2023 жылғы 28 наурызда Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясына "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы "ҚР Конституциялық заңының 113-3-бабына сәйкес 2023 жылғы 23 сәуірге тағайындалған Махамбет ауданы Ақтоғай ауылдық округі әкіміне кандидаттар Орынғали Бақытжан Мутуұлының, Муратов Есим Бекжановичтің (өзін-өзі ұсыну тәртібімен) құжаттары ұсынылды.
Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Махамбет ауданы Ақтоғай ауылдық округі әкімдігіне сайлауға кандидаттардың "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" ҚР Конституциялық заңымен, «Мемлекеттік қызмет туралы» заңмен қойылатын талаптарға тиісті органдарға сұрау салу негізінде сәйкестігін белгілейді.
2023 жылғы 23 сәуірге тағайындалған Махамбет ауданы Ақтоғай ауылдық округі әкімдігіне сайлау жөніндегі күнтізбелік жоспарға сәйкес кандидаттарды ұсыну 2023 жылғы 16 наурыздан бастап 2023 жылғы 28 наурыз аралығындағы кезеңде (сағат 18.00-ге дейін) жүзеге асырылады.