VII шақырылған Махамбет аудандық мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауы қорытындылары бойынша хабарлама

VII шақырылған Махамбет аудандық мәслихаты депутаттарының
кезекті сайлауы қорытындылары бойынша хабарлама

 

2021 жылғы 10 қаңтарда бірыңғай сайлау округінің аумағы бойынша Махамбет аудандық мәслихаттың депутаттарының кезектi сайлауы өттi.

Аудан бойынша сайлаушылар тiзiмiне 17631 азамат енгiзiлдi, оның 12390 сайлаушы сайлау бюллетеньдерін алды немесе 70,27 пайызды құрады.

12292 адам дауыс беруге қатысты, оның есептен шығару куәлiктерi бойынша 2 сайлаушы,  үй-жайдан тыс 489 сайлаушы дауыс бердi.

Сайлауға 4 саяси партиялар қатысты.

Саяси партияларға төмендегi дауыстар саны берiлдi:

Қазақстан Халық партиясы— 967 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 8,15% дауысы;

 «Nur Otan» партиясы — 9275 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 78,16% дауысы;

«Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы – 991 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан  сайлаушылар дауысының 8,35 %;

«ADAL» саяси партиясы — 634 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 5,34% дауысы.

Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының жеті және одан да көп пайызын алған саяси партиялар үшін депутаттық мандаттар былай бөлінді:

Қазақстан халық партиясы – 1 мандат;

«Nur Otan» партиясы — 9 мандат;

«Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы – 1 мандат.

 

Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

VII шақырылған Махамбет аудандық мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауы қорытындылары бойынша хабарлама
Дата публикации
30 мая 2023