«Махамбет аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері туралы ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

«Махамбет аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері туралы ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

 

Махамбет а.                                                                                             2022 жылғы 30 желтоқсан

 

Мемлекеттік мекеме басшысының «Жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 169 бұйрығы негізінде.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2022 жылғы 30 желтоқсан- 2023 жылдың 5 қаңтар аралығында жүргізілді.

Ішкі талдаумен жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің 2022 жылғы 1 шілдеден 31 желтоқсанға дейінгі жұмыс кезеңі қамтылды.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Үлгілік қағидаларға сәйкес жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша талдамалық анықтаманы жұмыс тобы жасады:

            1) А.Қабдолова– аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы, топ жетекшісі;

2)С.Сейлова –аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі басшысының орынбасары;

3)А.Қартжанова – аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің бас маманы.

4)Г.Үмбетова – аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің бас маманы.

5)З.Болатова – аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің бас маманы.

 

 «Махамбет аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметіне қатысты құқықтық актілерде, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бағыты бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

 

Сипаттама бөлігі:

«Махамбет аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі»» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-Бөлім) Махамбет ауданы аумағында халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және азаматтық хал актілерін тіркеу саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.

Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ Махамбет аудандық әкімдігінің 2022 жылғы 24 маусымдағы №170 қаулысымен бекітілген бөлімнің Ережесіне сәйкес жүзеге асырады.

Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.

Бөлімнің орналасқан жері: Атырау облысы, Махамбет  ауданы,  Махамбет ауылы,  Абай Құнанбаев көшесі №13 үй.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдаудың жұмыс тобы өз қызметінде басшылыққа алатын заңдарды, нормативтік-құқықтық актілерді, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бағыты бойынша зерделеді.

Құқықтық актілер мен ішкі құжаттарды талдау нәтижелері бойынша бөлімнің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерде және бөлімнің қызметіне қатысты құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыты бойынша зерттелген, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттіктер мен нормалар анықталған жоқ.

 

Бөлімнің ұйымдастыру-басқару қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

Персоналды басқару бағыты бойынша:

Бөлім қызметкерлерінің штаттық саны 2022 жылғы  жағдай бойынша 7 адамды құрады.

2022 жылдың 26 шілдесінде аудан әкімі аппаратымен өткізілген конкурстық рәсімдер қорытындысымен бір бас маман-есепші жұмысқа қабылданды.  2022 жылғы 30 желтоқсандағы жағдай бойынша нақты саны 7 адамды құрады. Лауазымдық міндеттерге сәйкес әр қызметкерге жүктеме біркелкі бөлінген. Қызметкерлерді көтермелеу кезінде сыйлықақыны бөлу біркелкі жүргізіледі.

            Аудан прокуратурасының 2020-2021 жылдарға және 2022 жылдың өткен мерзімінде Махамбет аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің «мүгедектердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға» бағытталған заңнамалардың сақталуына тексеруі бойынша прокуратураның 04.07.2022 жылғы №2-0508-22-00325 ұсынымы негізінде заң бұзушылықтарға жол берген бөлім басшысының орынбасары мен бөлімнің бас маманына "ескерту" түрінде тәртіптік жаза берілген (05.07.2022 жылғы №81,82 бұйрықтар).

Жоғарыда айтылғандардың негізінде персоналды басқару бағыты бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметте сыбайлас жемқорлық тәуекелдері, мүдделер қақтығысы анықталған жоқ. Бөлімде реттеу және бақылау функциялары арасында қайшылықтар жоқ, бөлім қызметкерлерінің лауазымдық функцияларын орындау кезінде мүдделер қақтығысы жоқ.

 

Мемлекеттік қызмет көрсету бағыты бойынша:

Бөлім көрсететін мемлекеттік қызметтер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде бекітілген қағидаларға сәйкес көрсетілді.

Лауазымды тұлғалардың стандарттарда көзделмеген құжаттарды талап ету фактілері ішкі талдау жүргізу кезінде анықталған жоқ.

Бөлімде мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары орналастырылған.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде лауазымды тұлғалардың тиісінше жұмыс істемеу фактілері анықталған жоқ.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша статистикалық есептілік уақтылы ұсынылады. Маманға сапалы және уақтылы ақпарат беру үшін жеке жауапкершілік жүктелген.

Бөлім бекітілген мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес 22 мемлекеттік қызмет көрсетеді.

Талданып отырған кезеңде бөліммен 1493 қызмет көрсетілді, оның ішінде:

1.Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу - 25 қызмет;

2.Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау-38 қызмет;

3.Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәліктер беру -0;

  1. Ақталған адамға куәлік беру-0;
  2. Мүгедектігі бар адамдарға протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды рәсімдеу-70 қызмет;
  3. Мүгедектігі бар адамдарды техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу -132 қызмет; 7.

7.Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды жеке көмекшінің қызметімен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу -9 қызмет;

  1. Естуі бойынша мүгедектігі бар адамдар үшін ымдау тілі маманының қызметімен мүгедектігі бар адамдарды қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу 0;
  2. Мүгедектігі бар адамдарды арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу -10 қызмет;

            10. Мүгедектігі бар адамдарды және мүгедектігі бар балаларды санаторий-курорттық емделумен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу - 59 қызмет;

            11. Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу -4 қызмет;

            12. Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу -28 қызмет;

13.Тұрғын үй көмегін тағайындау-0 қызмет;

14.Еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар беру және ұзарту- 553 қызмет.

            15.Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу- 3 қызмет;

            16.Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу 101 қызмет;

            17.Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру-1 қызмет;

            18.Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру-101 қызмет;

            19.Азаматтық хал актілері жазбаларын жою-0;

            20.Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу- 45 қызмет;

            21.Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу-9 қызмет;

            22.Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу-305 қызмет;

 

 Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 бұйрығына сәйкес «Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәліктер беру» мемлекеттік қызметі көрсетіледі. 2022 жылдың 1 шілдеден 31 желтоқсанға дейінгі кезеңде жүгінгендер болған жоқ.

 «Ақталған адамдарға куәлік беру қағидаларын және ақталған адам куәлігінің үлгісін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 28 ақпандағы № 78 бұйрығына сәйкес «Ақталған адамға куәлік беру» мемлекеттік қызметіне 2022 жылдың 1 шілдеден 31 желтоқсанға дейінгі кезеңде  жүгінгендер болған жоқ.

Мүгедектігі бар адамдарды абилитациялаудың және оңалтудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы №26 бұйрығына сәйкес «Мүгедектігі бар адамдарға протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды рәсімдеу» мемлекеттік қызметі көрсетіледі. Талдау жүргізген мерзімде 70  қызмет көрсетілді. Қызметтер уақтылы көрсетілді, артық құжаттар талап ету фактілері анықталған жоқ.

 

 Мүгедектігі бар адамдарды абилитациялаудың және оңалтудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы №26 бұйрығына сәйкес «Мүгедектігі бар адамдарды техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу» -132 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Қызметтер уақтылы көрсетілді, артық құжаттар талап ету фактілері анықталған жоқ.

 Мүгедектігі бар адамдарды абилитациялаудың және оңалтудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы №26 бұйрығына сәйкес «Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды жеке көмекшінің қызметімен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу»- 9 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Қызметтер уақтылы көрсетілді, артық құжаттар талап ету фактілері анықталған жоқ.

 Мүгедектігі бар адамдарды абилитациялаудың және оңалтудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы №26 бұйрығына сәйкес «Естуі бойынша мүгедектігі бар адамдар үшін ымдау тілі маманының қызметімен мүгедектігі бар адамдарды қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу» мемлекеттік қызметі көрсетіледі. 2022 жылдың 1 шілдеден 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңде мемлекеттік көрсетілетін қызметке жүгінген жоқ.

 Мүгедектігі бар адамдарды абилитациялаудың және оңалтудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы №26 бұйрығына сәйкес «Мүгедектігі бар адамдарды арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу» -10 қызмет көрсетілді. Қызметтер уақтылы көрсетілді, артық құжаттар талап ету фактілері анықталған жоқ.

Мүгедектігі бар адамдарды абилитациялаудың және оңалтудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы №26 бұйрығына сәйкес «Мүгедектігі бар адамдарды және мүгедектігі бар балаларды санаторий-курорттық емделумен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу» - 59 қызмет көрсетілді. Қызметтер уақтылы көрсетілді, артық құжаттар талап ету фактілері анықталған жоқ.

  «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 16 қазандағы № 539 бұйрығына сәйкес  «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызметі көрсетіледі. Талдау уақытында тұрғын үй көмегін тағайындау үшін өтініші түскен жоқ.

 «Еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу» Мемлекеттік қызметі бойынша бөлім 2022 жылдың 1 шілдесінен 31 желтоқсанға дейінгі мерзімде 553 мемлекеттік қызмет көрсетті.  Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 15 сәуірдегі № 123 бұйрығымен бекітілген қағидаларға сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетудің нақты процестерінің сәйкессіздігі анықталмады, қызметтер мерзімінде ұсынылды, стандарттарда көзделмеген талаптар тіркелмеді, қызмет көрсету рәсімдерінің тәртібін бұзу фактілері болған жоқ.

 «Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 бұйрығымен бекітілген «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік қызметі бойынша 2022 жылдың 1 шілдесінен 31 желтоқсан аралығында «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы 25 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

 -тәуекел атауы;

Екінші деңгейлі банктермен интеграцияның болмауы

- тәуекелдің сипаттамасы;

 «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы»»  коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы мемлекеттік қызметке жүгінген кезде екінші деңгейлі банкідегі есеп-шот номерін қағаз түріндегі көшірмесін тапсырып отыр.

-оны жою бойынша ұсыныстар.

 Өтініш берушілерді қағаз бастылықтан арылту үшін азаматтарға арналған үкімет порталында екінші деңгейлі банктермен интеграциялау.

«Арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 28 мамырдағы № 197 бұйрығына сәйкес «Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу» бойынша 4 қызмет көрсетілген. Қызметтер уақтылы көрсетілді, артық құжаттар талап ету фактілері анықталған жоқ.

-тәуекел атауы;

медициналық картаны қағаз түрінде толтырылуы;

- тәуекелдің сипаттамасы;

 «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы»» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы мемлекеттік қызметке жүгінген уақытта қағидаға сәйкес 5- қосымшадағы нысан қағаз түрінде көшірмесі тапсырылып отыр.

-оны жою бойынша ұсыныстар.

медициналық картаны электрондық форматқа ауыстыру.

«Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 бұйрығымен бекітілген «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша 2022 жылғы 1 шілде  мен 31 желтоқсан аралығында 38 мемлекеттік қызмет (көрсетілетін қызметті беруші арқылы)көрсетіліп, 1 мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылды.

тәуекел атауы;

Мемлекеттік қызметті «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы ұсыну тәсілі мүмкін емес.

тәуекелдің сипаттамасы;

«Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша порталға мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі:

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін – Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат алу үшін-көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу.

Жеке басын куәландыратын құжаттың, тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттың, мүгедектігін растайтын құжаттың, адамның электрондық өтініште көрсетілген әлеуметтік маңызы бар аурудың бар-жоғын растайтын құжаттың мәліметтерін көрсетілетін қызметті алушы «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

Жоғарыда айтылғандардан «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы әлеуметтік мәні бар аурулары бар мүгедектігі бар адамдар ғана өтініш бере алады.

Бұл ретте «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы өтініш беру кезінде «Сіз таңдаған әлеуметтік көмек және жұмыспен қамту бөлімінде шаралар жоқ» мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу кезінде екінші қадамда көрсетіледі (өтініш беру кезінде көрсетілетін қызметті алушының мүгедектік тобы болса да).

 оны жою бойынша ұсыныстар.

Өтініш берушілерге «электрондық үкіметтің «веб-порталы» арқылы мемлекеттік қызметті алуға қол жеткізу мүмкіндігін жасақтау туралы аудан әкімінің аппаратына ұсыныс берілсін.

 15.«Медициналық-әлеуметтік мекемелерде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 28 мамырдағы № 197 бұйрығымен бекітілген арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына сәйкес көрсетіледі. Құжаттарды қабылдау және нәтижені беру «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» арқылы жүзеге асырылады, осылайша көрсетілетін қызметті алушылармен байланыс алынып тасталады.  Талданатын кезеңде 28 қызмет көрсетілді. Қызметтер уақтылы көрсетілді, құжаттарды қажетсіз талап ету анықталған жоқ.

тәуекел атауы: заң бойынша қызмет алушыларды ұстауға міндетті туыстарының болуы туралы мәліметтердің болмауы.

тәуекелдің сипаттамасы: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы №165 бұйрығымен бекітілген стационар жағдайында халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартына сәйкес стационарлық үлгідегі ұйымдарда заңда белгіленген "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген зейнеткерлік жасқа жеткен,  өзіне қызмет көрсете алмайтын және «Неке және отбасы туралы» Кодекске сәйкес өздерінің ата-аналарын, жұбайын (зайыбын) асырап-бағуға және оларға қамқорлық жасауға міндетті еңбек етуге қабілетті кәмелетке толған балалары, жұбайы (зайыбы) жоқ немесе объективті себептер бойынша (бірінші, екінші топтағы мүгедектігінің, онкологиялық, психикалық ауруларының болуына, бас бостандығынан айыру орындарында отыруына, психикалық денсаулық орталығында есепте тұруына немесе елден тыс жерге тұрақты тұруға кетуіне, қосымша жұбайы (зайыбы) үшін – егде жаста болуына байланысты) оларды тұрақты көмекпен және күтіммен қамтамасыз етпейтін еңбек етуге қабілетті кәмелетке толған балалары, жұбайы (зайыбы) бар қарт адамдар тәулік бойы тұрақты немесе уақытша (үш айға дейінгі мерзімге) тұруына арналған.

 «Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес белгіленген үлгідегі өтініште «Туыстары» тармағы бар, бұл мәліметтер өтініш берушіден ғана ұсынылады. Осыған байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелі бар, қызмет алушы қызметті алу үшін мәліметтерді әдейі жасыра алады, өйткені еңбекке қабілетті кәмелетке толған балалар республика аумағында тұрып, ата-аналарына қатысты өз міндеттерін орындамауы немесе некені бұзбауы мүмкін. Көрсетілген тармақты растау үшін «Е-собес» ақпараттық жүйесінде өтініш беруші (әйелі/күйеуі, балалары) туралы деректерді шығару қажет.

Оны жою жөніндегі ұсынымдар:

Аудан әкімінің аппаратына «Е-собес» ақпараттық жүйесіне өтініш беруші (әйелі/күйеуі, балалары) туралы деректерді біріктіру мәселесін бастамашылық етуді қарау, уәкілетті органдарға сұрау салуды жіберу туралы тармақты енгізу туралы ұсыныс енгізу қажет.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау сапасы;

2022 жылдың 1 шілдесінен 31 желтоқсанға дейін бөлімге жеке тұлғалардың 3 өтініші және заңды тұлғалардың 2 өтініші келіп түсті, оның 2-і қағаз жеткізгіште,  3-і электрондық түрде, бұл 31.12.2022 жылғы аудан әкімі аппаратының салыстыру актісімен расталды. Өтініш сипаты бойынша: әлеуметтік көмек, несие  мәселесі, өзге де мәселелер.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері белгіленген тәртіппен қаралады, бұзушылықтар анықталған жоқ.

Жеке және заңды тұлғалардың барлық өтініштеріне шағымдану құқығын түсіндіре отырып, белгіленген мерзімде жауаптар берілді.

Жеке және заңды тұлғалардың келіп түскен барлық өтініштері белгіленген тәртіппен қаралады, қарау сапасына тіркелу және жауап беру мерзімдерін бұзу фактілері жоқ.

Бөлімде бақылау функциялары жоқ.

Қорытынды :

 

Ұсыныстар тізбесі:

  1. «Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік қызметін көрсету кезінде Азаматтарға арналған үкімет порталы мен екінші деңгейдегі банктермен интеграция жоқ. Азаматтарға арналған үкімет порталында барлық екінші деңгейлі банктерді интеграциялау жөнінде ұсыныс бер;
  2. ««Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу»» - қызметін оңтайландыру үшін медициналық картаны электрондық форматқа ауыстыру туралы ұсыныс беру;
  3. 3. «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызметін «Электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік мәні бар аурулар болған кезде ұсыну тәсілі мүмкін емес. Өтініш берушілерге «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы мемлекеттік қызметті алуға қол жеткізу мүмкіндігін жасақтау туралы аудан әкімінің аппаратына ұсыныс беру;
  4. «Медициналық-әлеуметтік мекемелерде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызметін көрсету кезінде заң бойынша қызмет алушыларды бағуға міндетті туыстарының болуы туралы мәліметтер жоқ. Аудан әкімінің аппаратына «Е-собес» ақпараттық жүйесіне өтінім беруші туыстары (әйелі/күйеуі, балалары) туралы деректерді біріктіру немесе Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына деректерді растау және мемлекеттік қызметті ұсыну мерзімін ұлғайту үшін уәкілетті органдарға сұрау салу жіберу туралы тармақты енгізу туралы ұсыныс енгізу.

 

ЖҰМЫС ТОБЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ

 

 

А.С.Қабдолова

 А.Қабдолова аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы, топ жетекшісі;

А.Сейлова –аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі басшысының орынбасары;

А.Қартжанова – аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің бас маманы.

Г.Үмбетова – аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің бас маманы.

З.Болатова – аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің бас маманы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Махамбет аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері туралы ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА
Дата публикации
06 января 2023