2022 жылдың 31 наурыз күні Махамбет ауданы әкімінің орынбасары Света Ертлеуқызы Аманшиеваның төрағалығымен кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Комиссия отырысына комиссия мүшелері қатысты. Комиссия отырысында жоспарға сай «Балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын-алу, соның ішінде сексуалдық іс-әрекеттерді болдырмау бойынша атқарылған жұмыстар туралы» тақырыбы қаралды.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Махамбет аудандық полиция бөлімі Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің ювеналды полиция тобының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Ділмағамбетова Жанар Оспанқызы баяндама жасады. Тиісті ұсыныстар енгізіліп, комиссия шешімімен бірқатар тапсырмалар берілді.