2022 жылдың 14 шілде күні Атырау облысы Білім беру басқармасының Махамбет аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Қабышева Венера Берікқызының төрағалығымен кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Комиссия отырысына комиссия мүшелері қатысты. Комиссия отырысында «Кәмелетке толмаған балалардың жаз мезгілінде су тоғандарында, белгіленбеген жерлерде суға кету фактілерін алдын алу бағытында жүргізілген алдын алу шаралар туралы» тақырыбы қаралды. Махамбет аудандық төтенше жағдай бөлім бастығының уақытша міндетін атқарушы Р.Жақсылықұлы Махамбет ауданы көлеміндегі қауіпті учаскелер аумағына суға түсуге «Тыйым салу» бойынша қауіпсіздік белгілері жергілікті округ мамандарымен жыл сайын орнатылып, суға шомылу маусымында адамдар қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында үгіт-насихат жұмыстары, суға шомылудағы қауіпсіздік тақырыбында бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде мақалалар жариялау жұмыстары жүргізілетіндігі жөнінде хабарлама жасады. Комиссия шешімімен бірқатар тапсырмалар берілді.