Атырау облысы Махамбет ауданы әкімінің аппаратында
сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша 2022 жылдың 12 айы бойынша талдамалық АНЫҚТАМА
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары Махамбет ауданы әкімі аппараты басшысының 2022 жылғы 28 қарашадағы №263 «Жұмысшы тобын құру туралы» бұйрығы негізінде жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары келесі жұмысшы тобымен жасақталды:
1)Аруев Нұрғали Латифұлы -аудан әкімі аппаратының басшысы; 2)Тасмагамбетова Мейрамгуль Беккалиевна-аудан әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық жұмыстар және мемлекеттік көрсетілетін қызметті бақылау бөлімінің басшысы;
3)Меденов Саян -аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру, жұмылдыру даярлығы және төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы;
4)Мұхтарова Гаухар Хафизқызы- аудан әкімі аппаратының жалпы және шаруашылық бөлімінің басшысы;
5)Сапиева Бота Ғасырбеккқызы-аудан әкімі аппаратының кадр қызметі және персоналды бағалау бөлімінің басшысы.
Талдау кезеңі: 2022 жылдың 1 қаңтар-31 желтоқсан аралығы.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі: 2022 жылдың 12 айы.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдаудың мәні:
2.Мүдделер қақтығысын реттеу 3. Мемлекеттік қызмет көрсету
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі: 2022 жылдың 12 айы.
Талдау кезеңі: 2022 жылдың 1 қаңтар-31 желтоқсан аралығы.
«Махамбет ауданы әкімі аппараты» ММ, Атырау облысы, Махамбет ауданы, Махамбет ауылы. Абай көшесі №16
Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы
2022 жылы Махамбет ауданы әкімі аппаратының құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітілген. Аудан әкімі аппаратында штат саны бойынша 17 мемлекеттік қызметкер, бос лауазымдық орын жоқ.
1 мемлекеттік қызметкерге «атқаратын лауазымынан босату», 3 мемлекеттік қызметкерлерге «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту», 1 мемлекеттік қызметкерге «қатаң сөгіс», 1 мемлекеттік қызметкерге «сөгіс», 11 мемлекеттік қызметкерлерге «ескерту» түріндегі тәртіптік жазалар қолданылды.
Мекемеде мүдделер қақтығысы жоқ.
«Махамбет ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызмет көрсетпейді.
«Махамбет ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде рұқсат беру функциялары жоқ.
2022 жылы Махамбет ауданы әкімі аппаратына барлығы – 291 өтініш түсті. Оның ішінде: жеке тұлғалардан – 167, заңды тұлғалардан – 124 арыз.
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Атырау облыстық басқармасына ай сайын «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы» салыстырмалы тексеру актісі тапсырылуда.
«Махамбет ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде Этика Кодексі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Заңының талаптары қатаң сақталады.
Сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын сыни материалдар жарияланған жоқ.
Махамбет ауданы әкімі аппаратына есепті мерзім ішінде аудан әкімдігімен –354 қаулы, аудан әкімімен – 100 шешім және – 377 өкім қабылданды.
Әділет органдарында тіркелген нормативтік-құқықтық актілер бойынша – 1 қаулы, 2 шешім.
Махамбет аудандық әкімдігінің нормативтік құқықтық актілеріне ішкі талдау қорытындысымен «Махамбет ауданының елді мекендерінде салық салу обьектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициентерін (К айм) бекіту туралы» 2020 жылғы 31 желтоқсандағы №323 қаулысының преамбуласында басшылыққа алынған (МТН №4872) «Елді мекендегі салық салу обьектіснің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2016 жылғы 28 қаңтардағы №91 бұйрығының Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәісібі министрінің 2020 жылғы 14 желтоқсандағы №464/НҚ бұйрығымен күші жойылғандығы анықталып, НҚА-ны қолданыстағы заңнамаға сәйкестендіру керек екендігі анықталды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің қорытындылары
І.Кіріспе
басталды 2022 жылдың 1желтоқсан, аяқталды 30 желтоқсан
ІІ. Ақпараттық-талдамалық бөлім
Мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субьектілерінің қызметінде сыбайлас жемқорлықтың туындауының себептері мен жағдайын сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштері.
ІІІ. Қорытынды бөлімі
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субьектілері қабылдаған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды жақсарту бойынша ұсынымдар.
1.Мемлекеттік сатып алу және конкурс жұмыстарын қатаң заңдылыққа сай жүргізуге. 2. Махамбет аудан әкімі аппаратына келіп түскен арыз-шағымдарды мерзімінде және сапалы орындауға.
|
Аудан әкімі аппаратының басшысы |
|
Н.Аруев |
|
Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық жұмыстар және мемлекеттік көрсетілетін қызметті бақылау бөлімінің басшысы |
|
М.Тасмагамбетова |
|
Аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру, жұмылдыру даярлығы және төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы |
|
С.Меденов |
|
Аудан әкімі аппаратының жалпы және шаруашылық бөлімінің басшысы |
|
Г.Мұхтарова |
|
Аудан әкімі аппаратының кадр қызметі және персоналды бағалау бөлімінің басшысы. |
|
Б.Сапиева |