АНАЛИТИЧЕСКАЯ СПРАВКА о результатах внутреннего анализа коррупционных рисков деятельности государственного учереждения «Отдел занятости, социальных программ и регистраций актов гражданского состояния Махамбетского района»

 

 

 

 

 

 

 

 

АНАЛИТИЧЕСКАЯ СПРАВКА

о результатах внутреннего анализа коррупционных рисков деятельности государственного учереждения «Отдел занятости, социальных программ и регистраций актов гражданского состояния Махамбетского района»

 

с. Махамбет                                                              5 июля 2023 года

 

КІРІСПЕ БӨЛІМ

«Махамбет аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі  (бұдан әрі – Бөлім) басшысының 2023 жылғы 29 мамырдағы «Жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар  және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы "№ 67 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 5 маусым мен 5 шілде аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Ішкі талдаумен бөлімнің 2023 жылдың 5 айындағы жұмыс кезеңі қамтылды.

«Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығына сәйкес мүгедектерге қызмет көрсетуде келесі бағыттар бойынша ішкі талдау жүргізілді:

1)       Мүгедектігі бар адамдарға қызмет көрсету бағытындағы нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2)       Мүгедектігі бар адамдарға қызмет көрсету бағытындағы  ұйымдастыру-басқару қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

1. Мүгедектігі бар адамдарға қызмет көрсету бағытындағы Нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау:

1.1. Мүгедектігі бар адамдарға қызмет көрсету бағытындағы нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдер:

Бөлім өз қызметін Махамбет аудандық әкімдігінің 2022 жылғы 24 маусымдағы қаулысымен бекітілген ереже (бұдан әрі - Ереже) негізінде жүзеге асырады.

- Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "ҚР мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы" № 39,  "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Заңдары, - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы "Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы" № 26 бұйрығы, - Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласында мемлекеттік қызметтер көрсету туралы 2020 жылғы 28 мамырдағы № 197 Қағидалары Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224  «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ»  2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілуіне байланысты  жоғарыдағы заңдардың күші жойылады. Сол себептен аталған НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДі зерделеу  мүмкіндігі жоқ.

1.2. Әлеуметтік көмек көрсету  бойынша;

«Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 қаулысымен  (бұдан әрі- Қаулы) Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидалары, «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Атырау облысы Махамбет аудандық мәслихатының 2017 жылғы 26 мамырдағы №147 шешімі негізінде жүзеге асырылады.

Қаулының 26 тармақшасында ауданының шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен немесе алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген жағдайда тексеру тәртібін көздемейді. Лауазымды тұлғаларға жоғарыда аталған себептерді анықтауды өз бетінше және өз қалауы бойынша тексеруге мүмкіндік береді.     

Тексеруді кім жүргізетіні, қай мерзімде, рәсімнің мәні неде екендігі белгісіз болып қалады. Бірқатар тұжырымдамалық мәселелер реттеусіз қалып отырғандықтан, сыбайлас жемқорлық тәуекелі болуы мүмкін. Тексерулер мен туындайтын шешімдер мәселелері лауазымды адамдардың еркін қарауына жатқызылатын болады. Қаулының 12 тамақшасында  Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша ЖАО бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.

         Тізімдерді қандай «өзге де ұйымдар» ұсынуға құқылы екендігі белгісіз. Ақпараттың ашықтығы мен қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін "басқа" терминінің орнына әлеуметтік көмек алу үшін қандай ұйымдардың тізімдер беруге құқығы бар екенін көрсету керек, сонымен қатар тізімдерді беру шарттары мен мерзімдерін анықтау керек. Нәтижесінде, қандай да бір сипаттамаларды құқықтық нормаға сәйкес деп санаған кез келген лауазымды адам өз қалауы бойынша шешім қабылдауы мүмкін. құқылы. Осы нормаға сүйене отырып, лауазымды тұлға өз қалауы бойынша мүдделі немесе пайдалы ұйымдардан әртүрлі тізімдерді қабылдай алады. Мазмұнынан осы өкілеттіктің шектерін айқындау мүмкін емес лауазымды адамның және/немесе мемлекеттік органның өкілеттігі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің факторы болып табылады. Дискрециялық өкілеттіктердің кеңдігі шешім қабылдау мерзімдерінің, шарттарының немесе негіздерінің болмауымен немесе белгісіздігімен сипатталады. Осыған байланысты, лауазымды адамдарда өздерінің еркін қалауы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету шарттарын өз бетінше анықтай алатындығына байланысты кең дискрециялық өкілеттіктер пайда болады.

Ұсыныстар:

Аудан әкімдігіне, алушы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен немесе алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген жағдайда тексеру жүргізудің тәртібін, негіздері мен мерзімдерін көздеу туралы ұсыныс етуге.

Аудан әкімдігіне Әлеуметтік көмек алу үшін қандай ұйымдардың тізімдер беруге құқығы бар екенін көрсету туралы, сонымен қатар тізімдерді беру шарттары мен мерзімдерін анықтау туралы ұсыныс енгізу.

2.      Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыты бойынша жүргізілсін                         (мүгедектігі бар адамдарға қызмет көрсету бойынша).

 

2.1 Персоналды басқару, оның ішінде кадрлардың ауысуы.

Бөлім қызметкерлерінің штаттық саны 2023 жылғы жағдай бойынша 7 адамды құрады. 2022 жылдың 31 желтоқсанында бір бас маман жұмыстан өз еркімен босатылды.  2023 жылғы 1 маусымына бос жұмыс орындары-1 бірлік. Лауазымға іріктеу және тағайындау тәртібі персоналды кадр бөлімі арқылы жүргізіледі.

Лауазымдық міндеттерге сәйкес әр қызметкерге жүктеме біркелкі бөлінген. Қызметкерлерді көтермелеу кезінде сыйлықақыны бөлу біркелкі пайыз мөлшерінде жүргізіледі.

Махамбет аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің сәуір айында мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті кешіктіріліп тағайындалуына жол бергені үшін бөлімнің бас маманына "ескерту" түрінде тәртіптік жаза берілген (22.05.2023 жылғы №64 бұйрық).

 

2.2 Мүдделер қақтығысы

Ұсынылған мәліметтерді талдау мүдделер қақтығысы фактілерін анықталган жоқ.

2.3 Мүгедектігі бар адамдарға мемлекеттік қызмет көрсету бағыты бойынша

  2.3.1. Мүгедектерге қызмет көрсету бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде бекітілген қағидаларға сәйкес көрсетілді.

Лауазымды тұлғалардың стандарттарда көзделмеген құжаттарды талап ету фактілері ішкі талдау жүргізу кезінде анықталған жоқ.

Бөлімде мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары орналастырылған.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде лауазымды тұлғалардың тиісінше жұмыс істемеу фактілері анықталған жоқ.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша статистикалық есептілік уақтылы ұсынылады. Маманға сапалы және уақтылы ақпарат беру үшін жеке жауапкершілік жүктелген.

Бөлім мүгедектерге қызмет көрсету бойынша мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес 9 мемлекеттік қызмет көрсетеді.

Барлығы 2023 жылғы 1 маусымға дейін 362 мемлекеттік қызмет көрсетті. Оның ішінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ арқылы 51 мемлекеттік қызмет көрсетілді, «Электрондық үкімет» порталы арқылы 293  мемлекеттік қызмет, ақпараттық жүйелер арқылы 7 мемлекеттік қызмет, 11 проактивті қызмет көрсетілді. 

2.3.2 Инватакси қызметі бойынша:

Инватакси қызметін көрсету-«Автомобиль көлігімен мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м.а 2013 жылғы 1 қарашадағы №859 бұйрығымен реттеледі.

Анықтама үшін: Инватакси – мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау бойынша әлеуметтік қызметтерді көрсетуге арналған автомобиль;

Аталған қызмет жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік сатып алулар туралы заңнамаға сәйкес мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы жүзеге асырылады.

Инватакси қызметін көрсету мемлекеттік көрсетілетін қызметі болып табылмағандықтан, жасырын қызмет түрі деп есептеуге болады.

Мүгедектігі бар адамдарға және мүгедектігі бар балаларға инватакси қызметтерін көрсетуге көрсетілімдер:

       1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 26 бұйрығымен бекітілген Оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін жеке көмекшінің және естуі бойынша мүгедектігі бар адамдар үшін жылына алпыс сағат ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерін ұсыну қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтерін көрсетуге медициналық көрсетілімдер;

       2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен бекітілген Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларына 18-қосымшаға сәйкес бөлмеде жүріп-тұруға және серуендеуге арналған кресло-арбамен қамтамасыз ететін медициналық көрсетілімдер болып табылады.

      29 тармағына сәйкес Мүгедектік белгіленген мерзімге берілген дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы мүгедектігі бар адамдарға инватакси қызметтерін көрсетуге негіздеме болып табылады.

      Қызметтерді алу үшін мүгедектігі бар адам инватакси қызметін көрсететін ұйымға мынадай құжаттарды ұсынуы қажет:

      1) өтініш (еркін нысанда);

      2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

    3) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 026/е нысан бойынша дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы;

       4) № 44 бұйрықпен бекітілген Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларына 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мүгедектік туралы анықтаманың көшірмесі.

 2), 4), тармақшаларында көрсетілген құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқада және көшірме түрінде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқасы мүгедектігі бар адамға қайтарылады.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде ,бөлім құжаттарды қабылдамайды және есебін жүргізбейді,өтініштер мен құжаттар инватакси қызметін көрсететін ұйымда сақталады.

Жергілікті атқарушы органдардың инватакси қызметтеріне ақы төлеуі автомобиль көлігінің тәулігіне сағатпен (машина-сағатпен) өлшенген нақты жұмыс уақытын негізге алады делінген. Машина сағатын есептеу методикасы жоқ.

Қазіргі таңда бөлім қызмет көрсету актісіне қол қою және  қызметіне қаржыны төлеумен шектеліп отыр. Жұмыс барысында бөлімнің қызмет көрсеттін ұйымдарды бақылау мүмкіндігі жоқ.

Қызметті көрсету актісінде қызмет алушының уақыты (барған уақыты, қайтқан уақыты, барған пункті көрінеді) алайда бармаған жерді көрсетіп оған қол қойылуы  мүмкін.

Ұсыныс:

Бөлім аудан әкімдігіне инватакси қызметін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізу туралы және Машина сағатты есептеу методикасының қағидасын енгізуге, инватакси қызметін оңтайландыру бағытында орталық атқарушы органға ұсыныс хат жолдау.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою және бюджеттің қаржысын мақсатты пайдалану мақсатында инватакси қызметін көрсетуге қоғамдық көлік (такси)(барлық талаптар ескеріле отырып) шығарылып,  жүрген уақыттары, барған жерлері тіркеліп отырылса.

 

2.3.3 Қорғаншы белгілеу қызметі бойынша:

Әрекетке қабілетсіз адамдарға қорғаншы белгілеу қызметі «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі-Кодекс) және «Мемлекеттік қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 30 наурыздағы № 382 ҚР Үкіметінің қаулысы (бұдан әрі-қаулы) негізінде жүзеге асырылады.

Анықтама үшін: Кәмелетке толғандарға қорғаншы белгілеу қызметі-Сот әрекетке қабiлетсiз деп шешім күшіне енгеннен кейін адамдарға қорғаншылық тағайындау7

Бұл қызмет жергілікті атқарушы органдардың -халықты әлеуметтік қорғаудың уәкілетті органдары (бұдан әрі-бөлім)арқылы жүзеге асырылады.

Кәмелетке толғандарға қорғаншы белгілеу қызметі мемлекеттік көрсетілетін қызметі болып табылмайды, нақты қағидасы бектілмеген, сол себепті бұл жасырын қызмет түрі.

Жоғарыда заңдарда мемлекеттік қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге асырудың белгіленген тәртібінің басым бөлігі кәмелетке толмағандарға қатысты.

Кодекс және қаулыға сәйкес Кәмелетке толғандарға қорғаншы белгілеудің негіздері:

1. Қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдар қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа мұқтаж адамның тұрғылықты жерi бойынша не қамқорлыққа жататын мүліктің орналасқан жері бойынша қорғаншылық немесе қамқоршылық белгiлейдi. Жекелеген жағдайларда қорғаншылық немесе қамқоршылық қорғаншының немесе қамқоршының тұрғылықты жерi бойынша белгiленуi мүмкiн.

2. Адамды әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектеулі деп тану туралы шешiм заңды күшiне енген кезден бастап үш күн iшiнде сот оған қорғаншылық немесе қамқоршылық белгiлеу үшiн бұл туралы сол адамның тұрғылықты жерi бойынша қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органға хабарлауға мiндеттi.

3. Адамға қорғаншылықты немесе қамқоршылықты немесе мүлікке қорғаншылықты белгiлеу қажеттiгi туралы тиiстi органдарға белгiлi болған кезден бастап жиырма жұмыс күні iшiнде қорғаншылық немесе қамқоршылық белгiленедi. Алайда, тапсыруға қажетті құжаттардың тізбесі айқындалмаған.

4. Кодекстің 122-бабының 2- тармағында Қорғаншы немесе қамқоршы тек қана оның келiсiмiмен тағайындалуы мүмкiн. Егер бұл қамқорлыққа алынушының мүдделерiне қайшы келмесе, жұбайы, ата-аналары, туыстары немесе қамқорлыққа алынушыға жақын басқа да адамдар қорғаншы немесе қамқоршы болып тағайындалуда басым құқыққа ие болады.

 Келісімді әрекетке қабілетсіз адамдардан алудың мүмкіндігі жоқ. Бір отбасының екі адамы қатар әрекетке қабілетсіз адамға қорғаншы белгілеуге өтініш берген жағдайда кімге, қалай тағайындау заңдастырылмаған.

Қаулының 9-тармағының 7-тармақшасында қорғаншыға немесе қамқоршыға қамқорлыққа алынушының мүлкін иеліктен шығару, оның ішінде айырбастау немесе сыйға тарту жөніндегі мәмілелерді жасасуға немесе оның атынан кепілгерлік, тұрғын үйді жалға (жалдауға), өтеусіз пайдалануға беру немесе кепілге салу шартын, қамқорлыққа алынушының заң бойынша және өсиет бойынша мұрагерлікпен тиесілі құқықтарынан бас тартуына, оның мүлкін бөлуге немесе одан үлесті бөліп алуға әкеп соғатын мәмілелерді жасасуға, сондай-ақ қамқорлыққа алынушы мүлкінің азаюына әкеп соғатын кез келген мәмілелерді жасасуға рұқсат береді. Рұқсат беру үшін жинақталатын құжаттар тізбесінің және мәміле жасау үшін қағидалар бекітілмеген.

Бөлім қорғаншылық тағайындау үшін аудан әкімдігінен келген өтінішпен құжаттарға сәйкес, қорғаншы тағайындау туралы қаулы жобасын дайындайды және  қорғаншылыққа алынушының мүлігімен мәміле жасауға рұқсат беру мәселесін қарайды.

Жоғарыдағылар негізінде ұсыныс:

Аудан әкімдігіне қорғаншылық тағайындау және мүліктеріне мәміле жасау үшін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізбесіне енгізу және қағидаларын бекіту туралы ұсыныс енгізу.

2.3.4 Сәйкестік туралы декларциясы бойынша;

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 235 бұйрығымен Сәйкестік туралы декларацияның (бұдан әрі – Декларация) нысаны бекітілген, Декларацияның 13-тармағында: «Халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін қол жеткізу қамтамасыз етіледі, оны халықтың әлеуметтік қорғау органдары растайды» делінген.

Халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін қол жеткізу сәйкестігі сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер аясында әзірленген «Халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін қол жетімділікті ескере отырып, ғимараттар мен құрылыстарды жобалау. Жалпы ережелер» (бұдан әрі–Ережелер жинағы) Қазақстан Республикасының Ережелер жинағымен реттеледі. Тиісінше, «Махамбет аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалары және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» ММ (бұдан әрі-бөлім) декларациясын сәйкестігі мәселелерін реттейтін құжаттар бекітілмеген, ал Ережелер жинағы халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін қолжетімділікті ескере отырып, ғимараттар мен құрылыстарды жобалау кезінде пайдалануға арналған. Бұрын пайдалануға берілген ғимараттарда халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін қолжетімділікті ескере отырып, Декларацияны келісуді реттейтін нормативтік құқықтық актілер (бұдан әрі – НҚА) жоқ.

Декларациядан сәйкестігін анықтауға регламент бекітілмеген, сол себепті бас тартуға немесе бекітуге  негіздері жоқ,  іс-әрекеттер регламентінің болмауы мемлекеттік органдардың қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелі болып табылады.

Бөлімде сәулет, қала құрылысы саласына сәйкес келетін білікті мамандар (инженер, құрылысшы, сәулетші және т.б.) жоқ.

Жоғарыдағылар негізінде ұсыныс:

Аудан әкімдігіне декларациядан сәйкестігін анықтауға регламент бекіту туралы орталық атқарушы органдарға, сонымен қатар, сәулет, қала құрылысы саласының мамандары сәйкестік туралы декларацияны бекітуді жүктеу туралы ұсыныс жолдауға;

2.4 Рұқсат беру функцияларын іске асыруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Мүгедектігі бар адамдарға қызмет көрсету бағытында рұқсат беру функциясы жоқ.

2.5       Бөлімде бақылау-қадағалау функциялары жоқ.

       2.6 Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу бойынша;

2.6.1     Мемлекеттік сатып алу:

 Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалатын тәртіппен және нысанда нақтылып, бекітілген.

Мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспары (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспары) бекiтілген күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде, мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастырылған. (бөлім басшысының 30.12.202ж жылғы №168 бұйрығы, порталда 9.01.2023 бекітілді).

Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді жеткізушілермен шарттар уақтылы жасалады және олардың шартқа сәйкес орындалуы бақыланады.             Бөлім бойынша 2023 жылдың 31 мамырына барлығы 11 765, 7 мың  теңгеге  23 мемлекеттік сатып алу шарты жасақталған, оның ішінде  мемлекеттік әлеуіметтік тапсырыс шеңберіндегі конкурс арқылы-  4700, 0 мың теңге,  баға ұсыныстарын сұрату арқылы -1779,0 мың теңге, бір көзден алу сатып алу арқылы-3345,6 мың теңге, өткізілмеген мемлекеттік сатып алу бойынша-1259,0 мың теңге, екінші кезеңі ұсынылған конкурстық баға ұсыныстары арқылы- 682,1 мың теңге. 

          2.7 Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу;

2022 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда жеке тұлғалардан 2022 жылдың 5 айында 8 өтініш түссе, 2023 жылдың 5 айында 7 өтініш түсті. Барлық өтініштерге белгіленген мерзімінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтай отырып қаралды.

Сыбайлас жемқорлық нәтижелері бойынша ұсынымдар:

1.Аудан әкімдігіне, алушы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен немесе алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген жағдайда тексеру жүргізудің тәртібін, негіздері мен мерзімдерін көздеу туралы ұсыныс етуге.

Аудан әкімдігіне Әлеуметтік көмек алу үшін қандай ұйымдардың тізімдер беруге құқығы бар екенін көрсету туралы, сонымен қатар тізімдерді беру шарттары мен мерзімдерін анықтау туралы ұсыныс енгізу.

2.Бөлім аудан әкімдігіне инватакси қызметін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізу туралы және Машина сағатты есептеу методикасының қағидасын енгізуге, инватакси қызметін оңтайландыру бағытында орталық атқарушы органға ұсыныс хат жолдау.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою және бюджеттің қаржысын мақсатты пайдалану мақсатында инватакси қызметін көрсетуге қоғамдық көлік (такси)(барлық талаптар ескеріле отырып) шығарылып,  жүрген уақыттары, барған жерлері тіркеліп отырылса.

3.Аудан әкімдігіне қорғаншылық тағайындау және мүліктеріне мәміле жасау үшін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізбесіне енгізу және қағидаларын бекіту туралы ұсыныс енгізу.

4.Аудан әкімдігіне декларациядан сәйкестігін анықтауға регламент бекіту туралы орталық атқарушы органдарға, сонымен қатар, сәулет, қала құрылысы саласының мамандары сәйкестік туралы декларацияны бекітуді жүктеу туралы ұсыныс жолдауға;

ЖҰМЫС ТОБЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ

 

 

 

1.

Сейлова Алия Сарсенбаевна

Аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі басшысының орынбасары,топ жетекшісі;

2

Үмбетова Гулбағила

Аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің бас маманы;

3

Болатова Зульфия Болатовна

Аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің бас маманы;

4

Каленова Инкар Шынғалиевна

Аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің бас маман-есепшісі;

5

Бағдалова

Шамшырақ Жандарбекқызы (келісім бойынша);

 

Махамбет ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық жұмыстар, мемслекеттік көрсетілетін қызметті бақылау бөлімінің бас маманы.

 

А.С.Қабдолова                                           Аудандық жұмыспен қамту,

                                                                    әлеуметтік бағдарламалар       

                                                                    және азаматтық хал 

                                                                    актілерін  тіркеу бөлімінің            

                                                                    басшысы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                               

  

          

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                        

АНАЛИТИЧЕСКАЯ СПРАВКА о результатах внутреннего анализа коррупционных рисков деятельности государственного учереждения «Отдел занятости, социальных программ и регистраций актов гражданского состояния Махамбетского района»
Дата публикации
18 июля 2023