Махамбет ауданы әкімі аппаратының қызметіне жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама (жария талқылау)

Махамбет ауданы әкімі аппаратының қызметіне жүргізілген

сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

 

 

18.09.2023 жыл                                                                           Махамбет ауылы

 

КІРІСПЕ БӨЛІМІ:

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау обьектісі болып «Махамбет ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – аудан әкім аппараты) құрылымдық бөлімдерінің қызметі табылады.
  2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы№ 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес жүргізілді.
  3. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды аппараттың
    2023 жылғы 7 қыркүйектегі №193  бұйрығымен құрылған келесі құрамдағы жұмыс тобы жүргізді:

1)Аруев Нұрғали Латифұлы-аудан әкімі аппаратының басшысы;                        2)Тасмагамбетова Мейрамгуль Беккалиевна-аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар, мемлекеттік көрсетілетін қызметті бақылау бөлімінің басшысы;

3)Дүйсенбаев Жандос Жайлыбайұлы-аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру, жұмылдыру даярлығы және төтенше жағдайлар бөлімі басшысының міндетін атқарушы;

4)Бағдалова Шамшырақ Жандарбекқызы-аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар, мемлекеттік көрсетілетін қызметті бақылау бөлімінің бас маманы;

5)Уташева Динара Мендигалиевна-аудан әкімі аппаратының кадр қызметі және персоналды бағалау қызметінің басшысы.

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдаумен 2023 жылдың 05 қаңтары мен 31 тамыз аралығындағы кезең қамтылды.
  2. Аудан әкімі аппаратының басшысы Н.Аруевқа топ жетекшісі ретінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу және жұмыс нәтижелері үшін басшылық, үйлестіру және жауапкершілік жүктелді.

 

СИПАТТАМА БӨЛІМІ:

  1. Талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:

1) Аудан әкімі аппаратының қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде (бұдан әрі қарай - НҚА) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) Аудан әкімі аппаратының ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

Талданатын объект туралы мәліметтер:

Аудан әкімі аппараты - құзыреті шегінде аудан әкімдігінің қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады. Есепті кезеңде

Аудан әкімі аппараты өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де НҚА-ға, сондай-ақ, мекеменің Ережесіне сәйкес іске асырады. Есепті кезеңде Аудан әкімі аппаратында өз қызметін жүзеге асыру барысында сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар орын алмаған.

Мекен-жайы: Махамбет ауылы, Абай көшесі № 16 ғимарат.

        

  1. Аппараттың қызметіне, оны ұйымдастыру-басқару қызметін реттейтін құқықтық актілер мен ішкі құжаттарға сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау:

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жұмыс тобы кодекстерді, заңдарды, НҚА-ды, бөлімдер өз қызметінде басшылыққа алатын құқықтық актілерді зерделеді.

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы;
  2. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі;
  3. Қазақстан Республикасының Жер кодексі;
  4. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі;
  5. Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі;
  6. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi;
  7. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі;
  8. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
  9. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
  10. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және
    өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
  11. «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
  12. «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының
    Заңы;
  13. «Алқабилер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
  14. «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
  15. ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 9 қарашадағы «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының заң қызметтері туралы үлгі ережені бекіту туралы» №1072 қаулысы;
  16. «Құқықтық мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» 11.07.2023 жылғы № 471 қаулысы;
  17. «Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы» 5.07.2023 жылғы № 464 қаулысы;
  18. «Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, олардың келісу қағидаларын бекіту туралы» 3.07.2023 жылғы № 448;
  19. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізудің кейбір мәселелері туралы» 16.07.2020 жылғы № 451 қаулысы;
  20. Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы
  21. «Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы
    21 қазандағы №15 бұйрығы;
  22. «Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 40 бұйрығы;
  23. ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 31 қаңтардағы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» № 39/НҚ бұйрығы;

         2.1. Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді бақылау бөлімі:

Мемлекеттік-құқықтық жұмыстар, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді бақылау бөлімі Аудан әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Бөлімнің міндеті аудан әкімінің заң қызметі, нормашығармашылық, құқық қорғау органдарымен жұмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытын үйлестіру.

Ережеге сәйкес бөлімнің функциясына:

- аудан әкiмі мен аудан әкімі аппаратының қызметiн құқықтық қамтамасыз ету;

- сотта, сондай-ақ басқа да ұйымдарда аудан әкімі мен аудан әкімі аппаратына қатысты құқықтық мәселелерді қарау кезiнде белгiленген тәртiппен мүдделерiн бiлдiру;

- аудан әкімдігі қабылдаған нормативтік құқықтық қаулыларының және аудан  әкімі қабылдаған нормативтік құқықтық шешімдерінің құқықтық мониторингін жүргізу;

- аудан әкімдігінде және оған бағынысты органдарда Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау, жалпыға бiрдей құқықтық оқытуды ұйымдастыру жөнiндегi жыл сайынғы iс-шараларды әзiрлеу және iске асыру;

- аудан әкімінің құқық қорғау органдармен жұмысын ұйымдастыру және т.б. мәселелер жатқызылған.

Осыған байланысты, мемлекеттік-құқықтық жұмыстар, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын бақылау бөлімінің негізгі қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілер зерделенді.

Нормашығармашылық бағыты:

Бірінші. «Жергілікті мемелекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР Заңының 37-бабының 1-тармағына сәйкес Әкiмдік Қазақстан Республикасының Конституциясы, заңдары, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметiнiң актiлерi, өзге де нормативтiк құқықтық актiлер негiзiнде және оларды орындау орайында қаулылар және 3-тармағына сәйкес Әкiм нормативтiк-құқықтық сипаттағы шешiмдер шығарады.

НҚА-ды әзірлеуде «Құқықтық актілер туралы» ҚР Заңының 19-бабының 6-тармағына сәйкес, Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын консультативтік құжаттар, нормативтік құқықтық актілердің жобалары оларды Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және сараптама кеңесі қарағанға дейін интернет-ресурстарда орналастыруды қоса алғанда, бұқаралық ақпарат құралдарында міндетті түрде жариялануға (таратылуға) жатады.

Ал, ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 67-бабы (Кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актінің жобасын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау (тарату)) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне нормашығармашылықты жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 12.03.2021 жылғы № ҚР Заңымен алып тасталған.

Ендігі кезекте, НҚА-дың жобаларында кәсіпкерлік субъектілерінің де және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің де мүдделерін қозғайтын жағдай туындағанда, НҚА-ны әзірлеу процесінде басшылыққа алынатын заң нормалары нақты көзделмеген.

Осы орайда, жергілікті атқарушы органдардың НҚА жобаларын әзірлеу процесін оңтайландыру мақсатында қолданыстағы заң жобаларына тиісті өзгерістерді енгізу арқылы НҚА-ды әзірлеуде «Құқықтық актілер туралы»
ҚР Заңының 19-бабының 6-тармағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында міндетті түрде жариялануға (таратылуға) деген сөздерді алып тастау қажет.

Екінші. НҚА әзірлеуде «Құқықтық актілер туралы» ҚР Заңының талаптарына сәйкес ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет порталында (әрі қарай – Ашық НҚА) жария талқылау үшін 10 жұмыс күн, Ашық НҚА-да орналастырылғаны туралы хабарламаны алған кезден бастап қоғамдық кеңесте ұсынымдар ұсыну үшін 10 жұмыс күн, кәсіпкерлік субъектілерінің мүддесін қозғайтын НҚА жобаларына сараптамалық қорытындысын ұсыну үшін 10 жұмыс күн, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу үшін 10 жұмыс күн, Әділет органдарында келісу үшін 10 жұмыс күн және т.б. өзгеше мерзімдер көзделген.

Бұған қоса, «Құқықтық актілер туралы» ҚР Заңының 19-бабының 6-тармағына сәйкес, Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын консультативтік құжаттар, нормативтік құқықтық актілердің жобалары оларды Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және сараптама кеңесі қарағанға дейін интернет-ресурстарда орналастыруды қоса алғанда, бұқаралық ақпарат құралдарында міндетті түрде жариялануға (таратылуға) жатады.

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын НҚА жобаларын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

Алайда, әзірлеуші орган ретінде НҚА жобаларын әзірлейтін кейбір атқарушы органдардың бюджеттік бағдарламаларында мерзімді баспасөз басылымдарын сатып алу көзделмеген.

Ал, «Прокуратура туралы» ҚР Заңының 32-бабының 1-тармағының
1) тармақшасына сәйкес, прокурорлық қадағалау актілеріне: наразылық, санкция, нұсқау, ұсыну, қаулы жатады.

         Осы заңның 33-бабының 3-тармағына сәйкес, Прокурордың наразылығы күнтізбелік он күн ішінде тиісті органның немесе лауазымды адамның қарауына жатады, ал 36-бабының 2-тармағына сәйкес, Ұсыну онда көрсетілген заңдылықтың бұзылуын жою жөніндегі шараларды қабылдай отырып, лауазымды адамның немесе органның – күнтізбелік отыз күн ішінде, ал адамның және азаматтың өмірі мен денсаулығы, мемлекеттің қауіпсіздігі үшін орны толмас зардаптың басталуы мүмкін болған жағдайларда прокурор белгілеген мерзімде қарауына жатады.

Осымен, прокуратура органдары жергілікті атқарушы органдардың қолданыстағы НҚА-ның заңдылығына тексеру жүргізе отырып, анықталған заң бұзушылықтарды жою жөнінде наразылықтар келтіреді және тиісінше ұсыныстар енгізеді.

Осы орайда, НҚА жобаларын әзірлеу процесіндегі мерзімдер мен прокурорлық қадағалау актілерінің орындалу мерзімдері сәйкес келмейді.
Ал, Прокуратура актілерін қарамау, сол сияқты тиісінше қарамау, орындамау не прокурордың заңды талаптарын орындамау ҚР заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.

НҚА қабылдаудың тиімділі мен жеделдігін арттыру және нормашығармашылық процесін оңтайландыру мақсатында әзірленетін НҚА-ды ҚР Заңдарында белгіленген тәртіппен сараптамалық қорытындылар алу немесе келісу процестерін, оның ішінде мерзімдерін қысқарту арқылы оңтайландыру қажет.

 

ҰСЫНЫМДАР:

1) ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 67-бабын және «Құқықтық актілер туралы»
ҚР Заңының 19-бабының 6-тармағына қатысты мәселені пысықтау мақсатында
Атырау облысы бойынша Әділет департаментіне және Атырау облысы кәсіпкерлер палатасына ұсыныс хат жолдау.

2) Қабылданатын НҚА-ды мүдделі мекемелермен келісу мерзімдерін пысықтау мақсатында Атырау облысы бойынша Әділет департаментіне «Құқықтық актілер туралы» ҚР Заңына өзгерістер енгізу үшін ұсыныс хат жолдау.

 

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мониторингі:

Жер қатынастары саласындағы бірқатар қызмет түрлері көрсетіледі. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жерігілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган тарапынан ұйымдастырылғанымен, соңғы нәтиже ретінде аудан әкімідігінің қаулысы шығады. Олар – аудан көлеміндегі жер учаскелеріне іздестіру жұмыстарын жүргізуге, ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға, нысаналы мақсатын өзгертуге, жайылымдық жерлер үшін, бау-бақша мен бағбандық жүргізу үшін рұқсат беру сияқты қызметтер.

Сонымен қатар, өз кезегінде цифрлық технологияларды дамыту және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мониторингі бөлімі аудан көлеміндегі мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен бизнес-процесіне мониторинг жүргізіп отырады.

Есепті кезең бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Махамбет ауданының жергілікті атқарушы органдарымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес барлығы 56 мемлекеттік қызмет түрі бойынша 6143 қызмет көрсетілді, оның ішінде 40 қағаз түрінде, 931 мемлекеттік корпорация арқылы, 5172 электронды түрде.

Сонымен қатар, ішкі бақылау бойынша, 2023 жылға арналған мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасын ішкі бақылау іс-шараларының жоспарына сәйкес, есепті кезеңнін 8 айында барлығы 11 мемлекеттік мекеменің жұмысы тексерілді

Ішкі мемлекеттік бақылау шараларының нәтижесінде заң нормаларын бұза отырып бірқатар кемшіліктер орын алғандығы белгілі болды.

Кемшіліктерге жол бермеу мақсатында аудан әкімі аппаратының цифрлық технологияларды дамыту және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мониторингі бөлімі мамандарымен тиісті дербес бөлімдер және ауылдық округ әкімі аппараттарының мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуші мамандарына ұдайы көмек көрсетіліп, түсіндірме семинарлар ұйымдастырылып келеді. Өз кезегінде семинарлардың ұдайы ұйымдастырылуы сыбайлас жемқорлық  тәуекелдерін алдын-алуға бағытталған.

Аудан бойынша 6 бөлімнің мемлекеттік қызмет көрсету барысында қоладанылатын  заң талаптарына қысқаша тоқталар болсақ:

Махамбет  ауданының  жұмыспен  қамту, әлеуметтік    бағдарламалар бөлімі «Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 бұйрығы, «Мүгедектігі бар адамдарды абилитациялаудың және оңалтудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 26 бұйрығы,  «Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, күшін жою қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 112 бұйрығы және өзгеде де ҚР нормативтік құқықтық актілері;

Махамбет ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі «Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру және олардан айыру, омырауға тағатын белгілерді беру қағидаларын, сондай-ақ олардың сипаттамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 29 шілдедегі № 300 бұйрығы және өзгеде де ҚР нормативтік құқықтық актілері;

Махамбет ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі «Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 750 бұйрығы, «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру» мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 30 наурыздағы № 168 бұйрығы және өзгеде де ҚР нормативтік құқықтық актілері;

Махамбет ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі  «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру» мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2021 жылғы 12 тамыздағы № 437 бұйрығы, «Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің
2015 жылғы 2 ақпандағы № 55 бұйрығы, «Жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды, сондай-ақ олар бойынша талап ету құқықтарын басқаға беру туралы шарттарды есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 30 қыркүйектегі № 434 бұйрығы. «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру» мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2021 жылғы 12 тамыздағы № 437 бұйрығы және өзгеде де ҚР нормативтік құқықтық актілері;

Махамбет ауданының ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі  Қазақстан Республикасының Жер кодексі, «Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығы, «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнаулы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық қарап-тексеруден өткiзу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-3/269 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 4 мамырдағы № 153 бұйрығы және өзгеде де ҚР нормативтік құқықтық актілері;

Махамбет ауданының экономика және қаржы бөлімі «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығы аясында және өзгеде де ҚР нормативтік құқықтық актілері бойынша жұмыс атқарады.

2.2. Аудан әкімі аппаратының кадр қызметі және персоналды бағалау  бөлімі:

Кадр қызметі және персоналды бағалау бөлімі аудан әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Бөлімнің міндеті мемлекетітк органның персоналды басқарудың тұтас жүйесін қалыптастыру.

Ережеге сәйкес бөлімнің функциясына:

- мемлекеттік органның персоналды басқару стратегиясын әзірлеу және іске асыру;

- мемлекеттік органның кадрларға, оның ішінде мамандықтар және біліктіліктер бойынша қажеттілігін талдау және жоспарлау;

- мемлекеттік органның кадр құрамын қалыптастыру, конкурстық іріктеуді ұйымдастыру;

- мемлекеттік органның кадр мониторингі және кадрлық іс жүргізуді, оның ішінде «Е-қызмет» персоналды басқарудың ақпараттық жүйесі арқылы жүргізу.

Осыған байланысты, персоналды басқару және кадр қызметі бөлімінің негізгі қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілер зерделенді.

 

Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға арналған конкурс тәртібі:

Бірінші. Қазақстан Республикасындағы «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына арналған конкурстардың жүргізілу тәртібі ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 40 бұйрығының 1-қосымшасымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларына (бұдан әрі - Қағида) сәйкес жүргізіледі.

Қағида бойынша жалпы ережелер, конкурсты өткізу тәртібі, конкурс комиссиясын қалыптастыру, ішкі конкурс, жалпы конкурс, кандидаттың лауазымға орналасуы және шағым жасау тәртібі айқындалған.

Алайда, мемлекеттік органдардағы «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарын ол босаған уақыттан бастап жариялануы қажеттігі жөнінде мерзім көзделмеген.

Бұл өз кезегінде «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына алғаш орналасатын кандидаттардың қызметке орналасуын кешеуілдетеді және басшылық лауазымдарға артықшылықтар берілуіне, соның салдарынан сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне баруына жол ашуы мүмкін.

Осыған орай, мемлекеттік органдарда «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарын ол босаған уақыттан бастап белгілі бір мерзім ішінде конкурс жариялануын нормативтік құқықтық актіде белгілену қажет.

Екінші. Қазақстан Республикасындағы «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу үшін аталған Қағидаға сәйкес конкурстық комиссия қалыптастырылады.

Аудандарда, қалаларда, облыстарда тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдар үшін бірыңғай конкурс комиссиясын құруға жол беріледі. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудандық, қалалық, облыстық атқарушы органдардың бірыңғай конкурс комиссиясы осы атқарушы органдардың басшыларын тағайындауға құқығы бар адамның шешімімен құрылады.

Конкурс комиссиясы әрбір жарияланған бос лауазым үшін тиісті «Б» корпусының бос немесе уақытша бос лауазымының лауазымдық өкілеттіліктерін ескере отырып, он бағыттан аспайтын конкурс сұрақтарының тізімін қалыптастырады.

Алайда, қалыптастырылған сұрақтардың тізімінен конкурстық комиссия мүшелері үміткер кандидаттарға өз таңдаулары бойынша белгілі бір сұрақтарды қоя алады.

Бұл деген, конкурстық комиссия мүшелері мен белгілі бір үміткер кандидат арасында қойылатын сұрақтар бойынша алдын-ала келіссөздер жүргізуге мүмкіндіктер береді. Яғни, қалыптастырылған сұрақтардың тізімі үміткер кандидаттарға алдын-ала ұсынылмауына ешқандай кепілдік жоқ.

Осыдан тараптардың қалыптастырылған сұрақтар бойынша алдын-ала жоспар құрып алуы арқылы сыбайлас жемқорлық тәуекелінің туындауы ықтимал.

Осы орайда, қалыптастырылған сұрақтар тізімін арнайы электрондық жүйеге көшіріп, үміткер кандидаттарға қойылатын сұрақтарды конкурстық комиссия мүшелеріне электрондық жүйе (автоматты түрде) арқылы таңдап беруді жүзеге асыру қажет. Соның нәтижесінде, «Б» корпусының бос немесе уақытша бос лауазымына лауазымдық өкілеттіктеріне сәйкес біліктілігі жететін кандидат орналаса алады.

ҰСЫНЫМДАР:

1) Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына арналған конкурстардың жариялану мерзімін белгілеу мақсатында Атырау облысы мемлекеттік қызмет істері департаментіне 2017 жылғы 17 ақпандағы № 40 бұйрығына толықтырулар енгізуге ұсыныс хат жолдау.

2) «Б» корпусының бос немесе уақытша бос лауазымына лауазымдық өкілеттіктеріне сәйкес қалыптастырылған сұрақтар тізімін электрондық жүйеге көшіру үшін және үміткер кандидаттарға қойылатын сұрақтардың электрондық жүйе арқылы таңдалуы үшін Атырау облысы мемлекеттік қызмет істері департаментіне 2017 жылғы 17 ақпандағы № 40 бұйрығына толықтырулар енгізуге ұсыныс хат жолдау.

 

2.3.  Аудан әкімі аппаратының жалпы және шаруашылық бөлімі:

Жалпы және шаруашылық бөлімі аудан әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

      Бірінші. Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі (бұдан әрі - Кодекс) 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап қолданысқа енгізілгені барлығына белгілі. Кодекстің негізгі бағыты әкімшілік рәсімдер мен әкімшілік сот ісін жүргізу болып табылады.

         Осыған орай, әкімшілік органдар мен лауазымды тұлғаларға түсетін барлық жазбаша (қағаз немесе электрондық) немесе ауызша нысандағы жолданымдар Кодекс талаптарына сәйкес тіркеледі, қаралады және шешім қабылданады.

         Кодекстің 4-бабының 1-тармағының 16) тармақшасында жолданым – әкімшілік органға немесе лауазымды адамға жазбаша (қағаз және (немесе) электрондық) немесе ауызша нысанда, сондай-ақ бейнеконференц-байланыс, бейнежолданым нысанында жіберілген арыз немесе шағым, ал 32) тармақшасында сұрау салу – әкімшілік рәсімге қатысушының жеке немесе қоғамдық сипаттағы қызығушылық туғызатын мәселелер бойынша ақпарат беру туралы өтініші жатқызылады.

      Сондай-ақ, Кодекстің 87-бабының 1-тармағына сәйкес «хабарламаларды, ұсыныстарды, үн қосуларды және сұрау салуларды қарау оңайлатылған әкімшілік рәсім тәртібімен жүзеге асырылады.

         Алайда, мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғаларға түсетін кейбір жолданымдардың мазмұнында (практикада) өтініп сұраймын, ақпарат беруіңізді өтінемін не сұраймын, мәлімет беруіңізді өтінемін не сұраймын, заңдылығына түсіндірме беруіңізді өтінемін не сұраймын және т.с.с. сөздер кездеседі. Бұл өз кезегінде жолданымды қарайтын әкімшілік орган немесе лауазымды адамның жолданым сипатының қай түріне жатқызуын білместікке алып келеді.

         Яғни, Кодексте жеке және заңды тұлғалардан әкімшілік органдар мен лауазымды тұлғаларға түсетін жолданымдар мазмұнына қарай жолданымның нақты қай түріне жатқызылатыны нақты көрсетілмеген.

         Осының салдарынан, прокуратура органдарының ҚР заңдылығының сақталуына тексеру жүргізу барысында заң бұзушылықтар анықтап, прокурорлық қадағалау актілерін әзірлеуге әкеп соқтырады және нәтижесінде қызметкерлердің жұмысқа деген ынтасын төмендетеді.

         Осыған орай, жеке және заңды тұлғалардан түскен жолданымдардың мерзімінде қаралуын әрі сапалы шешім қабылдануын қамтамасыз ету, заң бұзушылықтарды болдырмау және қызметкерлердің жұмысқа деген ынтасын төмендетпеу мақсатында Кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізіп, жетілдіру жұмыстарын жүргізу қажет.

         Екінші. Кодекстің 73-бабының 1-тармағына сәйкес әкімшілік орган, лауазымды адам әкімшілік рәсімге қатысушыға әкімшілік іс бойынша алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге міндетті, бұл туралы әкімшілік рәсімге қатысушы алдын ала, бірақ әкімшілік акт қабылданғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етіледі.        

         Яғни, жолданым бойынша қабылданатын шешімге әкімшілік рәсімге қатысушы өз ұстанымын білдіру мақсатында әкімшілік органда, бейнеконференц-байланыс немесе өзге де коммуникация құралдары, ақпараттық жүйелерді пайдалану және өзге де байланыс тәсілдері арқылы тыңдау жүргізіліп, тыңдау хаттамасы рәсімделеді.

         Тыңдау хаттамасын рәсімдеу тәртібі Кодекстің 74-бабының 1 және
2-тармақтарында көзделген. Сондай-ақ, осы баптың 4-тармағына сәйкес тыңдау хаттамасын төрағалық етуші мен хатшы дайындауға және қол қоюға тиіс.

         Алайда, Кодексте төрағалық етуші мен хатшының нақты қандай лауазымды адамдардың болуы қажет екендігі көрсетілмеген және міндеттелмеген.

        Мысалы, әкімшілік органға немесе лауазымды тұлғаға түсетін жолданымдар бұрыштама арқылы әкімшілік органды басқаратын лауазымды тұлғадан, яғни, бірінші басшыдан жолданымдағы мәселенің сипаты бойынша басшының орынбасарларына немесе аппарат басшысына, бұдан әрі аппараттың құрылымдық бөлімшелеріне немесе дербес бөлімдерге орындау үшін жолданады. Осы жерде төрағалық етуші нақты қай лауазымды тұлғаға жүктелетіні белгісіз.

         Сондай-ақ, осыған ұқсас тыңдау хаттамасының хатшысы жолданымды негізгі орындаушы (жинақтаушы әкімшілік органның қызметкері) немесе жолданымдағы мәселенің сипаты бойынша қосалқы орындаушы (мәлімет беруші әкімшілік органның қызметкері) екендігі де белгісіз.

         Бұл өз кезегінде, лауазымды тұлғалар мен орындаушы қызметкерлердің тыңдау хаттамасының төрағасы немесе хатшысы болу жауапкершілігінен жалтаруға алып келеді.

         Осыған орай, әкімшілік рәсімге қатысушылар әкімшілік іс бойынша алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіру мақсатында сапалы тыңдау жүргізу, сондай-ақ, лауазымды тұлғалар мен орындаушы қызметкерлердің жауапкершілігін арттыру мақсатында Кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізіп, тыңдау хаттамасының төрағасы мен хатшысын нақты белгілеу қажет.

         Үшінші. Кодекстің 90-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басшылары және олардың орынбасарлары тиісті мемлекеттік органның басшысы бекітетін қабылдау кестесіне сәйкес айына кемінде бір рет азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін, оның ішінде осы органдардың қызметкерлерін жеке қабылдауды жүргізуге міндетті.

         Осыған сәйкес, жеке және заңды тұлғалар өздерінің шешілмей жүрген мәселелері бойынша лауазымды тұлғалардың жеке қабылдауларында баяндауға құқылы.

         Жеке және заңды тұлғалар өздерінің мәселелері бойынша жеке қабылдауға кіру үшін алдын-ала мемлекеттік органдарға бару арқылы жазылуы қажет. Яғни, жеке қабылдауға жазылу әлі күнге дейін жазбаша нысанда жүргізіледі.

         Бұл өз кезегінде жеке және заңды тұлғалардың мемлекетітк орган қызметкерлерімен жеке қабылдау күніне дейін алдын-ала байланысуына жол ашады. Соның салдарынан жеке және заңды тұлғалардың кейбір шешілмей жүрген күрделі мәселелері мемлекеттік орган басшысының назарына жетпей қалып жатады.

         Осыған орай, жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік орган қызметкерлерімен тікелей байланысын болдырмау және азаматтарға қолайлы жағдай жасау мақсатында Кодекске өзгерістер енгізіп, жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік орган басшыларының жеке қабылдауына жазылу процесін электрондық жүйеге енгізу қажет.

       ҰСЫНЫМДАР:

      1) Жолданымдардың мерзімінде қаралуын әрі сапалы шешім қабылдануын қамтамасыз ету мақсатында Атырау облысы бойынша Әділет департаментіне Кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізуге ұсыныс хат жолдау.

       2) Тыңдау рәсімін сапалы жүргізу және лауазымды тұлғалар мен орындаушы қызметкерлердің жауапкершілігін арттыру мақсатында Атырау облысы бойынша Әділет департаментіне Кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізуге ұсыныс хат жолдау.

       3) Жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік орган басшыларының жеке қабылдауларына электрондық жүйе арқылы жазылуын қамтамасыз ету мақсатында Атырау облысы бойынша Әділет департаментіне Кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізуге ұсыныс хат жолдау.

 

         2.5. Ұйымдастыру, жұмылдыру даярлығы және төтенше жағдайлар бөлімі:

         Ұйымдастыру, жұмылдыру даярлығы және төтенше жағдайлар бөлімі аудан әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

         Бөлімнің міндеті аудандағы жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жөніндегі іс-шаралардың орындалуын ұйымдастыру.

         Ережеге сәйкес бөлімнің функциясына:

         - жұмылдыру дайындығы жұмылдыру жөніндегі іс-шаралардың орындалуын ұйымдастырады;

         - жергілікті әскери басқару органдарына олардың бейбіт уақыттағы және жұмылдыру жарияланған кездегі жұмысына жәрдем көрсету, қала аумағында әскери-экономикалық және командалық-штабтық оқулар өткізуге қатысады;

         - аудан аумағындағы мемлекеттік органдар мен ұйымдарды жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында жұмыс істеуге көшіру жөніндегі іс-шаралар кешенін іске асыруды ұйымдастырады;

         - аудан әкімдігінің жұмылдыру жоспарын әзірлеу және жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органмен келісу, аудан әкіміне бекітуге енгізу, сондай-ақ, аудан аумағында жұмылдыру дайындығы бойынша іс-шараларды жүргізеді;

         - жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органға жұмылдыру дайындығын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;

         - аудан аумағындағы жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жөніндегі іс-шараларды жоспарлап, орындалуын қадағалайды;

         - жұмылдыру, соғыс жағдайы және соғыс уақытында аудан аумағында шақырылуға жататын азаматтарды уақытылы құлақтандыруды және жеткізуді, жиналу пунктеріне және әскери бөлімдерге техника беруді ұйымдастырады;

         - аудан аумағында жұмылдыру дайындығы мақсатында ұйымдармен жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында тауарларды өндіруге, жұмыстарды орындау мен қызметтерді көрсетуге шарттар жасауды ұйымдастырады;

         - аудандық деңгейдегі терроризмге қарсы күрес жөніндегі комиссиясының жұмысына атсалысады.

         - кеңейтілген мәжілістерді, аудан әкімінің тұрғындар мен аудандық мәслихат алдында есеп беру іс-шараларын әзірлеу, өткізу, хаттамалық қамтамасыз ету, орындалуын бақылау және оларға қатысу;

         - сайлау науқанына әзірлену және өткізу, сайлаушылардың тізімін әзірлеу, аудандағы учаскелік, округтік, аумақтық сайлау комиссияларын қалыптастыру шараларына қатысу;

         - аудан әкімі және аппарат басшысының қатысуымен өткізілетін консультативтік-кеңестік және ұйымдастыру-тапсырмалық іс-шараларды әзірлеуді және өткізуді қамтамасыз ету;

         Осыған байланысты, ұйымдастыру, жұмылдыру дайындығы, аумақтық қорғаныс және төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің негізгі қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілер зерделенді.

         Нәтижесімен бөлімнің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін туғызатын жағдайлар анықталмады.

        

         ІІІ. Персоналды бағалау, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдарды айқындау.

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдар

Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне шалдыққан лауазым

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің деңгейі

Мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы, маманы және әзірлеуші органдардың басшылары

Номашығармашылық қызметін қамтамасыз ету

ҚР Кәсіпкерлік кодексінің
67-бабы мен
«Құқықтық актілер туралы»
ҚР Заңының 19-бабының
6-тармағына сәйкес НҚА жобаларын БАҚ-тарда жариялау не жарияламау қарама-қайшылығы

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындау деңгейі төмен

Мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы, маманы және әзірлеуші органдардың басшылары

Нормашығармашылық қызметін қамтамасыз ету

Қабылданатын НҚА-ды мүдделі мекемелермен келісу мерзімдерінің ұзақтығы

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындау ықтималдығы жоғары

Персоналды басқару және кадр жұмысы
бөлімінің басшысы, маманы

«Б» корпусының бос немесе уақытша бос лауазымдарына конкурс жариялау

 

«Б» корпусының босаған немесе уақытша босаған лауазымдарына ол босаған уақыттан бастап конкурс жариялаудың мерзімі Қағидада көзделмеуі

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындау ықтималдығы жоғары

Персоналды басқару және кадр жұмысы
бөлімінің басшысы, маманы, конкурстық комиссия мүшелері

Конкурстық комиссиямен қалыптастырылған сұрақтар тізімі

Кандидаттарға қойылатын сұрақтардың қағаз түрінде болуы және сұрақ таңдау еркіндігі

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындау ықтималдығы жоғары

Жалпы және шаруашылық бөлімінің басшысы, маманы және барлық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдардың басшылары, мамандары

Жолданымдармен жұмыс

Жолданымдардың мазмұндарына қарай жолданымның нақты бір түріне жатқызылу ерекшелігінің болмауы

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындау ықтималдығы жоғары

Аудан әкімі аппаратының құрылымдық бөлім басшылары, мамандары және барлық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдардың басшылары, мамандары

Тыңдау рәсімін жүргізу

Тыңдау рәсімін өткізетін төрағасы мен хатшысының қандай лауазымдар болу керектігінің көзделмеуі

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындау деңгейі төмен

Жалпы және шаруашылық бөлімінің басшысы, маманы және барлық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдардың басшылары, мамандары

Жеке қабылдау

Жеке қабылдау процесінің әлі күнге дейін жазбаша қағаз түрінде болуы

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындау ықтималдығы жоғары

 

  1. Мүдделер қақтығысын реттеу.

Аудан әкімі аппаратында мүдделер қақтығысы бар фактілер анықталған жоқ.

 

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету.

         Аудан әкімі аппаратымен мемлекеттік қызметтер көрсетілмейді.

 

  1. Рұқсат беру функцияларын іске асыру.

         Аудан әкімі аппаратының ережесінде рұқсат беру функциялары көзделмеген.

 

         VII. Бақылау функцияларын іске асыру

         Аудан әкімі аппаратымен бақылау функциялары іске асырылмайды.

 

         VIІІ.  Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу.

         Аудан әкімі аппаратының 2023 жылдың 8 айында арналған қаражаты толығымен жыл соңына дейін 100% пайызға толығымен игерілген, аппараттың қызметінде бюджет қаражатын игеру және бөлу функциялары қарастырылмаған.

 

  1. Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу.

         2023 жылдың 8 айында Аудан әкімі аппаратымен ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес заңды тұлғалармен 135 мемлекеттік сатып алу шарты жасалған.

 

         Х. Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану.

         Аудан әкімі аппаратымен 2023 жылдың 8 айында ақпараттық жүйелер әзірленбеген, себебі барлық ақпараттық жүйелер Атырау облысының әкімдігі арқылы жүргізіліп келеді.

 

  1. Талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.

         Аудан әкімдігіндегі жалпы құжат айналымы:

         2023 жылдың 8 айында жалпы құжат айналымының саны 5820 (оның ішінде,
кіріс – 3612, шығыс –2208 )
құрады.    

 

ҰСЫНЫМДАР

         Талдау нәтижесінде аппараттың қызметінде қолданылатын нормативтік-құқықтық актілерде және ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудыратын себептерді жою бойынша ҰСЫНЫМДАР:

  1. Атырау облысы бойынша Әділет департаментіне және Атырау облысы кәсіпкерлер палатасына: ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 67-бабын және «Құқықтық актілер туралы» ҚР Заңының 19-бабының 6-тармағына қатысты мәселені пысықтау мақсатында ұсыныс хат жолдау.
  2. Атырау облысы бойынша Әділет департаментіне Қабылданатын НҚА-ды мүдделі мекемелермен келісу мерзімдерін пысықтау мақсатында «Құқықтық актілер туралы» ҚР Заңына өзгерістер енгізу үшін ұсыныс хат жолдау.
  3. Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментіне Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына арналған конкурстардың жариялану мерзімін белгілеу мақсатында 2017 жылғы 17 ақпандағы № 40 бұйрығына толықтырулар енгізуге ұсыныс хат жолдау.
  4. Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментіне «Б» корпусының бос немесе уақытша бос лауазымына лауазымдық өкілеттіктеріне сәйкес қалыптастырылған сұрақтар тізімін электрондық жүйеге көшіру үшін және үміткер кандидаттарға қойылатын сұрақтардың электрондық жүйе арқылы таңдалуы үшін 2017 жылғы 17 ақпандағы № 40 бұйрығына толықтырулар енгізуге ұсыныс хат жолдау.
  5. 5. Атырау облысы бойынша Әділет департаментіне жолданымдардың мерзімінде қаралуын әрі сапалы шешім қабылдануын қамтамасыз ету мақсатында ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізуге ұсыныс хат жолдау.
  6. Атырау облысы бойынша Әділет департаментіне тыңдау рәсімін сапалы жүргізу және лауазымды тұлғалар мен орындаушы қызметкерлердің жауапкершілігін арттыру мақсатында ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізуге ұсыныс хат жолдау.
  7. Атырау облысы бойынша Әділет департаментіне жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік орган басшыларының жеке қабылдауларына электрондық жүйе арқылы жазылуын қамтамасыз ету мақсатында ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізуге ұсыныс хат жолдау.
  8. 8. Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудыратын сәйкесіздіктерді жою бойынша ұсыныстарды орындау және уәкілетті органға хаттар жолдауға қатысты іс-шара жоспарын құру.

«КЕЛІСІЛДІ»

Жұмыс тобы мүшелері:

 

 

Ұйымдастыру, жұмылдыру даярлығы

және төтенше жағдайлар бөлімі

басшысының м.а.                                                                        Ж.Дүйсенбаев

 

Кадр қызметі және персоналды бақылау
бөлімінің басшысы                                                                      Д.Уташева

 

 

Мемлекеттік-құқықтық жұмыстар және

мемлекеттік көрсетілетін қызметті

бақылау бөлімі басшысы                                                          М.Тасмагамбетова

 

 

Мемлекеттік-құқықтық жұмыстар және

мемлекеттік көрсетілетін қызметті

бақылау бөлімі бас маманы                                                                  Ш.Бағдалова

 

 

Қарау және тиісті шаралар қабылдау үшін ұсынылды:

 

 

      Аппарат басшысы                                                                 Н.Аруев

 

 

 

Махамбет ауданы әкімі аппаратының қызметіне жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама
Дата публикации
18 сентября 2023