«Еңбек жолы» конкурсына қатысайық!
Қоғамда еңбек адамы туралы жақсы пікір қалыптастыру, жастардың еңбекке құрметпен қарауын, еңбек дәстүрлерін сақтау және көбейту рухында тәрбиелеу мақсатында жыл сайын «Еңбек жолы» конкурсы өткізіліп келеді.
«Еңбек жолы» конкурсын өткізудің мақсаты- ұрпақтар сабақтастығын сақтау, еңбек адамдары туралы оң қоғамдық пiкiр қалыптастыру және жаңа еңбек әулеттерін құру үшін кәсіпорындар мен ұйымдарда жағдайлар жасау, қазақстандықтарда Қазақстан Республикасы экономикасының дамуына елеулі үлес қосқан отандастарының жетістіктері үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеу және «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы» аясында еңбек адамының қоғамдағы мәртебесін арттыру және еңбек өнімділігін ынталандыру.
Конкурс жыл сайын 2 (екі) кезеңде өткізіледі: өңірлік және республикалық.
Конкурсқа мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда, саласына қарамастан кәсіпорындардың барлық қызметкерлері қатыса алады.
Конкурсқа қатысушылар ұсынған материалдар негізінде конкурс жеңімпаздарын анықтау жөніндегі республикалық және өңірлік комиссиялар мынадай номинациялар бойынша жеңімпаздарды анықтайды:
1) «Үздік еңбек әулеті» - бұл номинацияда ең ұзақ еңбек өтілі, ең көп марапаттары бар әулет таңдалады.
Еңбек әулеті – бір отбасының жақын туыстарының екі және одан да көп ұрпағы болып табылатын (ерлі-зайыптылардың бірі немесе екеуі балаларымен немесе немерелерімен), қазіргі уақытта еңбек қызметін жүзеге асыратын және осы кәсіпорында жиынтық жұмыс өтілі кемінде 20 жыл болатын бір ұйымның жұмыскерлер тобы. Еңбек қызметін бәрінен бұрын бастаған еңбек әулетінің өкілі әулеттің басшысы болып танылады.
Еңбек әулеті ауылдың, ауданның (қаланың, облыстың) қоғамдық өміріне белсенді қатысуға, жастарды кәсіптік бағдарлауға жәрдемдесуге, өз кәсібін насихаттауға тиіс.
2) «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» - бұл номинацияда кемінде 20 жыл жұмыс өтілі бар ең жоғары тиімді тәлімгер таңдалады;
3) «Өндірістің үздік жас маманы» - бұл номинацияда жұмыс өтілі 5 жылдан аспайтын ең белсенді және еңбекқор өндіріс жұмыскері таңдалады.
Конкурсты өткізу мерзімдері:
Конкурстың республикалық кезеңінің жеңімпаздарына тиісті диплом және ақшалай сертификаттар беріледі:
- 1 орын үшін – 1 000 000 (миллион) теңге;
- 2 орын үшін – 500 000 (бес жүз мың) теңге;
- 3 орын үшін – 200 000 (екі жүз мың) теңге.
Конкурсқа қатысушылар Махамбет аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөліміне екі данада қағаз және электрондық жеткізгіштерде келесі материалдарды ұсынады:
Бар болған жағдайда (келесі құжаттардың көшірмелері):
Конкурсқа құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілдерінде ұсынылады.
Барлық ниет білдірген тұрғындарды және барлық меншік нысанындағы ұйымдардың еңбек ұжымдарын аталған конкурсқа қатысуға шақырамыз.
Нақты ақпарат пен кеңесті Махамбет аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі, мекен-жайы:Махамбет ауылы,Абай 13, тел.8(71236)79040 хабарласып алуыңызға болады.