«Махамбет аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жорлаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүргізілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша
ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА
25 тамыз 2023 жыл Махамбет ауданы
КІРІСПЕ БӨЛІМ:
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығы және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 16қаңтардағы №21 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес жүргізілді.
тобын құру туралы» бөлім басшысының 2023 жылғы 2 тамыздағы №77 бұйрығымен құрылған келесі құрамдағы жұмыс тобы жүргізді:
мемлекеттік-құқықтық жұмыстар, мемлекеттік көрсетілетін қызметті бақылау бөлімінің бас маманы, топ мүшесі;
25 тамыз аралығында жүргізілді.
аралығындағы кезең қамтылды.
Махамбет аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы С.Кенжебаевқа топ жетекшісі ретінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу және жұмыс нәтижелері үшін басшылық, үйлестіру және жауапкершілік жүктелді.
СИПАТТАМА БӨЛІМ:
І. Талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:
«Махамбет аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ұйыдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
ІІ. Талданатын объект туралы мәліметтер:
Бөлім аудан көлемінде инфрақұрылымды дамыту, оның ішінде: тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, автокөлік жолдарын басқару, ауданішілік қоғамдық тасымалдарды ұйымдастыру, жылу беру маусымы, жарықтандыру, ауыз сумен қамтамасыз ету, тұрмыстық қатты қалдықтар бойынша мониторинг жүргізу, абаттандыру және басқа да, жалпы 36 функциядан тұратын қызметтерді жүзеге асыратын коммуналдық мемлекеттік мекеме болып табылады.
Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ, мекеменің Ережесіне сәйкес іске асырады.
Мекен-жайы: Махамбет ауылы, Абай Құнанбаев көшесі №16 ғимарат.
ІІІ. Бөлімнің қызметіне, оны ұйымдастыру-басқару қызметін реттейтін НҚА мен ішкі құжаттарға сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыс тобы кодекстерді, заңдарды, нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ бөлім өз қызметінде басшылыққа алатын құқықтық актілерді зерделеді.
Бөлім қызметінде келесідей НҚА пайдаланылады:
министрліктердің бұйрықтарымен бекітілген қағидалар.
№ 1 тәуекел: «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V ҚРЗ Заңының 22-бабының 2-тармағында Тапсырыс беруші ескертулер, сондай-ақ конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы сұрау салулар болған жағдайда, конкурстық құжаттаманы алдын ала талқылау мерзімі өткен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде 1), 2), 3) тармақшаларына сәйкес тиісті шешімдердің бірін қабылдайды делінген. Бұл дегеніңіз конкурс жарияланғанға дейін үш жұмыс күнді, әлеуетті өнім берушілерге жауап қайтаруға бес жұмыс күнді, яғни барлығы күнтізбелік он күннен аса уақытты алып, осының салдарынан келісім шартқа отыру мерзімі кешеуілдейді немесе қайта конкурс өткізіледі. Бұл, өз кезегінде жұмыстың мерзімінде және сапалы орындалуына, сондай-ақ қаржының уақытылы игерілуіне кедергісін келтіріп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің пайда болуына әкеп соғуы мүмкін.
ҰСЫНЫМ: "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабының 2-тармағына өзгеріс енгізе отырып, көрсетілген бес жұмыс күнді қысқарту жолдары қарастырылса.
№2 тәуекел: ҚР Инвестициялар және даму министрі м.а 2015 жылғы 26 наурыздағы №349 бұйрығымен бекітілген Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларының 165-тармағында жергілікті атқарушы орган бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе интернет ресурстарында конкурс өткізілгенге дейін күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей:
ҰСЫНЫМ: Конкурс жариялаудың ашықтығын, хабар берудің мүмкіндіктерін арттыру мақсатында, Қағиданың 165-тармағындағы «интернет ресурстарында» деген сөздер, «интернет ресурстарында, әлеуметтік желілерде» деген сөздермен толықтыру жолдары қарастырылса.
Махамбет аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен аудан әкімі бекітеді.
Бөлімнің штаттық құрылымы:
2023 жылдың 6 айы бойынша штат саны-9 (бөлім басшысы -1, бас маман-3, әдіскер-1, архивші-1, нұсқаушы-1, статист-1, автокөлік жүргізуші-1).
Аудан әкімімен лауазымға тағайындалатын, лауазымнан босатылатын:
1 (бір) бөлім басшысы;
Бөлім басшысымен қызметке қабылданатын, қызметтен босатылатын:
3 (үш) бас маман;
5 (бес) штаттан тыс қызметкерлер, оның ішінде әдіскер-1, архивші-1, нұсқаушы-1, статист-1, автокөлік жүргізуші-1.
1 (бір) әдіскер;
1 (бір) архивші;
1 (бір) нұсқаушы;
1 (бір) статист;
1 (бір) автокөлік жүргізуші;
Бөлім қызметкерлері бөлім басшысына, аудан әкіміне және оның орынбасарларына, аппарат басшысына бағынады.
2023 жылдың 6 айы бойынша бөлімдегі тәртіптік шара қолданылған қызыметкерлер болған жоқ.
VI.Мүдделер қақтығысын реттеу. Мемлекеттік қызметшілер арасында мүдделер қақтығысы орын алмаған. Кадрлық қамтамасыз ету қызметінде сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін фактілер орын алмаған.
VII. Мемлекеттік қызметтер көрсету.
Бөлім арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызыметтер саны – 9 (тоғыз).
|
№ |
Қызмет атауы |
Мемлекеттік қызмет коды |
|
1 |
Ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастарда әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша автомобильдік жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау/ Субсидирование убытков перевозчика, связанных с осуществлением автомобильных пассажирских перевозок по социально значимым сообщениям в межрайонном (междугородном внутриобластном), внутрирайонном, городском (сельском) и пригородном сообщениях |
|
|
2 |
Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарын және қозғалыс кестелерін бекіту/ Утверждение маршрутов и расписания движений регулярных городских (сельских), пригородных и внутрирайонных автомобильных перевозок пассажиров и багажа |
01101007 |
|
3 |
Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруды келісу/ Согласование размещения объектов наружной (визуальной) рекламы в полосе отвода автомобильных дорог общего пользования областного и районного значения |
01104002 |
|
4 |
Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру/ Выдача паспорта готовности энергопроизводящим и энергопередающим организациям к работе в осенне-зимний период |
01401002 |
|
5 |
Ағаштарды кесуге рұқсат беру/ Выдача разрешения на вырубку деревьев |
01404012 |
|
6 |
Тұрғынүйкөмегінтағайындау/ Назначение жилищной помощи |
02701001 |
|
7 |
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы/ Постановка на учет и очередность, а также принятие местными исполнительными органами решения о предоставлении жилища гражданам, нуждающимся в жилище из государственного жилищного фонда или жилище, арендованном местным исполнительным органом в частном жилищном фонде |
02701002 |
|
8 |
Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендiру/ Приватизация жилищ из государственного жилищного фонда |
02701003 |
|
9 |
Тұрғынүйсертификаттарын беру/ Выдача жилищных сертификатов |
02701005 |
2023 жылдың 6 айында 80 мемлекеттік қызмет көрсетілсе, 55-қанағаттандырылып, 25-і бас тартылды.
VIII. Рұқсат беру функцияларын іске асыру.
Бөлімде Жасыл екпелерді күтіп ұстаудың және қорғаудың үлгілік қағидаларын, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын және «Ағаштарды кесуге рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидасы.
ІХ. Бақылау-тексеркеу функцияларын іске асыру.
Бөлімге төмендегі бақылау-қадағалау функциялары жүктелген.
Х. Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу.
Махамбет аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне, 2023 жылға бөлінген қаржы 6 293 472,0 (ОБ-2 700 378,0 мың тг, ЖБ-2 593 094,0 мың тг, РБ-1000 000,0 мың тг) мың теңге қаржы бөлінді. Қаңтар-маусым айларында игерілген қаржы 1 506 935,0 (ЖБ-717 514,0 мың тг, ОБ-496 621,0 мың теңге, РБ-292 800,0 мың тг) мың теңге.
ХІ. Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу.
Бөліммен жеке және заңды тұлғалар арасында 2023 жылдың 6 (алты) айында 59 келісім шарт рәсімделген, Оның ішінде: 9 ашық конкурс, 15 бір көзден, 5 өткізілмеген мемлекеттік сатып алу бойынша бір көзден, 27 бағалы ұсыныстарға сұраным, 2 рейтингтік-балдық жүйе пайдаланылатын конкурс, 1 негіздемелік келісімді қолдану арқылы байқаудың екінші кезеңі.
ХІІ. Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану. Бөліммен «Е-Өтініш», «Е-Архив», «Е-Лицензия», «Kezekte.kz», «Е-Қазына» автоматтандырылған ақпараттық жүйелері пайдаланылады.
ХІІІ. Талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.
2023 жылдың қаңтар-ақпан айларындағы атқарылған жұмыстар
Көлік инфрақұрылымын дамыту бойынша:
Автомобиль жолдары.
Махамбет ауданда барлығы 123 шақырым республикалық, 81,4 шақырым облыстық, 260 шақырым аудандық маңыздағы автомобиль жолдары бар. Республикалық жолдарының 100 пайызы, облыстық және аудандық жолдардың 95,9 пайызы жақсы және қанағаттанарлық жағдайда. Бұл көрсеткіш жаңа мөлтек аудандардағы болашақта салынатын жолдарды қоспағанда.
Атап айтқанда:
«Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында Сарытоғай ауылының 10,9 шақырым ауылішілік жолдарын күрделі жөндеу жұмыстары аяқталып, қабылдауға дайын тұр. Жобаның құны -1 594,5 млн. теңге. Мердігері - «АтырауИнжСтрой-АИС» ЖШС-і. Жұмыстар бойынша күні бүгінге 12 шақырым асфальт және 2,8 шақырым жаяу жүргінші жолы төселіп, нысан пайдалануға берілді.
Сонымен қатар Махамбет ауылының 2-этап жобасы бойынша Жасыл белдеу мөлтек ауданының Мөңкеұлы, К.Бәйсейтова және Ш.Айманов көшелеріне жол төсеу жұмыстары аяқтала келді. Мердігері «Толағай-2050» ЖШС-і , 2023 жылға 500,0 млн. теңгесі қаралып, қосымша тағы 500,0 млн. теңге берілді.
Махамбет ауылының 1-этап жобасы 300,0 млн. теңге, Ақтоғай ауылының кірме жолын күрделі жөндеуге 300,0 млн. теңге, Талдыкөл ауылының кірме жолын күрделі жөндеуге 302,5 млн. теңге биылғы маусымдағы облыстық бюджетті нақтылау кезінде бөлінді.
Жол жүрісі және жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Аудандық бюджет есебінен Махамбет ауылы ішінде 250 шаршы метрді құрайтын шұңқырлық жөндеу жұмыстарына барлығы 5,0 млн. теңге қаралып, асфальттар жөнделді. Бұған қоса аудан бойынша 75 дана жол белгілерін орнату жұмыстары жүріп жатыр және 10 дана жасанды жол кедергілерін орнату үшін 6,0 млн. теңге қаралып, 60 метр жасанды жол кедергілері орнатылды. 22 шақырым жол жолақ сызылды. 2 бағдаршамға күтіп ұстау жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар Жалғансай ауылының 9,6 км ауылішілік автомобиль жолдарын күрделі жөндеу жұмыстары басталуда. Келісім- шарттар құны – 1 922 295,0 мың теңгені құрайды. Аудандық бюджеттен 12 993,0 мың теңге және облыстық бюджеттен 100 000,0 мың теңге қаралған. Құрылыс монтаж жұмыстарын бастауға рұқсат (талон)алынды. 2022 жылы 4 көшеге геотексил, георешетка, щебень, құм төсеу жұмыстары атқарылып, 162 993,0 мың теңге игерілді. 2023 жылға бөлінген қаржы 1 730 066,0 мың теңгені құрайды. 1 мамырға қаржыландыру бойынша 503 144,0 мың теңге жоспарланған, толық игерілді.
Биылғы жылы Махамбет ауылы ішіне қосымша 3,4 маршруттар шығарылып жолаушылар тасымалы ұйымдастырылды.
Ауыз сумен жабдықтау.
Ауданда 15 су тазарту қондырғылары жұмыс жасайды. Қазіргі уақытта аудан халқының 98,1% ауыз суды орталықтандырылған су желісі арқылы тұтынуда.
2023 жылғы облыстық бюджеттен аудандағы 13 су тазарту қондырғысын қайта жаңғырту үшін ЖСҚ жасақтауға және жұмыс жобасын сараптамадан өткізуге 134393,0 мың теңге қаралды, Махамбет ауылындағы №2 су тазарту қондырғысына су мұнарасын орнатуға 38 000,0 мың теңге қаралды, жұмыстар жүріп жатыр. Қазіргі таңда 12 су тазарту қондырғысын қайта жаңғырту үшін ЖСҚ жасақтауға мердігермен келісім-шарт жасақталды. Су тазарту қондырғыларына 7 тонна коагулянт алынып берілді.
Ауданда су тазарту қондырғылары жоқ алты кішігірім елді мекендер бар. (Есмахан, Көздіқара, Томан, Атамбаев, Бала Ораз, Кеңөріс елді мекендері). Бұл елді мекендерге ауыз су автокөліктермен тасымалданады. Жер асты су көздерін пайдаланып отырған елді мекендер жоқ. Осы орайда аудан әкімдігі тарапынан аталған елді мекендерге іргелес ауылдық округ орталықтарының су тазарту қондырғыларынан су желілерін жүргізуге облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасына биылғы жылы сұраныс берілді. Нәтижесінде биылғы жылға Есмахан, Көздіқара, Бала Ораз, Атамбаев елді мекендеріне су желісінің құрылысына ЖСҚ жасақтау үшін 20 000,0 мың теңге қаралып келісім- шартқа отырды. Қазіргі уақытта жобалау жұмыстары жасақталуда.
Тұрғын үймен қамтамасыз ету.
Аудан көлеміндегі мемлекеттік тұрғын үйге мұқтаж азаматтар Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2021 жылғы 13 тамыздағы "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» №441 бұйрығында көрсетілген санаттар бойынша мемлекеттік тұрғын үй кезегіне тіркеледі.
Бүгінгі таңда аудан бойынша 1244 азамат әр түрлі санаттар бойынша тұрғын үй кезегіне тіркелген. Махамбет ауданы бойынша тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың өтініштерін қабылдау «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» АҚ Атырау облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Махамбет аудандық бөлімі арқылы және «kezekte.kz» сайты арқылы электронды түрде түседі. Махамбет аудандық тұрғын үй кезегіне тіркелу үшін ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан қазіргі уақытқа дейін «kezekte.kz» сайты арқылы тұрғын үй кезегіне қою туралы 97 өтініш түсті. Оның ішінде: 62 өтініш қанағаттандырылып, 29 өтінішті қанағаттандырудан бас тартылды. Аудан бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж 1251 азамат кезекте тұр. Оның ішінде көпбалалы отбасы санатымен - 321 адам, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санатымен – 49 адам, әлеуметтік жағынан осал топтар санаты бойынша – 449 адам, мемлекеттік қызметшілер және бюджеттік мекеме ұйымдарының қызметкерлері санатымен – 388 адам және жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының Заңнамасымен бекітілген тәртіппен авариялық деп танылған азаматтар санатымен – 44 адам мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтар кезектілігінде тұр.
2023 жылы ауданда облыстық бюджет қаражаты есебінен аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне 216 000,0 мың теңге, аудандық құрылыс, сәулет және қалақұрылысы бөліміне 396 000,0 мың теңге, Сарайшық ауылынан 7 тұрғын үй сатып алуға 70 000,0 мың теңге қаражат бөлінді. Тұрғын үй кезегіне әлеуметтік осал топтар бойынша 2 отбасыға тұрғын үйлер табысталды. Толық емес отбасы бойынша 1 пәтер, мүгедек бала тәрбиелеуші отбасы бойынша 1 пәтер табысталды.
Барлығы ауданда жалпы саны 23 көппәтерлі тұрғын үй бар. Олардың 4-і коммуналдық меншікте (Махамбет ауылы, Шұғыла мөлтек ауданы, №54А, №55А, №56А 60 пәтерлік үйлер, Сарайшық ауылы, Н.Абуталиев көшесі, №6Б 8 пәтерлік үй). Қалған 19 үйлердің пәтерлері жекешелендірілген. 3-уі апатты деп танылған.
Көгалдандыру.
Қазақстан Республикасының президентінің 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына арналған Жолдауында 5 жыл ішінде елді мекендерге 15 миллион ағаш отырғызу тапсырмасы берілген.
Махамбет ауданының елді мекендерін көгалдандырудың және жасыл аймақтар құрудың 2021-2025 жылдарға арналған өңіраралық жоспары бекітіліп, 2023 жылы Махамбет ауданы бойынша топырақтық-климаттық жағдайында өсуге бейімделген 13 225 000 дана ағаш отырғызу жоспарланған.
Жоспарланған ағаштың 5700 данасы егілді. Қазіргі таңда күтіп ұстау жұмыстары жүргізілуде.
Тұрмыстық қатты қалдықтарды басқару жайлы.
Махамбет ауданы бойынша 21 елді мекен бар. Осы кезге дейін 20 елді мекенде облыс әкімінің 2017 жылғы 10 қарашадағы №295 қаулысымен бекітілген 21 қатты тұрмыстық қалдықтар төгетін орындарына жер учаскесі үш жыл мерзімге уақытша бөлінді. Алайда жер учаскесінің мерзімдерінің өтуіне байланысты қайта рәсімдеу жұмыстары аяқталды. Шағын елді мекендерде 11 қатты тұрмыстық қалдықтарды уақытша сақтау орындары бар. Қазіргі уақытта аудандық жер комиссиясынан жер құжаттары рәсімделіп, аудандық әкімдігінің қаулысы шықты. Барлық қатты тұрмыстық қалдықтар төгетін орындарының айналасы талапқа сай қоршалған. Жыл сайын аудандық бюджетттен қаржы қаралып жеке кәсіпкерлермен келісім-шарт жасақтасу арқылы тазаланып отырылынады.
Махамбет ауданы орталығында, көп пәтерлі тұрғын үйлердің алдында 8 жерде қатты тұрмыстық қалдықтар төгетін контейнерлер орналасқан алаңшаларда 24 дана контейнерлер бар, ал көше аралық 76 контейнер орнатылған. Махамбет ауданына қарасты Сарайшық ауылдық округінде 3 алаңша және 50 дана контейнері бар. Бейбарыс ауылдық округінде 10 алаңшада 10 контейнер бар.
Биылғы жылы Махамбет ауылынан ҚТҚ палигонын салу үшін облыстық бюджеттен 135,0 млн. теңге және контейнерлер сатып алуға 35,0 млн. теңге қаражат қаралып отыр. Қазіргі уақытта жер актісі полигонның жер учаскесінің актісі және «Атырау-Жарық» мекемесінен электр желісін жүргізуге техникалық шарты алынды. Сонымен қатар сұрыптайтын қондырғы бойынша тауар өндірушіден коммерциялық ұсыныстары алынуда.
Аудан бойынша 2023 жылғы қаңтар-маусым айларында 2756 тонна қоқыс жиналды. Оның ішінде полигонға шығаруға жатпайтын қоқыстар 2143,5 тонна, полигонға шығарылғандары 612,5 тонна. Оның ішінде сұрыпталған 158 тонна, яғни 24 пайызды құрап отыр. Барлық ауылдық округтердегі полигондар талапқа сай келмегендіктен эмиссияға рұқсат ала алмай отыр. Аудан бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды уақытша сақтау орындарын сенімгерлік басқаруға алып, сұрыптаумен айналысып жатырған кәсіпкерлер жоқ. Ол үшін арнайы талапқа сәйкес полигон керек. Оның ішінде сұрыптау орны, қоқыс жинайтын асты бетондалған шұңқыр және айналасы қоршалып, инженерлік желілер жүргізілуі (электр, су, газ, жол) қажет және айналасы көгалдандырылуы керек.
Аудан территориясынан қалалық полигонға жақын аумақтан «ГринСитиКлининг» ЖШС-іне тұрмыстық қалдықтарды сұрыптайтын цех салуға жер учаскесі берілді.
Қысқы маусымға дайындық.
Биылғы жылға қысқы маусымға дайындық жұмыстарына облыстық бюджеттен 43344,0 мың теңге қаралды. Аталған қаржыға дизелді генераторлар – 5 дана, КТП – 3 дана алынады. Бұған қоса қысқы дайындық жұмыстарына жергілікті бюджеттен 32,567 мың теңге қаралып, таза су қондырғыларына және таза су желілеріне ауылдық округтерге су насостары К100-65-200 22 квт, ГНОМ – 2 дана, мотопомпа – 6 дана, дизелді генератор – 2 дана, дәнекерлеу агрегаты – 2 дана, гофралық шланга - 60 метр, компрессор – 2 дана алынды.
Бөлімдегі жалпы құжат айналымы
2023 жылдың 6 айындағы құжат саны - 605 (кіріс-498, шығыс-107).
Өтініштермен жұмыс жасау барысы туралы
2023 жылдың 6 айында өтініштер саны –13.
Бөлімге «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы келіп түскен өтініштердің мерзімінде тіркелуі, сапалы орындалуы және уақытылы жауап берілуі қатаң бақылауға алынған.
ҰСЫНЫМДАР:
1.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша:
1.1. Атырау облысының мемлекеттік сатып алу басқармасына: Мемлекеттік сатып алу конкурстарын өткізу барысында әлеуетті өнім берушілер тарапынан түсетін сұрау салулар мерзімін қысқарту мүмкіндіктерін қарастыру үшін ұсыныс беру.
1.2. Атырау облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына: Қолданыстағы заңнамаларға сәйкес тұрақты тасымалдау маршруттарына конкурс өткізу үшін, баспа басылымдары мен интернет ресурстарында берілетін хабарландырулар қатарына әлеуметтік желілерді пайдалану мүмкіндіктерін қарастыруға ұсыныс енгізу.
«Келісілді»
Жұмыс тобы мүшелері:
Бөлім басшысы С.Кенжебаев
Бөлімнің бас маманы Н.Сапаров
Бөлімнің бас маманы Б.Койбакова
Аудан әкімі аппаратының Ш.Бағдалова
мемлекеттік-құқықтық жұмыстар,
көрсетілетін қызметті бақылау
бөлімінің бас маманы
Қарау және тиісті шаралар қабылдау үшін ұсынылды: