Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ақпараттық хабарламасы

Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ақпараттық хабарламасы

 

2022 жылғы 29 желтоқсанда Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясына "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы "ҚР Конституциялық заңының 113-3-бабына сәйкес 2023 жылғы 22 қаңтарға тағайындалған Махамбет ауданы Бақсай ауылдық округі әкіміне кандидаттар Сұлтанов Ермұрат Өтегенұлы («AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінен), Калимов Куат Тукпатоллинович (өзін-өзі ұсыну тәртібімен), Бейбарыс ауылдық округі әкіміне кандидаттар Зулхашев Сейлбек Шаудирович («AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінен), Сағындықов Эльбрус Жасинұлы (өзін-өзі ұсыну тәртібімен), Есбол ауылдық округі әкіміне кандидаттар Төлеген Алмас Ұзақбайұлы («AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінен), Кенжебаев Сырымбет Какимұлы (өзін-өзі ұсыну тәртібімен), Махамбет ауылдық округі әкіміне кандидаттар Әженов Руслан Болатұлы («AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінен), Сапаров Асылан Аскарович (өзін-өзі ұсыну тәртібімен) құжаттары ұсынылды.

Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Махамбет ауданы Бақсай, Бейбарыс, Есбол, Махамбет ауылдық округі әкімдігіне сайлауға кандидаттардың "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" ҚР Конституциялық заңымен, «Мемлекеттік қызмет туралы» заңмен қойылатын талаптарға тиісті органдарға сұрау салу негізінде сәйкестігін белгілейді.

2023 жылғы 22 қаңтарға тағайындалған Махамбет ауданы  Бақсай, Бейбарыс, Есбол, Махамбет ауылдық округі әкімдігіне сайлау жөніндегі күнтізбелік жоспарға сәйкес кандидаттарды ұсыну 2022 жылғы 24 желтоқсаннан бастап  2023 жылғы 6 қаңтар аралығындағы кезеңде (сағат 18.00-ге дейін) жүзеге асырылады.

Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ақпараттық хабарламасы
Дата публикации
29 декабря 2022