Махамбет ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 22 ақпандағы №27 «Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қоюға байланысты жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» қаулысын жою туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37-баптарына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 63-бабына және Атырау облысы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2023 жылғы 25 қаңтардағы №2394-22-00-4/724 санды шешімі негізінде Махамбет ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
2.Аталған қаулыны қабылданған күнен бастап үш жұмыс күн ішінде жергелікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
3.Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н. Х. Биғалиға жүктелсін.
4.«Махамбет ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жалпы және шаруашылық бөліміне: осы қаулы қабылданған күннен бастап бес күн мерзімде қаулының көшірмелерін: азамат Муратов Нурым Амиржановичке (Махамбет ауылы, Қ.Мырзағалиев көшесі, №6 үй), «Жалғансай ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесіне, «Махамбет аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Атырау облысы бойынша филиалының Махамбет аудандық тіркеу және жер кадастры бөліміне жіберу тапсырылсын.
Аудан әкімі Қ.Нұрлыбаев