2022 жылдың 24 тамыз күні Махамбет ауданы әкімінің орынбасары Аманшиева Света Ертлеуқызының төрағалығымен кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті

2022 жылдың 24 тамыз күні  Махамбет ауданы әкімінің орынбасары Аманшиева Света Ертлеуқызының төрағалығымен кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Комиссия отырысына комиссия мүшелері қатысты. Комиссия отырысында «Кәмелетке толмағандарды біліммен қамтамасыз ету шараларын ұйымдастыру туралы» тақырыбы  қаралды. Атырау облысы Білім беру басқармасының Махамбет аудандық  білім бөлімінің басшысы Қабышева Венера Берікқызының хабарламасында аудан көлемінде 15 мектеп, 17 балабақша, №8 ППТК, 2 қосымша білім беру ұйымдары жұмыс жасайды, биылғы оқу жылында e.gov, SAKURA электронды порталдары арқылы 1 сәуір мен 1 тамыз айлары аралығында 1-ші сыныпқа 590 оқушы қабылданып отыр. Махамбет ауданы бойынша біліммен қамтылмай отырған оқушы жоқ екендігі жөнінде хабарлады. Комиссия шешімімен бірқатар тапсырмалар берілді.

2022 жылдың 24 тамыз күні Махамбет ауданы әкімінің орынбасары Аманшиева Света Ертлеуқызының төрағалығымен кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті
Дата публикации
24 августа 2022