Махамбет ауданы Ақтоғай ауылдық округі әкімінің сайлауының қорытынды хабары

Махамбет ауданы Ақтоғай ауылдық округі әкімінің сайлауының

қорытынды хабары


            2023 жылғы 23 сәуірдегі Махамбет ауданы Ақтоғай ауылдық округі  әкімінің сайлауы өтті.

            Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық   Заңының   14   бабы                    9   тармақшасы,    4  бабының  2  тармағы, 45 бабы, 113-10 баптарына сәйкес, Махамбет ауданы  Ақтоғай ауылдық округі әкімінің сайлауының қорытындысы туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде сайлау нәтижелерін белгіледі:       

            Ақтоғай сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 613 азамат енгізілді, олардың ішінде дауыс бергендер саны 402. Жарамсыз бюллетеньдер саны 6, «Бәріне қарсымын»  белгісіне  белгі  салғандар саны  21.

            Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Ж.Ж.Дүйсембаевқа  49

А.С.Қайырғалиевке 115

Е.Б.Муратовқа  211

            Ақтоғай ауылдық округінің әкімі болып Муратов Есим Бекжанович 1968 жылы туған, «Ақтоғай ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-нің бас маманы, Махамбет ауданы, Махамбет ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынған кандидат сайланды.

 

 

Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Итоговое сообщение выбора акима Актогайского сельского округа Махамбетского района
Дата публикации
24 апреля 2023