2022 жылдың 16 маусым күні Махамбет ауданы әкімінің орынбасары Света Ертлеуқызы Аманшиеваның төрағалығымен кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Комиссия отырысына комиссия мүшелері қатысты. Комиссия отырысында жоспарға сай «Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтар, қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын-алу және қоғамдық тәртіп, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын жүзеге асыру мәселесі» және «Жаз мезгілінде балалар қауіпсіздігі мәселесі» тақырыптары қаралды.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Махамбет аудандық полиция бөлімі Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің ювеналды полиция тобының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Ділмағамбетова Жанар Оспанқызы баяндама жасаса, күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Махамбет ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Н.Пернебеков және Есбол ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Н.Юсупова баяндама жасады. Көтерілген мәселелер бойынша тиісті ұсыныстар енгізіліп, комиссия шешімімен бірқатар тапсырмалар берілді.