Махамбет ауданы Сарайшық ауылдық округі әкімі сайлауының қорытынды хабары
2022 жылғы 9 қазанда Махамбет ауданы Сарайшық ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 14 бабы 9 тармақшасы, 4 бабының 2 тармағы,
45 бабы, 113-10 баптарына сәйкес, Махамбет ауданы Сарайшық ауылдық округі әкімі сайлауының қорытындылары туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау нәтижелерін белгіледі:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1580 азамат енгізілді, олардың ішінде дауыс бергендер саны 1040. Жарамсыз бюллетеньдер саны 9, «Бәріне қарсымын» белгісіне белгі салғандар саны 72.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Р.Ж.Боранбаевқа 318
А.М.Салиевке 105
Р.Ж.Тұрдағалиға 536
Сарайшық ауылдық округінің әкімі болып Тұрдағали Рымбек Жауқашұлы 1970 жылы туған, Атырау индустриалдық колледжі директорының орынбасары, Атырау қаласы тұрғыны, «AMANAT» партиясынан ұсынылған кандидат сайланды.
Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясы