2022 жылдың 2 қыркүйек күні Махамбет ауданы әкімінің орынбасары Аманшиева Света Ертлеуқызының төрағалығымен кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Комиссия отырысына аудан прокуратурасының прокуроры Өмірбайұлы Мамай және комиссия мүшелері қатысты. Комиссия отырысында «Кәмелеттік жасқа толмаған балалардың салауатты өмір салтын ұстанымын ұстауға, дене шынықтыру және спортпен шұғылдануына жағдай жасаудағы атқарылған жұмыстар туралы» (жоспарлы) және «Аудан мектептеріндегі бейне камералардың және әжетханалардың жәй-күйі туралы» (кезектен тыс) тақырыптары қаралды. 1 мәселе бойынша аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Қайырғалиев Асылжан Саматұлы Махамбет ауданында 2 спорт кешені және жасанды төсенішімен 27 шағын футбол, екі ашық баскетбол, 2 стритворкаут тренажер алаңдары аудан халқына қызмет етуде. Кәмелеттік жасқа толмаған балалардың салауатты өмір салтын қалыптастыруға, дене шынықтыру және спортпен шұғылдануына жағдай жасалған. 2 мәселе бойынша Атырау облысы Білім беру басқармасының Махамбет аудандық білім бөлімінің басшысы Қабышева Венера Берікқызы аудан мектептерінде барлығы 433 бейнекамера орналасқан, оның сыртқы-185, ішкі-248. Бейнекамера асхана, спортзал, акт зал, дәліздерде, сыртқы аймақтарда орналасқан. Санитарлық-гигиеналық жағдайды қамтамасыз ету үшін мектептерге барлығы 176 жылы әжетхана орнатылғаны жөнінде хабарлады.
Комиссия шешімімен бірқатар тапсырмалар берілді.