2022 жылдың 24 тамыз күні Махамбет ауданы әкімінің орынбасары Аманшиева Света Ертлеуқызының төрағалығымен кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті

2022 жылдың 24 тамыз күні  Махамбет ауданы әкімінің орынбасары Аманшиева Света Ертлеуқызының төрағалығымен кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Комиссия отырысына комиссия мүшелері қатысты. Комиссия отырысында «Жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарын қорғау, оларға қатысты мәселелер және шешілу жолдары» тақырыбы  қаралды.          Атырау облысы Білім беру басқармасының Махамбет аудандық  білім бөлімінің басшысы Қабышева Венера Берікқызы аудан бойынша ағымдағы жылдың 8 ай қорытындысымен есепте жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған  28 бала бар, барлығына қорғаншылар мен қамқоршылары шешім бойынша тағайындалған, ай сайын қорғаншы және қамқоршыларға 31800тг көлемінде жәрдемақы төленеді. Жалпыға міндетті оқу қоры бойынша әр бала ақшалай көмек және дәстүрлі түрде жыл сайын Республикалық «Мектепке жол» акциясы үнемі ұйымдастырылатындығын хабарлады.Комиссия шешімімен бірқатар тапсырмалар берілді.

2022 жылдың 24 тамыз күні Махамбет ауданы әкімінің орынбасары Аманшиева Света Ертлеуқызының төрағалығымен кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті
Дата публикации
24 августа 2022