Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
2023 жылғы 15 наурыздағы
№13 қаулысына қосымша
2023 жылғы 23 сәуірге тағайындалған Махамбет ауданы Ақтоғай ауылдық округінің әкімін сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары
|
1. Махамбет ауданы бойынша Ақтоғай ауылдық округі әкімін (бұдан әрі – әкімді) сайлауды тағайындау |
|
|
|
Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 2023 жылғы 15 наурызға әкімнің өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін кемінде елу күн бұрын (113-1-б.2-т.)
|
|
2. Сайлау округінің тізімін, оның шекаралары орналасқан жерін көрсете отырып, тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен 2023 жылғы 25 наурыздан кешіктірмей (22-б.)
|
|
3. Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен 2023 жылғы 25 наурыздан кешіктірмей (13-б. 4-т.)
|
|
4. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен 2023 жылғы 29 наурызынан кешіктірмей (17-б. 2-т.)
|
|
5. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Махамбет ауданының әкімі Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік 2023 жылғы 29 наурызына дейінгі мерзімде (23-б. 5-т.) |
|
6. Әкімдікке кандидаттар ұсыну |
|
|
|
Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар және өзін-өзі ұсыну тәртібімен азаматтар Егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен 2023 жылғы 16 наурыздан басталады және сайлау өткізілетін күнге жиырма бес күн қалғанда 2023 жылдың 28 наурызына жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады. (113-3-б. 5-т.) |
|
7. Әкімдікке кандидаттардың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық Заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау |
|
|
|
Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясы (4-б.,113-5-б., 11-т.2-тт.)
|
|
8. Әкімдікке кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру |
|
|
|
Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Әкімдікке кандидаттың Сайлау туралы Конституциялық заңда көзделген талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап (14-б. 8-1) т., 31-б.)
|
|
9. Әкімдікке өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған кандидаттарға қолдап қол жинау үшін қол қою парақтарын беру |
|
|
|
Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Кандидаттың Конституциялық заңда, Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада көзделген талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін үш күндік мерзімде (113-4-б.)
|
|
10. Әкімдікке кандидаттарды қолдап жиналған қолдардың дұрыстығын тексеру және тиісті хаттаманы ресімдеу |
|
|
|
Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясы паспорт қызметтерінің қызметкерлерін тарта отырып Қол қою парақтары тиісті сайлау комиссияларына тапсырылғаннан кейін үш күндік мерзімде (113-4-б. 7-т.)
|
|
11. Жергілікті аткарушы органдардың шотына республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төменгі жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізуі |
|
|
|
Әкімдікке кандидатттар, саяси партиялар (әрбір ұсынылған кандидат үшін) Кандидат тіркелгенге дейін (113-5-б. 2-т.)
|
|
12. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күніне активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну |
|
|
|
Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) Партиялық тізім тіркелгенге дейін (113-5-б. 3-т.)
|
|
13. Кандидат және оның жұбайы (зайыбы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру |
|
|
|
Мемлекеттік кіріс органдары Кандидат тіркелген күннен бастап бес күн ішінде (113-5-б. 4-т.) |
|
14. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру |
|
|
|
Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау күнінен жиырма күн бұрын 2023 жылғы 2 сәуірде жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады (113-5-б. 14-т.)
|
|
15. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Кандидаттар тіркелгеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей (113-5-б. 9-т.)
|
|
16. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру |
|
|
|
Махамбет ауданының әкімдігі және Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Үгіт басталғанға дейін (28-б. 6-т.) |
|
17. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу |
|
|
|
Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі 2023 жылғы 2 сәуірде жергілікті уақыт бойынша 18:01 де басталып, 22 сәуір жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады (27-б. 2-т.)
|
|
18. Әкімдікке кандидаттарға сайлаушылармен кездесулері үшін үй-жайлар беру, кандидаттар мен олардың сенім білдірген адамдарының бөлінген үй-жайларда сайлаушылармен кездесу кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Махамбет ауданының әкімдігі және Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде (28-б. 4-т.)
|
|
19. Әрбір сайлау учаскесі бойынша әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну |
|
|
|
Махамбет ауданының әкімі 2023 жылғы 2 сәуірде дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын (24-б. 5-т.) |
|
20. Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары 2023 жылғы 7 сәуірде дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда (26-б. 1-т.)
|
|
21. Сайлаушыларды дауыс беру күні, уақыты және орны туралы хабардар ету |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен 2023 жылғы 13 сәуірден кешіктірмей (18-б. 5) т., 38-б. 2-т.) |
|
22. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу |
|
|
|
Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Ерте дегенде үш күн бұрын және сайлаудан кемінде бір күн бұрын 2023 жылғы 19-21 сәуір аралығы (37-б. 3-т.)
|
|
23. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда 2023 жылғы 23 сәуір күні жергілікті уақыт бойынша сағат 06:00-де (40-б. 1-т.) |
|
24. Дауыс беруді өткізу |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары 2023 жылғы 23 сәуір күні жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін (38-б. 1-т.)
|
|
25. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде әкім сайлауы бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары 2023 жылғы 23 сәуір жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады (18-б. 8) т., 43-б.)
|
|
26. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпы жұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу (43-б. 8-т.)
|
|
27. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды тиісті аудандық аумақтық сайлау комиссиясына ұсыну |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу (113-8-б. 1-т.) |
|
28. Әкім сайлауының қорытындысын белгілеу |
|
|
|
Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлаудан кейін үш күн мерзімнен 2023 жылғы 26 сәуірден кешіктірмей
(113-10-б.)
|
|
29. Әкімді сайлау қорытындысы туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 2023 жылғы 30 сәуірде сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей (44-б.) |
|
30. Сайланған әкімді тіркеу, тиісті куәлік беру |
|
|
|
Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау өткізілген күннен бастап 2023 жылғы 30 сәуірге дейін жеті күн мерзімде
Сайланған әкімнен 2023 жылғы 30 сәуірге дейін жеті күн мерзім ішінде Конституцияға және Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес әкім мәртебесімен сыйыспайтын міндеттерді доғаратыны туралы жазбаша өтініш алғаннан кейін (45-б., 46-б. 3-т, 113-11-б. 1-т) |
Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.