|
Махамбет ауданы Ақтоғай ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлау округін құру туралы
|
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21- бабының 4 тармағына, 22- бабының 2 тармағына сәйкес Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.Махамбет ауданы Ақтоғай ауылдық округінің шекарасында Ақтоғай ауылдық округі әкімін сайлау бойынша Ақтоғай сайлау округі құрылсын.
2.Сайлау округінің тізімі оның шекарасы мен аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан орындары көрсетіліп Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында және аудандық «Жайық шұғыласы» газетінде жариялансын.
Махамбет аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы С.Шотпақов
Махамбет аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының хатшысы М.Қабдол
Махамбет ауылы
2023 жылғы 15 наурыз
№12