2022 жылдың 14 шілде күні Атырау облысы Білім беру басқармасының Махамбет аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Қабышева Венера Берікқызының төрағалығымен кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті

2022 жылдың 14 шілде күні Атырау облысы Білім беру басқармасының Махамбет аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Қабышева Венера Берікқызының төрағалығымен кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.          Комиссия отырысына комиссия мүшелері қатысты. Комиссия отырысында «Кәмелетке толмағандарды заңсыз еңбекпен қамту мәселесі» тақырыбы  қаралды.     Махамбет ауданы полиция бөлімі Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің ювеналды полиция тобының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы Ділмағамбетова Жанар Оспанқызы аудан көлемінде жасы кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау, жасөспірімдердің жұмыспен қамтылуын талдау, оларға қатысты еңбек заңнамасын бұзу фактілерін болдырмау мақсатында үнемі рейдтік іс-шаралар жүргізіледі. Іс-шаралар кезінде аудан көлеміндегі барлық азық-түлік дүкендер, орталық базар, жәрмеңке, шаруа қожалықтары, ауылдық округтердегі егін шаруашылықтары тексеріліп, аудан бойынша жасөспірімдерді заңсыз еңбекке тарту фактілері анықталмағандығы жөнінде хабарлады.      Комиссия шешімімен бірқатар тапсырмалар берілді

2022 жылдың 14 шілде күні Атырау облысы Білім беру басқармасының Махамбет аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Қабышева Венера Берікқызының төрағалығымен кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті
Дата публикации
14 июля 2022