Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ақпараттық хабарламасы

Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ақпараттық хабарламасы

 

2022 жылғы 20 қыркүйекте Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясына "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы "ҚР Конституциялық заңының 113-3-бабына сәйкес 2022 жылғы 9 қазанға тағайындалған Махамбет ауданы Сарайшық ауылдық округі әкімдігіне кандидат Салиев Акылбек Мухызаруевичтің өзін-өзі ұсыну тәртібімен құжаттары ұсынылды.

Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Махамбет ауданы Сарайшық ауылдық округі әкімдігіне сайлауға кандидаттардың "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" ҚР Конституциялық заңымен, «Мемлекеттік қызмет туралы» заңмен қойылатын талаптарға тиісті органдарға сұрау салу негізінде сәйкестігін белгілейді.

2022 жылғы 9 қазанға тағайындалған Махамбет ауданы  Сарайшық ауылдық округі әкімдігіне сайлау жөніндегі күнтізбелік жоспарға сәйкес кандидаттарды ұсыну ағымдағы жылғы 10 қыркүйек тен 23 қыркүйек аралығындағы кезеңде (сағат 18.00-ге дейін) жүзеге асырылады.

Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ақпараттық хабарламасы
Дата публикации
20 сентября 2022