2022 жылдың 28 сәуір күні Махамбет ауданы әкімінің орынбасары Света Ертлеуқызы Аманшиеваның төрағалығымен кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Комиссия отырысына комиссия мүшелері қатысты. Комиссия отырысында жоспарға сай «Махамбет көпбейінді ауыл шаруашылық колледжінің оқу тәрбие жұмыстары және тұрмыстық жағдайлары, жатақхана бөлмелерінде техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау мәселелері» және «Инклюзивті білім беру мен даму мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеу жұмыстары, олардың құқықтарының сақталуы мен олардың өмір сүру сапасын арттыру бағытында атқарылған шаралар туралы» тақырыптары қаралды.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша Махамбет көпбейінді ауыл шаруашылық колледжінің директоры Сұлтанғалиев Жанболат Қашымұлы және күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Махамбет аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі басшысының орынбасары Сейлова Алия Сарсенбайқызы баяндама жасады. Көтерілген мәселелер бойынша тиісті ұсыныстар енгізіліп, комиссия шешімімен бірқатар тапсырмалар берілді.