4-20, 5-20 формасына сәйкес күнделікті бюджет қаржысының орындалуына кестелер жасау (№1,2,3,4,5,6,7,8,9,10 және т.б.). Нақтыланған бюджетке сәйкес бюджеттік өтінім, бюджеттік бағдарламалар дайындау, экономика және қаржы бөліміне табыстау. Бөлімнің теңгеріміндегі мүліктерге түгендеу жүргізу, есептен шығару жұмыстарын жүргізу. Күрделі құрылыс, күрделі жөндеу, қайта құру және көріктендіру саласындағы бюджеттік бағдарлама әкімгерлерінің тиісті құжаттарын жасақтау. Бағдарламаның міндеттемелерін тіркеу және сұраныс дайындау, қаражат аудару үшін тапсырыс қағаздарын дайындау.
2.3. Мемлекеттік сатып алу бойынша келесідей нормативтік-құқықтық актілер басшылыққа алынады:
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығы;
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V Заңы;
- Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы №268-XIII «Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі»;
- ҚР 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434- V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы;
- «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығы;
- «Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбелерін анықтау туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 1127 бұйрығы;
- «Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары- Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 31 мамырдағы № 521 бұйрығы;
- «Мемлекеттік сатып алудың арнайы тәртібін анықтау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы № 127 қаулысы;
- «Тауарларды өндіретін және (немесе) беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері мен Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерінің тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1181 қаулысы.
- ҚР 2001 жылғы 16 шілдедегі № 242 «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңы;
- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416- V «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы;
- Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі;
- Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процессуалдық кодексі;
Аталған нормативтік-құқықтық актілер төмендегідей жұмыстарды
жүргізу тәртібін айқындайды:
Мемлекеттік сатып алу қорытындысына сәйкес, жеңімпаз болып танылған мердігер мекемелермен келісім-шарттар жасақтау. Мемлекеттік сатып алу бойынша тиісті ақпарат, мәлімет, сараптама дайындау. Мемлекеттік сатып алу жұмысына қатысты қажетті хат алмасуды жүргізу, қажетті қызметтік бұйрықтар жобасын жасақтау және бекітуге ұсыну. Конкурс немесе аукцион тәсілдерімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру мәтінін мемлекеттік сатып алу веб-порталында жариялау. Конкурс отырысының қажетті құжаттарын жасақтап, уақытылы өткізілуін ұйымдастыру. Бөлімнің мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстар өткізу жөніндегі ай сайынғы есеп беру жұмыстарын жүргізу. Тиісті бюджеттің (бизнес-жоспардың, кірістер мен шығыстар схемасының, тапсырыс беруші әзірлеген және бекіткен мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарының) конкурс, оның ішінде екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып өткізілетін конкурс, баға ұсыныстарын сұрату. Бір көзден сатып алу, аукциондарда және тауар биржалары арқылы оларды заңнамамен белгіленген тәртіпте лоттарға бөле отырып, мемлекеттік сатып алуды жүргізу. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасының талаптарын ескере отырып, электрондық мемлекеттік сатып алуды өткізу қағидаларында айқындалған конкурстық немесе аукциондық құжаттаманың электрондық нысаны негізінде қазақ және орыс тілдерінде конкурстық немесе аукциондық құжаттаманы әзірлейді және тапсырыс берушінің бірінші басшысына бекіту үшін ұсыну.
Бөлім қызметінде туындайтын құқықтық мәселелер, сынға түсетін нормативтік актілердің жобасы бойынша қорытындылар дайындауға қатысу. Өндірісте жатырған, сот және төрелік орындаумен аяқталған істерді есепке алуды және сақтауды жүзеге асыру.
Бөлімге қабылданған мемлекеттік және шаттан тыс қызметкерлермен келісім-шарт жасау. Біліктілік талаптары мен лауазымдық нұсқаулықтарын жасақтау, бекіту. Қызметке қабылдау-шығару бұйрықтарын рәсімдеуді уақытылы жүргізу. Кадр қозғалысы жөнінде құжаттарды «Е-қызмет» ақпараттық жүйесіне енгізу. Жаңадан қабылданған қызметкерлерге арнайы тексеру жүргізу құжаттарын жасақтап, арнайы құзырлы мекемеге жолдау. Бөлімнің кадрлық қозғалысына қатысты бұйрық жобасын әзірлеу, бекітуге ұсыну. Қызметкерлердің еңбек өтілін есептеу, бекітуге ұсыну.
Бөлім құзырына қатысты және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында бөлім аясында кеңестер, «дөңгелек үстелдер» және хаттамаларға сәйкес іс-шаралар өткізілуін ұйымдастыру.
Электрондық құжат айналымы «ИНТЕГРО», «Е-Өтініш», Электрондық Үкімет порталы бағдарламалары арқылы, ЦРМ, БАҒДАРШАМ жүйелері арқылы келген өтініштермен жұмыс және басқа да бөлімге түскен арыз-шағым, кіріс және шығыс құжаттарды тіркеу, бөлімнің құжат айналымының уақытылы орындалуын ұйымдастыру. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау жөніндегі 1-ОЛ нысаны бойынша қалалық әкімдікке және ҚР Бас прокуратурасының ҚСжАЕАЖК Атырау облысы бойынша басқармасына, қала әкімі аппаратына Президент Әкімшілігі (АП) есебін ай сайын ұсыну, есеп тапсыру.
Орындаушылық тәртіп аясында, «e-otinish» бірегей жүйелік платформасы арқылы түскен өтінішті орындау барысында бекітілген тәртіпке сәйкес орындамағаны үшін бір қызметкерге «ескерту» жариялау түрінде тәртіптік жаза қолданылды.
Құрылыс жұмыстарын жүргізу барысында нысанға қатысты қажетті құжаттарды алу, төлемақы жүргізілетін кезде атқарылған жұмыстары бойынша талқыланатын мәселелер хат алмасу арқылы, дәлелді құжаттармен рәсімделу арқылы жүргізіледі. Сондай-ақ, қызметкерлер, яғни жұмыс тобы тапсырыс беруші мекеме ретінде нысан басына барып жұмыс барысын қадағалаған жағдайда нысан иесі және техникалық қадағалаушы тарапынан жүргізіліп, орын алған кемшіліктер дәлелді құжаттарымен тапсырыс беруші мекемеге ақпарат ретінде жолданады.
Мердігер мекеме тарапынан бекітілген графикке сәйкес жұмыстар толық атқарылмаса сотқа дейінгі талап арыз жолданып, келісім-шартты бұзу шаралары жүргізіледі. Талдау жүргізілген мерзімде мердігер мекемеге қатысты келісім шартты бұзу бойынша сотқа талап арыз берілген болатын.
Бөлімге қағаз жүзінде мердігер мекеме өкілдерінің алып келетін ай сайын тапсырылатын жасалған жұмысы туралы акт және қабылдау актісі басқа да құжаттар ресми түрде бөлім кеңсесі арқылы қабылданады.
Комиссия құрамымен өткізілген жиын қорытындысы негізінде бөлім қызметінде орын алатын келесідей анықталып, талқыланды.
мердігер мекемеге жалпы сомадан аванс ретінде 30% төленеді. Сол авансты алып алған соң, мердігер мекеме жұмысын бастап болмайды немесе мүлдем бастамайды. Сол себепті, бөлімнің қаржылық балансында дебиторлық берешек жиналып қалады. Авансты бірден төлемеу немесе мердігер тарапынан жұмысты бастап, жүріп жатқандығы туралы дәлелдеме құжаттары ұсынылған соң, белгілі бір мерзім өткен соң ғана төлем жүргізу мәселесін қарастыру. Яғни, заң талаптарына өзгеріс енгізуді қажет етеді.
тарапынан мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасына ескерту мақсатында хат жолданады. Алайда, шағын бизнесті қолдау және қорғау талабына сәйкес аталған мекемемен мердігерге қатысты шара қолдануға кедергі туындайды. Осы орайда, бюджеттен бөлінетін қаражатпен жұмыс жасайтын мердігер мекемелерге қатысты заң талаптарын күшейту ұсынылады.
Әлеуетті өнім берушілерді негізсіз рұқсаттар беріп, конкурс жеңімпаз етіп анықтауы мүмкін. Сол себепті, Әлеуетті өнім беруші ұсынған құжаттарды Мемлекеттік сатып алу Заңнамасына сәйкес қарап, белгілі мерзімде құжаттарын толықтыруға қайтару немесе рұқсат бермеу заңдылығын қарау;
Тұрғыннан «Е-өтініш» арқылы бір күнде он бес дана арыз түсетін жағдайлар да бар. Арыз мәтіні бір сарынды, тек әрбір мемлекеттік органға жазылған. Алайда, арызда аталып отырған мәселесі біздің бөлім құзырында қаралатын болғандықтан, барлық мекемелерден бізге жолданады. Заң аясында қаралып, арыз иесіне сол 15 арызына бір мәтінде жауап жазылады. Бірақ, осы орайда, тұрғын тарапынан: «Мен Сіздің бөлімге емес, ел басшысынан бастап, облыс әкімі, құқық органдарына жазып отырмын, Сіздің жазған жауабыңыз маған қажет емес»- дегендей наразылық білдіріледі. Заң талабына сәйкес толтырылатын келісім акті, әкімшілік акт сияқты құжаттарға тұрғын бөлімге келуден бас тартқандықтан қол қойдыртуға мүмкіндік болмай, қызметкердің заң талабына сәйкес жұмыс жасауына кедергі тудырылады.
Комиссия мүшелері А.Е.Қуанғали
С.Б.Бақтыгерей
Ш.Ж.Бағдалова