2022 жылдың 28 наурыз күні Махамбет ауданы әкімінің орынбасары Света Ертлеуқызы Аманшиеваның төрағалығымен кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Комиссия отырысына комиссия мүшелері қатысты. Комиссия отырысында жоспарға сай «Ішкі істер органдарында есепте тұрған балалармен жүргізілген жұмыс, медициналық-әлеуметтік есепке алуды ұйымдастыру мәселесі туралы» тақырыбы қаралды.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Махамбет аудандық полиция бөлімі Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің ювеналды полиция тобының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Ділмағамбетова Жанар Оспанқызы баяндама жасады. Тиісті ұсыныстар енгізіліп, комиссия шешімімен бірқатар тапсырмалар берілді.