Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ақпараттық хабарламасы

Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ақпараттық хабарламасы

 

2022 жылғы 28 желтоқсанда Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясына "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы "ҚР Конституциялық заңының 113-3-бабына сәйкес 2023 жылғы 22 қаңтарға тағайындалған Махамбет ауданы Бақсай ауылдық округі әкіміне кандидат Сапаров Нұрлан Зейнелғабиденұлы (өзін-өзі ұсыну тәртібімен), Бейбарыс ауылдық округі әкіміне кандидат Қыдыров Бекбол Ғинаятұлы (өзін-өзі ұсыну тәртібімен), Есбол ауылдық округі әкіміне кандидат Қайырғалиев Асылжан Саматұлы (өзін-өзі ұсыну тәртібімен), Махамбет ауылдық округі әкіміне кандидат Муратов Есим Бекжанович (өзін-өзі ұсыну тәртібімен) құжаттары ұсынылды.

Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Махамбет ауданы Бақсай, Бейбарыс, Есбол, Махамбет ауылдық округі әкімдігіне сайлауға кандидаттардың "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" ҚР Конституциялық заңымен, «Мемлекеттік қызмет туралы» заңмен қойылатын талаптарға тиісті органдарға сұрау салу негізінде сәйкестігін белгілейді.

2023 жылғы 22 қаңтарға тағайындалған Махамбет ауданы  Бақсай, Бейбарыс, Есбол, Махамбет ауылдық округі әкімдігіне сайлау жөніндегі күнтізбелік жоспарға сәйкес кандидаттарды ұсыну 2022 жылғы 24 желтоқсаннан бастап  2023 жылғы 6 қаңтар аралығындағы кезеңде (сағат 18.00-ге дейін) жүзеге асырылады.

Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ақпараттық хабарламасы
Дата публикации
28 декабря 2022