2022 жылдың 20 мамыр күні Махамбет ауданы әкімінің орынбасары Света Ертлеуқызы Аманшиеваның төрағалығымен кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Комиссия отырысына комиссия мүшелері қатысты. Комиссия отырысында жоспарға сай «Кәмелетке толмағандар арасында суицид фактілерінің алдын алу, суицидке ұмтылған балаларды өмірге қайта бейімдеу және оңалту жұмыстары туралы» тақырыбы қаралды.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Махамбет аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Қабышева Венера Берікқызы баяндама жасады. Көтерілген мәселе бойынша тиісті ұсыныстар енгізіліп, комиссия шешімімен бірқатар тапсырмалар берілді.