Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
ХАБАРЫ
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 113-5- бабы, 9 тармағына сәйкес Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Махамбет ауданы Ақтоғай ауылдық округтері әкімдігіне кандидаттарды тіркегендігі жөнінде хабарлайды:
Қайырғалиев Асылжан Саматұлы 1982 жылы туған, «Махамбет аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» ММ-нің бөлім басшысы, Махамбет ауданы, Махамбет ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен.
Дүйсембаев Жандос Жайлыбайұлы 1994 жылы туған, «Атырау облысы Махамбет ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-нің директорінің орынбасары, Махамбет ауданы, Махамбет ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен.
Орынғали Бақытжан Мутуұлы 1963 жылы туған, «Қазсушар» РМК Атырау филиалы Төменгі Жайық өндірістік учаскесінің жетекші инженері, Махамбет ауданы, Ақтоғай ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен.
Муратов Есим Бекжанович 1968 жылы туған, «Алмалы ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-нің бас маманы, Махамбет ауданы, Махамбет ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен.
Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясы