2022 жылдың 25 ақпан күні Махамбет ауданы әкімінің орынбасары Света Ертлеуқызы Аманшиеваның төрағалығымен кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті

2022 жылдың 25 ақпан күні Махамбет ауданы әкімінің орынбасары Света Ертлеуқызы Аманшиеваның төрағалығымен кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Комиссия отырысына комиссия мүшелері қатысты.  Комиссия отырысында  жоспарға сай «Кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатырған шаралар туралы» және  «Әлеуметтік жағдайы төмен отбасындағы және мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік қолдау көрсету туралы» тақырыптары  қаралды. 

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Махамбет аудандық полиция бөлімі Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің ювеналды полиция тобының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Ділмағамбетова Жанар Оспанқызы және күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Махамбет аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі басшысының орынбасары Сейлова Алия Сарсенбайқызы басяндама жасады. Көтерілген мәселелер бойынша тиісті ұсыныстар енгізіліп, комиссия шешімімен бірқатар тапсырмалар берілді.

2022 жылдың 25 ақпан күні Махамбет ауданы әкімінің орынбасары Света Ертлеуқызы Аманшиеваның төрағалығымен кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті
Дата публикации
25 февраля 2022