Атырау облысы Махамбет ауданы Ақтоғай ауылдық округі әкімдігінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша 2022 жылдың ІІ жарты жылдығына талдамалық АНЫҚТАМА

Атырау облысы Махамбет ауданы  Ақтоғай ауылдық округі әкімдігінің

сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша 2022 жылдың ІІ жарты жылдығына талдамалық АНЫҚТАМА

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары Ақтоғай ауылдық округі әкімінің 2022  жылғы 5 қаңтар №2-ө «Жұмысшы тобын құру туралы» өкімі  негізінде жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары келесі жұмысшы тобымен жасақталды:

         1) Муратов Есим Бекжанович- Ақтоғай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы;    

         2) Еркенова Дина Мирасовна - Ақтоғай ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы;

3) Коптлеуова Галия Махсотовна- Ақтоғай ауылдық округі әкімі аппаратының хатшысы, комиссия мүшесі;

Талдау кезеңі: 2022 жылдың 28-29 желтоқсан аралығы.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі:                2022 жылдың ІІ жартыжылдығы.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдаудың мәні:

  1. Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы

2.Мүдделер қақтығысын реттеу                                                                             3. Мемлекеттік қызмет көрсету

  1. Рұқсат беру функцияларын іске асыру
  2. Әкімдікке келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері
  3. Әдеп кодексі нормалары мен сыбайлас жемқорлық заңдарының сақталуы
  4. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудан туындайтын өзгеде мәселелер

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі:

2022 жылдың ІІ жартыжылдығы.

Талдау кезеңі: 2022 жылдың   28-29 желтоқсан  аралығы.

«Ақтоғай ауылдық округі әкімі аппараты» ММ Атырау облысы, Махамбет ауданы, Ақтоғай ауылы, Достық көшесі 1А, 1 қабат

1.Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы

Ақтоғай ауылдық округі әкімі аппаратының құрылымы мен штат санының лимиті  қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітілген. Ақтоғай ауылдық округі әкімі аппаратында штат саны бойынша 4 мемлекеттік қызметкер бар. Қазіргі уақытта бос лауазымдық орын жоқ.

2.Мүдделер қақтығысын реттеу

Бөлімде мүдделер қақтығысы жоқ.

3.Мемлекеттік қызмет көрсету

Ақтоғай  ауылдық  округі  әкімі  аппараты 5 мемлекеттік қызмет көрсетеді.

1) «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»         Қызмет көрсету мерзімі- 13 күнтізбелік күн.

2022 жылдың ІІ жартыжылдығында 1 өтініш түсті.

2) «Елді мекендер шегінде обьектілер салу үшін жер учаскелерін беру»

Қызмет көрсету мерзімі- 50 күнтізбелік күн.

2022 жылдың ІІ жартыжылдығында  арыз түскен жоқ.

3) «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою»

Қызмет көрсету мерзімі- 12  жұмыс күн.

2022 жылдың ІІ жартыжылдығында арыз түскен жоқ.

4) «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату»

Қызмет көрсету мерзімі- 5  жұмыс күн.

2022 жылдың ІІ жартыжылдығында  түскен жоқ.

5) Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу.

Қызмет көрсету мерзімі- 12  жұмыс күн, екінші кезең -3 жұмыс күні.

2022 жылдың ІІ жартыжылдығында  9 өтініш түсті.

  1. Рұқсат беру функцияларын іске асыру

Ақтоғай ауылдық округі әкімі аппаратында рұқсат беру функциялары жоқ.

  1. Бөлімшеге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері

Ақтоғай ауылдық округі әкімі аппаратына 2022 жылдың                                              ІІ жартыжылдығында жеке тұлғалардан -0,  заңды тұлғалардан- 0 өтініштер түскен жоқ.

  1. Әдеп кодексі нормалары мен сыбайлас жемқорлық заңдарының сақталуы

Ақтоғай ауылдық округі әкімі аппаратында Этика Кодексі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Заңының талаптары қатаң сақталады.

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудан туындайтын өзгеде мәселелер

Сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын сыни материалдар жарияланған жоқ.

 

ІІ. Ақпараттық-талдамалық бөлім Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің қорытындылары

 

І.Кіріспе

 

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің мәні: Атырау облысы,  Махамбет ауданы Ақтоғай ауылдық округінің  әкімдігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы туындайтын жағдайларды анықтау.
  2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингі жүргізілді: «Ақтоғай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, Атырау облысы, Махамбет ауданы, Ақтоғай ауылы, Достық көшесі №1 А, электронды пошта: Aktogai_SO1@mail.ru. телефон нөмірі 871(236)2-45-28.
  3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті жүргізу кезеңі:

28- желтоқсан  басталды:,29- желтоқсан  аяқталды .

  1. Бақыланатын кезең: 2022 жылдың ІІ жарты жылдығы

 

Мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субьектілерінің қызметінде сыбайлас жемқорлықтың туындауының себептері мен жағдайын сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштері.

Тұлғалардың қызметінде сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін жағдайлар мен себептер анықталмады.

 

ІІІ. Қорытынды бөлімі

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субьектілері қабылдаған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды жақсарту бойынша ұсынымдар.

         Ақтоғай ауылдық округі әкімдігінде 2022 жылдың ІІ жарты жылдық қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасын зерделеу бойынша құқықтық жаппай оқыту жүргізу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Атырау облысы Махамбет ауданы Ақтоғай ауылдық округі әкімдігінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша 2022 жылдың ІІ жарты жылдығына талдамалық АНЫҚТАМА
Дата публикации
10 января 2023