Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі:
2022 жылдың ІІ жартыжылдығы.
Талдау кезеңі: 2022 жылдың 30 маусым - 30 желтоқсан аралығы.
«Алға ауылдық округі әкімі аппараты» ММ Атырау облысы, Махамбет ауданы, Алға ауылы, Орталық көшесі №9.
1.Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы
Алға ауылдық округі әкімі аппаратының құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітілген. Алға ауылдық округі әкімі аппаратында штат саны бойынша 5 мемлекеттік қызметкер бар. Қазіргі уақытта бос лауазымдық орын жоқ.
2.Мүдделер қақтығысын реттеу
Округте мүдделер қақтығысы жоқ.
3.Мемлекеттік қызмет көрсету
Алға ауылдық округі әкімі аппараты 4 мемлекеттік қызмет көрсетеді.
1) «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» Қызмет көрсету мерзімі – 13 жұмыс күні. 2022 жылдың ІІ жартыжылдығында өтініш түскен жоқ.
2) «Елді мекендер шегінде обьектілер салу үшін жер учаскелерін беру»
Қызмет көрсету мерзімі – 46 жұмыс күн. 2022 жылдың ІІ жартыжылдығында түскен жоқ.
3) Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу.
Қызмет көрсету мерзімі - көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған күннен бастап – 15 (он бес) жұмыс күні;
2022 жылдың ІІ жартыжылдығында ІІ этабы бойынша 4 өтініш түсіп , шешім шығарылды.
4) Жер учаскесін жекеменшікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату .
Қызмет көрсету мерзімі - көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған күннен бастап – 5 (бес) жұмыс күні;
2022 жылдың ІІ жартыжылдығында өтініш түскен жоқ.
Алға ауылдық округі әкімі аппаратында рұқсат беру функциялары жоқ.
Алға ауылдық округі әкімі аппаратына 2022 жылдың ІІ жартыжылдығында жеке тұлғалардан - 1 өтініш түсті, заңды тұлғалардан өтініш түскен жоқ. Округ әкімі 1 қабылдау өткізді. Өтініштерге заңға сәйкес уақытылы жауаптар жолданды.
Алға ауылдық округі әкімі аппаратында Этика Кодексі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Заңының талаптары қатаң сақталады.
7.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудан туындайтын өзгеде мәселелер
Сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын сыни материалдар жарияланған жоқ.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің қорытындылары
І.Кіріспе
басталды: 29 желтоқсан , аяқталды 30 желтоқсан.
ІІ. Ақпараттық-талдамалық бөлім
Мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субьектілерінің қызметінде сыбайлас жемқорлықтың туындауының себептері мен жағдайын сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштері.
Тұлғалардың қызметінде сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін жағдайлар мен себептер анықталмады.
ІІІ. Қорытынды бөлімі
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субьектілері қабылдаған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды жақсарту бойынша ұсынымдар.
2022 жылдың ІІ жарты жылдық қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасын зерделеу бойынша құқықтық жаппай оқыту жүргізу.