2022 жылдың 27 қаңтар күні Махамбет ауданы әкімінің орынбасары Света Ертлеуқызы Аманшиеваның төрағалығымен кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті

2022 жылдың 27 қаңтар күні Махамбет ауданы әкімінің орынбасары Света Ертлеуқызы Аманшиеваның төрағалығымен кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Комиссия отырысына комиссия мүшелері қатысты.  Комиссия отырысында  жоспарға сай «Аудан көлемінде жасөспірімдер арасындағы нашақорлықтың алдын-алу және оңалту жұмыстары туралы» және  «Ерте жастан жүктіліктің алдын-алу және қыздар тәрбиесі бойынша атқарылатын жұмыстар» тақырыптары  қаралды. 

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Махамбет аудандық ауруханасы ШЖҚ КМК мекемесінің басшысы Б.Д.Төлеген және күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Атырау облысы білім беру басқармасы Махамбет аудандық білім бөлімінің бас маманы А.Изтелеуова  хабарламалар жасап, тиісті ұсыныстар енгізіліп, комиссия шешімімен бірқатар тапсырмалар берілді.

2022 жылдың 27 қаңтар күні Махамбет ауданы әкімінің орынбасары Света Ертлеуқызы Аманшиеваның төрағалығымен кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті
Дата публикации
27 января 2022