|
|
«БЕКІТЕМІН» Махамбет ауданы әкімінің уақытша міндетін атқарушы ____________С.Е.Аманшиева «____» _________ 2022 жыл |
2022 жылдың І-ші жартыжылдығында ауылдық округтердегі тұрғындар
жиындарының қорытындысымен жасақталған
ІС-ШАРА ЖОСПАРЫ
|
2022 жылдың І-тоқсаны |
|||||
|
Бейбарыс ауылдық округі |
|||||
|
№ |
Сұрақ қоюшы |
Мәселенің мазмұны |
Жауапты орындаушылар |
Орындалу мерзімі |
Мәселелерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар |
|
1 |
Темірғалиев Жаңабай – ауыл тұрғыны |
Таза су қондырғысына субсидия бөлу мәселесін шешуді сұрайды. |
Махамбет аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі, Бейбарыс ауылдық округі әкімі |
Жыл ішінде |
Бейбарыс ауылы бойынша сенімгерлік басқаруға беру үшін 3 рет конкурс берілді. Нәтижесінде қызығушылық танытқан мердігер жоқ. Қазіргі таңда уақытша «Лотов» ЖК арқылы ауылға су беріліп отыр. |
|
2 |
Ауылдың тазалығын қамтамасыз ету үшін қойылған контейнерлердегі қоқысты шығару мақсатында ауданнан техника бөлуді сұрайды. |
Махамбет аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі, Бейбарыс ауылдық округі әкімі |
Үнемі |
Ауылдың тазалығы бойынша аудандық бюджеттен 5715,0 мың теңге бөлініп «Гүлнар» жеке кәсіпкерімен келісім шарт жасақталды. Арнайы техника алу үшін Бейбарыс ауылдық округі аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөліміне (техника моделі, қуаты, қандай агрегат жүктемесі бар, т.б. анықтап) ұсыныс беруі тиіс. Содан кейін әрі қарай бюджеттік комиссияда техника сатып алу мәселесі қаралатын болады. |
|
|
3 |
Кәріз суын төгетін орын бөлуді сұрайды |
Махамбет аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі, Бейбарыс ауылдық округі әкімі |
2022-2023 жыл |
Аудан бойынша экологиялық заңдылықтарға сәйкес ауылдық округтерден кәріз суын төгетін орын ашуға рұқсат жоқ. Әзірге Махамбет ауылындағы булану алаңына тасылатын болады. Жалпы Жайық өзенінің екі жақ бетінен кәріз суын төгетін, оны тазалайтын орын белгілеп жобалық сметалық құжаттамаларын жасақтау жоспарлануда. |
|
|
4 |
Тұрғын үй құрылысын салуға топырақ алу үшін карьерге жер бөлуді сұрайды |
Махамбет аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі, Бейбарыс ауылдық округі әкімі |
Жыл ішінде |
Аудан бойынша топырақ алатын орын Бақсай ауылдық округі Таңдай ауылында белгіленген. Басқа округтерде топырақ алуға рұқсат жоқ. Себебі басқа округтерден карьер ашатын арнайы лицензиясы бар кәсіпкерлер шықпай отыр. |
|
|
5 |
«Атырау-Бейбарыс» бағытына автобус шығаруды сұрайды. |
Махамбет аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі |
2022 жылдың қыркүйек айы |
Бейбарыс ауылынан Атырау қаласына жолаушылар тасымалдауға автобус шығару жөнінде облыстық автомобильдер және жолаушылар тасымалы басқармасына хат жолданды. Маршрут шығару бойынша облыстық мәслихатта қаралатын болады. |
|
|
6 |
Харесов Ерлан – Б.Хисмеденова көшесінің тұрғыны |
Б.Хисмеденова көшесіне трансформатор орнатуды және электр желілерін жөндеуді сұрайды. |
Махамбет аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі, «Атырау Жарық» АҚ-ның Махамбет аудандық бөлімшесі, Бейбарыс ауылдық округі әкімі |
Жыл ішінде |
Трансформатор орнату үшін сол аумақтағы желілер тұрғындардың өздерінің жүргізген желісі болғандықтан талапқа сай келмейді. Сондықтан «Атырау-Жарық» мекемесінің техникалық шартына байланысты атқарылуы тиіс. Қосымша бұл мәселені шешу мақсатында трансформатор сатып алу үшін мемлекеттік сатып алуға конкурс берілген болатын. 2 рет конкурс беріліп ниет білдірушілер шықпады. Қазір трансформатор бағаларын, техникалық талаптарын қайта өзгертіп қайтадан конкурс берілетін болады. |
|
7 |
Карабаллин Нұролла – Айтеке би көшесінің тұрғыны |
Бейбарыс ауылы, Айтеке би көшесінің қалған 100 метр жеріне асфальт жол салуды сұрайды. |
Махамбет аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі |
2022-2023 жыл |
2020-2021 жылдары Бейбарыс ауылының ішкі жолдарының 6,2 шақырымына күрделі жөндеу жүргізілді. Жобадан тыс қалып қойған көшелерге ЖСҚ жасақталуы қажет. Ол үшін Бейбарыс ауылдық округі әкімінің аудандық бөлімге жолдаған ұсыныс хатына сәйкес, әрі қалай бюджеттен қаржы бөліну, мемелекеттік сатып алу т.б. жұмыстары ұйымдастырылатын болады. |
|
Сарайшық ауылдық округі |
|||||
|
8 |
Байбатыров Қайыр – Ескі Сарайшық ауылының тұрғыны |
Ескі Сарайшық ауылын көшіруді сұрайды. |
Сарайшық ауылдық округі әкімі |
2023 жыл |
2017 жылғы бас жоспарды жасақтау кезінде Ескі Сарайшық ауылының қазіргі селитебі аумағының барлығы, Сарайшық ауылында ауылдық округтің әкімшілік орталығындағы қазіргі құрылыстың солтүстік-батыс жағындағы бос жер учаскесіне есептік мерзімге дейін біртіндеп жоспарлап көшіру ұсынылған. Қазіргі уақытта «КазГипократ» мекемесі бас жоспарға өзгерістер енгізуде. Осы бағытта ағымдағы жылы 2 рет ауыл тұрғындарымен кездесулер өтті. Бас жоспар жыл соңына дейін бекітілгеннен кейін ескі Сарайшық ауылын көшіру жөнінде ұсыныс облыс әкіміне жолданатын болады. |
|
9 |
Есмурзин Абат - №1АӘҚКО қызметкері |
Мал қамайтын жер бөлуді сұрайды. |
Сарайшық ауылдық округі әкімі |
2022 жылдың шілде айы |
Мал қамайтын жер телімі жасақталды. |
|
10 |
Құспанғалиев Шалқар - Махамбет көп бейінді ауыл шаруашылық колледж қызметкері. |
Е.Шәкіліков көшесінің №38 «№1 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» мекемесінің бұрылысында орналасқан электр бағанасының орнын өзгертуді сұрайды. |
Сарайшық ауылдық округі әкімі, «Атырау Жарық» АҚ-ның Махамбет аудандық бөлімшесі, |
2022 жылдың шілде айы |
Ескі Сарайшық ауылының Е.Шәкіліков көшесінің №38 «№1 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» мекемесінің бұрылысында орналасқан электр бағанысын «Атырау жарық» АҚ-ның мамандарымен тексеріліп, электр бағанасы автокөлік қозғалысына кедергі жоқ екені анықталды. |
|
11 |
Сисенгалиев Хадим - зейнеткер |
Ауыл ішіндегі саябақтарға жөндеу жұмыстарын жүргізуді сұрайды. |
Сарайшық ауылдық округі әкімі |
2022 жылдың қараша айы |
06.04.2022 жылы аудандық мәслихаттың кезектен тыс 19 сессиясында қаралып, қазіргі уақытта саябақтарға жөндеу жұмыстарына жобалау сметалық құжаттары жасақталуда, қыркүйек айында аяқталады. |
|
12 |
Мұхтар Әбілсейіт - «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК-ның директоры. |
Ауылымызға кіре берісіндегі ұзын көшесіне Қасымхан атын беруді сұрайды. |
Аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлім, Сарайшық ауылдық округі әкімі |
Жыл ішінде |
Аталған мәселе жергілікті қоғамдастықпен келісіліп, округ әкімінің шешімі дайындалды. Қазіргі уақытта шешімнің жобасы egov.kz порталында жария талқылауда тұр. Жария талқылау мерзімі өткеннен кейін, Әділет министрлігіне келісуге жолданады. |
|
Жалғансай ауылдық округі |
|||||
|
13 |
Есенгалиев Амангелді – зейнеткер, Жалғансай ауылдық Ардагерлер кеңесінің төрағасы |
Жалғансай ауылының жаңа мөлтек ауданына электр желісін жүргізуді сұрайды. |
Махамбет аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі |
2023 жыл |
Қазіргі уақытта Жалғансай ауылының жаңа мөлтек аудандарын және Махамбет ауылындағы «Мерей» ықшам аудандарын электр желісін салу құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Мердігер мекеме «Гранд Мастер» ЖШС-і. Құрылыс монтаж жұмыстарының аяқталу мерзімі 2023 жыл. |
|
14 |
Жалғансай ауылындағы қатты тұрмыстық қалдықтар төгетін орынға кәріз суларын төгуге рұқсат беруді сұрайды. |
Жалғансай ауылдық округі әкімі, Махамбет аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі |
2022 жылдың қараша айы |
Қатты тұрмыстық қалдықтар төгетін орынға кәріз суларын төгуге рұқсат берілмейді. Бұл жұмыстар бойынша ағымдағы жылы облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына Жайықтың арғы бетінен бір орын, бергі бетінен бір орын ашуға ұсыныс хат жолданды. Әрі қарай заңдылығына сәйкес жұмыстар жүргізілетін болады. Әзірге Махамбет ауылындағы кәріз булану алаңына төгеді. |
|
|
15 |
Құтымова Гүлзада – зейнеткер. |
Балалар ойын алаңын салуды сұрайды. |
Жалғансай ауылдық округі әкімі, Махамбет аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі |
2022-2023 жыл |
«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша Жалғансай ауылындағы ескі балалар ойын алаңына жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 1 маусым күні пайдалануға берілді. Сонымен қатар Жалғансай ауылына «Байчуакова ШҚ» демеушілігімен спорт алаңы және балалар ойын алаңын салу жоспарлануда. |
|
16 |
Маханова Айсана – зейнеткер. |
Жалғансай ауылының батыс жағындағы 3-4 үйге таза су желісін жүргізуді сұрайды. |
Махамбет аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі, Жалғансай ауылдық округі әкімі |
Жыл ішінде |
Жалғансай ауылына қазіргі таңда ауыз су бойынша жасақталған жоба жоқ. 4 үйге ауыз су желесін жүргізу үшін ЖСҚ жасақтау экономикалық жағынан тиімсіз. Осы мәселе бойынша Жалғансай ауылдық округі әкімшілігі тарапынан шешілу мүмкіндігі қарастырылады. |
|
17 |
Тұрғын үйіне интернет желісін жүргізуді сұрайды. |
Жалғансай ауылдық округі әкімі, «Қазақтелеком» АҚ Махамбет телекоммуникация торабы |
2022-2023 жыл |
А.Маханованың тұрғын үйі ауылдың жаңадан салынған мөлтек ауданында орналасқандықтан бұл жерлерде интернет желісінің тартылмауына байланысты әзірше мүмкіндік жоқ |
|
|
18 |
Исакулова Гулшат – «Көктем гүлі» бөбекжайының меңгерушісі |
«Көктем гүлі» балабақшасының жылу жүйесіне күрделі жөндеу жүргізуді сұрайды. |
Аудандық білім бөлімі |
2022 жылдың тамыз айы |
Модульдік жылу қазандығын алуға қаржы бөлініп, конкурс жарияланды. Конкурс қорытындысы бойынша «AQVAGAS GROUP» ЖШС –і жеңімпаз болып табылып, келісім шарт жасақталып, жұмыстары жүргізілуде. |
|
19 |
Өміралиев Биғали - зейнеткер |
Жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін жер учаскелерін беруді сұрайды. |
Махамбет аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі, Жалғансай ауылдық округі әкімі |
Үнемі |
Қазіргі уақытта Жалғансай ауылының жаңа мөлтек аудандарына және Махамбет ауылындағы «Мерей» ықшам аудандарына электр желісін салу құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Мердігер мекеме «Гранд Мастер» ЖШС-і. Құрылыс монтаж жұмыстарының аяқталу мерзімі 2023 жыл. Электр желісі аяқталысымен тұрғын үй құрылысы үшін жер телімі кезегіне сәйкес берілетін болады. |
|
20 |
Жайылым жерлерді белгілеп беруді сұрайды. |
Махамбет аудандық ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі, Жалғансай ауылдық округі әкімі |
2022-2023 жыл |
Жалғансай ауылдық округі бойынша жайылымдық жерлердің жоспары 2021-2022 жылдарға бекітілген. Ауыл айналасындағы игерілмеген жерлерді мемлекеттік меншікке қайтару үшін аудандық прокуратура мен жер инспекциясы арқылы жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар, 2023 жылға жоспар жасақталғанда ауыл тұрғындарының ұсыныстары қаперге алынады. |
|
|
2022 жылдың ІІ-тоқсаны |
|||||
|
Ақтоғай ауылдық округі |
|||||
|
21 |
Жұмашева Жұмағыз – Ардагер ұстаз, ауыл тұрғыны |
Қарт Жайықты ашып, су келуін қамтамасыз етуді сұрайды және бөгет ашылған жағдайда сумен келген балықты қайта Жайыққа ағызуға атсалысуды сұрайды. |
Махамбет аудандық ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі, Ақтоғай ауылдық округі әкімі |
Үнемі |
Аталған су айдыны Ақтоғай ауылдық округіне тиесілі емес. Қазіргі жер телімінің иесі азамат Е.Кульчиков 2021 жылы мамыр айында сатып алған. 2021 жылы аталған су айдынында көп мөмшерде балық қырылу фактісі орын ағалған болатын. Осыған орай Е.Кульчиков былтыр орын алған жағдайды қайталамау және балық қырылуына жол бермеу мақсатында су айдынының аузын бітеген. Алайда Актоғай ауылының белгісіз азаматтары жыраның аузын ашып аталған су айдынына толық су құйылды. Су айдыны Жайық өзенінен үзілген уақытта, су табаны астында қалып қойған балықтардың қырылуын болдырмау шаралары қолға алынып, қалған балықтарды Жайық өзеніне тірі күйінде жіберу жұмыстарын жүргізілді. |
|
22 |
Мұқашев Серік – зейнеткер, ауыл тұрғыны |
Азық-түлік, дәрі-дәрмек бағаларын тұрақтандыру бойынша комиссиямен тексеруді сұрайды. |
Махамбет аудандық ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі, Ақтоғай ауылдық округі әкімі |
Үнемі |
Махамбет ауданы әкімдігінің жаныннан 2022 жылдың 7 ақпанында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын тұрақтандыру мақсатында арнайы штаб құрылды. Әр аптаның сәрсенбі күні бағаларға мониторинг жүргізіліп нәтижесі облыстық кәсіпкерлік басқармаға жолданады. Қазіргі таңда қант, айран, көкөністің кейбір түрлеріне өсім бар. Бұл алдымен Атырау қаласындағы көтерме сауда орталығындағы бағаларына тәуелді болуына байланысты. Сонымен қатар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын тұрақтандыру мақсатында әр аптаның сенбі күндері жәрменке ұйымдастырылады. Күні бүгінге 26 жәрменке өткізілді. Жәрменкедегі азық-түлік тауарларының бағасы дүкендерден 5/10 пайыз төмен сатылады. |
|
Бақсай ауылдық округі |
|||||
|
23 |
Ещанов Мұрат – зейнеткер, ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы |
Таңдай ауылындағы Қ.Мұңайтпасов көшесіне тас жол салуды сұрайды. |
Махамбет аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі, Бақсай ауылдық округі әкімі |
2022-2023 жыл |
Бақсай ауылдық округі әкімдігі арқылы «Махамбет ауданы, Таңдай ауылындағы жаяу жүргіншілер жолы бар ауылішілік жолдарды күрделі жөндеуге ЖСҚ әзірлеу» бойынша қаржы бөлініп, 2022 жылы 2 маусымда конкурсқа берілді. Жеңімпаз болып "Игілік Стройпроект" анықталды. Аталған жобада Қ.Мұңайтпасов көшесі бар. |
|
24 |
Сабиров Меңдіғали – жеке кәсіпкер |
Таңдай ауылындағы тозығы жеткен жазғы су желісін жөндеуді сұрайды. |
Бақсай ауылдық округі әкімі |
2022 жылдың шілде айы |
Таңдай ауылындағы жазғы су желісі Бақсай ауылдық әкімшілігі теңгерімінде. 300 метр болатын жарамсыз тұрбаларды ауыстыруға бөлінген қаржыға «FARRA» жеке кәсіпкері жеңімпаз болып танылып, жөндеу жұмыстарын толығымен аяқтады. |
|
25 |
Тоғжанова Айжамал - зейнеткер |
Көп балалы болуына байланысты тұрғын үй беруді сұрайды. |
Махамбет аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі |
Кезектілікке сәйкес |
Қазіргі кезде Бақсай ауылдық округінде тұрғын үй құрылысы жүргізіліп жатырған жоқ. Алайда 2022 жылға аудан бойынша 10 тұрғын үй сатып алуға қаржы бөлініп, қазіргі кезде бір үй Ақтоғайдан сатып алынды. Сатылатын үйлер болуына байланысты әр ауылдан бір үй сатып алу жоспарлануда. |
|
Ақжайық ауылдық округі |
|||||
|
26 |
Балмуханова Рысбике - зейнеткер |
Ауылдағы қырқылған малдардың жүндерін кәдеге асыру үшін арнайы жүн тапсыратын орын ашуды сұрайды. |
Ақжайық ауылдық округі әкімі |
Жыл ішінде |
Аудан төңірегіндегі көрпе-көпшік даярлайтын жеке кәсіпкерлік иелерімен және Махамбет ауылында орналасқан «Түгелбаев» жеке кәсіпкерлігімен және Атырау қаласындағы жүнді бастапқы өңдеу мекемесінің басшылығымен келіссөздер жүргізілді. Алайда, кәсіпкерлік иелері жүн өнімдерін қабылдаудан бас тартып отыр. Күні бүгін бұл мәселе шешімін тапқан жоқ. Ауыл тұрғындарына аталған кәсіппен айналысу ұсынылып, әкімшілік тарапынан Заң шеңберінде барлық қолдаулар көрсетілетіні айтылды. Қазіргі уақытта кәсіп ашуға ниет білдіруші шыққан жоқ. |
|
Алға ауылдық округі |
|||||
|
27 |
Кушенов Таймус – ауыл тұрғыны |
Ортақшыл мен Алға ауылдары аралығындағы электр желілерін жаңартуды сұрайды. |
Алға ауылдық округі әкімі, «Атырау Жарық» АҚ-ның Махамбет аудандық бөлімшесі, |
Жыл ішінде |
Қазіргі уақытта Алға және Ортақшыл ауылдарындағы жаңа мөлтек аудандарды электр желісімен қамту жобасы іске асырылуда. Аталған жобалар бойынша қазіргі уақытта түзетулер енгізу жұмыстары жүргізілуде. Осы орайда Алға ауылынан Ортақшыл ауылына дейінгі электр желісі ауыстырылуы көзделген. Жұмыстар 2022 жылы аяқталуы жоспарда. |
|
28 |
Алға ауылына балабақша құрылысын салуды сұрайды. |
Махамбет аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі |
2022-2023 жыл |
Алға ауылынан бала бақша құрылысын салу үшін 2019 жылы аудандық әкімдігімен ЖСҚ (жобаның құны 696 860,0 мың теңге) жасақталған болатын. Алайда бюджеттен 3 жыл мерзім ішінде қаржыландырылмауы себепті аталған жобаның мерзімі өтіп кетті. 2021 жылдан бастап білім беру нысандары облыстық білім беру басқармасының бағыныстылығына өтуіне байланысты жобалар басқармаға ұсынылды. Қазіргі уақытта білім беру басқармасына аталған жобаны қайта түзету енгізу туралы ұсыныстар енгізілді. |
|
|
29 |
Ауылдағы әкімшілік ғимараты ескі, жөндеу жұмыстарын жүргізуді сұрайды. |
Алға ауылдық округі әкімі |
2022-2023 жыл |
Алдағы уақытта Алға ауылдық округінің әкімшілік ғимаратына жәй жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін мүмкіншілікке қарай жергілікті бюджеттен қаржы бөлу мүмкіндігі қарастырылатын болады. |
|
|
30 |
Алға ауылындағы емхананы жаңа жедел жәрдем автокөлігімен қамтамасыз етуді сұрайды. |
Алға ауылдық округі әкімі, «Махамбет аудандық аурухана» ШЖҚ КМК |
Жыл ішінде |
«Махамбет аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК-нан 2021 жылы Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасына мекемеге 4 (төрт) санитарлық автокөлікке бюджеттік өтінім берілді. Қажеттілікке байланысты қосымша 22.07.2022 жылы №01-06/708 санды хатпен сұраныс жіберілді. Алдағы уақытта автокөліктермен қамтамасыз ету жоспарлануда. |
|
|
31 |
Ақбаев Оспан – ауыл тұрғыны |
Алға ауылына мешіт салуды сұрайды. |
Алға ауылдық округі әкімі |
2022-2023 жыл |
Алға ауылынан мешіт құрылысын салу үшін қаржы қаралмаған. Ауыл тұрғындарынан өз қаражаты есебінен мешіт құрылысын саламын деушілер болса немесе демеушілер табылған жағдайда жерін белгілеп беруге ықпалдасатын боламыз. |
|
Есбол ауылдық округі |
|||||
|
32 |
Таңатов Жалғас – Есбол ауылы тұрғыны |
Есбол ауылына интернет желісін жүргізуді сұрайды. |
Есбол ауылдық округі әкімі, «Қазақтелеком» АҚ Махамбет телекоммуникация торабы |
2023 жыл |
«Қазақтелеком» АҚ Махамбет телекоммуникация торабының берген ақпаратына сәйкес 2023-2025 жылдар аралығында сымсыз байланыс желісі жүргізіледі. |
|
33 |
Бөрібаева Айгүл – Ортақшыл ауылының тұрғыны |
Ортақшыл ауылы Кеңес көшесіне асфальт жол салуды сұрайды. |
Махамбет аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі, Есбол ауылдық округі әкімі |
2022-2023 жыл |
Биылғы жылы «ПроектСтройИнжиниринг» ЖШС-і арқылы жобалық сметалық құжаттама жасақталуда. Кеңес көшесі жобаға енгізілді. 2022 жылы мемлекеттік сараптама қорытындысы алынып, 2023 жылы құрылыс жұмыстарына қажетті қаражатқа бюджеттік өтінім ұсынылатын болады. |
|
34 |
Ахметова Маржан – Ортақшыл ауылы тұрғыны |
Тұрғын үй беруді сұрайды. |
Махамбет аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі |
Кезектілікке сәйкес |
Ахметова Маржан аудандық тұрғын үйге мұқтаж азаматтар кезектілігінде көп балалы отбасылар санаты бойынша 2021 жылғы 30 маусымдағы өтінішіне сай №209 болып тіркеуде тұр. Бастапқы кезектілік саны 220. Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 74 бабының 1 тармағында мұқтаждар есебінде тұратын азаматтарға мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжай немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжай барлық қажетті құжаттармен бірге өтініш берілген кезден бастап тізімдерде берілген кезектілік тәртібімен беріледі делінген. Сондықтан азаматтардың тұрғын үйге өтініштері кезең-кезеңмен тіркелген кезегіне сай шешіледі. |
|
35 |
Қуанышқалиева Айтолқын – Ортақшыл ауылының тұрғыны |
Ортақшыл ауылындағы дәрігерлік емхана көшесіне түнгі жарық шамын орнатуды сұрайды. |
Махамбет аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі, Есбол ауылдық округі әкімі |
Жыл ішінде |
Биылғы жылы түнгі жарық шамдарын орнату үшін ЖСҚ жасақталуда. Осы жобада барлық көшелер қамтылған. Қазіргі уақытта аталған көшеге уақытша 2 көше шамы орнатылды. |
|
36 |
Ортақшыл ауылындағы дәрігерлік емхананың кәріз жүйесін жөндеуді сұрайды. |
Есбол ауылдық округі әкімі, «Махамбет аудандық аурухана» ШЖҚ КМК |
2022 жылдың тамыз айы |
«Махамбет аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК қарасты Ортақшыл ауылындағы дәрігерлік емхананың кәріз жүйесіне кері ауа шығару мұржасы орнатылмағандықтан емхананың ауасы ластанған. Қазіргі уақытта кәріз жүйесі жөнделіп, пайдалануда. |
|
|
37 |
Нармағанбетов Нұрғазы – Еңбекшіл ауылының тұрғыны |
Еңбекшіл ауылындағы жаңа мектептің алдына, яғни М.Шоқай көшесіне жасанды жол кедергісін орнатуды сұрайды. |
Махамбет аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі, Есбол ауылдық округі әкімі, Аудандық полиция бөлімі |
2022 жылдың қараша айы |
Биылғы жылы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қалақұрылысы бөлімі арқылы қазан-қараша айларында жасанды жол кедергісі орнатылатын болады. |
|
38 |
Абенова Алтын – Ортақшыл ауылының тұрғыны |
Қоғамдық жұмысқа орналастыруды сұрайды. |
«Жұмыспен қамту орталығы» ММ, Есбол ауылдық округі әкімі |
2022 жылдың шілде айы |
«2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі» ұлттық жобасы шеңберінде қоғамдық жұмысқа 2022 жылдың қаңтар-маусым айларында шараға тартылды. Келісім шарты 1 шілдеден бастап жыл соңына дейін ұзартылды. |
|
39 |
Сұлташев Шәкәрім – Ортақшыл ауылының тұрғыны |
Өзек бойындағы және қырлық жердегі шаруа қожалықтарымен қоршалған жерлерді ашуды сұрайды. |
Махамбет аудандық ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі, Есбол ауылдық округі әкімі |
Үнемі |
Канал бойындағы шаруа қожалығы үшін жер учаскелерінің артық көлемін қоршап алған меншік иелерінің тізімі жасақталып, Атырау облысының жер ресурстарын басқару департаментіне жолданды. Алайда, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 710-бабында көрсетілген баптар бойынша кодекске тиісті өзгерістер енгізілмейінше қандайда бір әкімшілік істерді қарауға немесе әкімшілік жауапкершілікке тарту шараларын жүзеге асыруға мүмкіндік жоқ екендігі туралы кері хат жолдады. Осыған орай канал бойын артық көлемде қоршап алған шаруа қожалықтардың шарасын алуға мүмкіндік жоқ. |
|
40 |
Ортақшыл ауылы тұрғындарына жазғы суды жиі беруді сұрайды. |
Есбол ауылдық округі әкімі |
Үнемі |
Ортақшыл ауылы тұрғындарына жазғы су үздіксіз беріліп отыр. |
|
|
41 |
«Атырау-Индер» тас жолы бойындағы мал өлекселерін уақытында алуды сұрайды. |
Есбол ауылдық округі әкімі |
Үнемі |
«Атырау-Индер» тас жолы бойының тазалығы облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының теңгерімінде. Сондықтан осы басқарма арқылы тазалық жұмыстары атқарылуда. Алайда, елді мекен аумағындағы тазалық жұмыстары уақытылы жүргізіліп отыр. |
|
|
42 |
Ортақшыл ауылындағы тоғайдың тазалығын қамтамасыз етіп, бақылауға алуды сұрайды. |
Есбол ауылдық округі әкімі, Махамбет орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекеме |
Үнемі |
Округке қарасты тоғайдың тазалығы үнемі бақылауда ұсталады. Тазалық акцияларында мекеме қызметкерлері және қоғамдық қызметкерлерімен тазаланып келеді. Ағымдағы жылдың 19 тамызында өткен «TRASHTAG ATYRAU» акциясы аясында «Жасыл ел» сарбаздарымен «Жайық» жағалауына тазалық жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, 2021жылы орман қоршауларын жаңарту, болмаған жағдайда қоршау жұмысын жүргізуге құралдар (сым, шеге) бөлінген. Күні бүгінге дейін кезең-кезеңімен қоршау, тазалау жұмыстары жүгізілуде, Ортақшыл ауылдық округі тұсындағы тоғайды 2023 жылы 3-ші тоқсанында қоршауды аяқтау көзделіп отыр. |
|
|
Махамбет ауылдық округі |
|||||
|
43 |
Өмірбекова Зоя - зейнеткер |
Махамбет ауылы, Жаңа ауыл №5 көшенің қалған жеріне асфальт жол төсеуді және түнгі жарық шамын орнатуды сұрайды. |
Махамбет аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі, Махамбет ауылдық округі әкімі |
2022-2023 жыл |
Дайын жобалық құжаттамалардың ішінде Махамбет ауылындағы Жаңа ауыл мөлтек ауданы №5 көшесіне жол салу және түнгі жарық шамын орнату енгізілмеген. Осыған орай алдағы жасалатын жобаға енгізілетін болады. |
|
44 |
Үмбеталиев Тыныштық - зейнеткер |
Жасыл белдеу алаңына су жіберуді сұрайды. |
Махамбет ауылдық округі әкімі |
Үнемі |
Махамбет ауылындағы Жасыл белдеуді күтіп-ұстау бойынша мердігер мекеме «Western Construction Team» ЖШС-і электронды конкурс арқылы жеңімпаз болып, суару, ағаштарды кесу, шөбін шабу, қоршауын жөндеу жұмыстарын жыл аяғына дейін жүргізеді. |
|
45 |
Махамбет ауылы, Б.Нысанбаев көшесіне жасанды жол кедергісін орнатуды сұрайды. |
Махамбет аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі, Махамбет ауылдық округі әкімі, Аудандық полиция бөлімі |
2022 жылдың қараша айы |
Жол кедергілерін орнату жол көлік техникалық қадағалаушысының ұйғарымына сәйкес орнатылады. Әзірге Б.Нысанбаев көшесіне жол кедергісін орнату жөнінде ұсыныс түскен жоқ. Алдағы уақытта Б.Нысанбаев көшесіне жол кедергісін орнату мүмкіндігі қарастырылатын болады. |
|
|
46 |
Ардагерлермен жастардың кездесуін ұйымдастыруды сұрайды. |
Аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі |
2022 жылдың шілде айы және үнемі |
2022 жылғы 20 маусымда аудандық Жастар Ресурстық орталығында «Ұрпақтар сабақтастығы» атты аудан жастарымен еңбек ардагерлерінің кездесу кеші өткізілді. Жиынға еңбек ардагерлері Үмбеталиев Тыныштық Рахметқалиұлы, Байтова Ұлжалғас Байжұманқызы және Сабырғалиев Марат Сабырғалиұлы қатысып, жастарға тәрбие беру бағытында өз ақыл- кеңестерін айтты. |
|
|
47 |
Махамбет ауылы, Ж.Қартқожақов көшесіне жаяу жүргінші жолын салуды сұрайды. |
Махамбет аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі, Махамбет ауылдық округі әкімі, Аудандық полиция бөлімі |
2022-2023 жыл |
Махамбет аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі арқылы ЖСҚ жасақталуда. Мердігер мекеме «ИгілікСтройПроект» ЖШС. Аяқталу мерзімі 20 қыркүйек. Осы жобаға Ж.Қартқожақов көшесі енгізілді. ЖСҚ жасақталғаннан кейін мемлекеттік сараптамадан өткізіліп, құрылыс жұмыстарына қажетті қаржыға сұраныс берілетін болады. |
|
|
48 |
Салихов Қуандық – ауыл тұрғыны |
Бұралқы иттерді жоюды сұрайды. |
Аудандық ветстанса КМК, Махамбет ауылдық округі әкімі |
Үнемі |
Қаңғыбас иесіз бос жүрген ит мысықтарды аулап жою жұмыстары аудандық ветстансаның мал дәрігері мамандарымен жүзеге асырылып келген болатын. ҚР 30.11.2021 жылғы №97 Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы Заңына сәйкес жануарларды аулау, уақытша ұстау және жансыздандыру жұмыстарын дара кәсіпкерлер немесе мемлекеттік емес заңды тұлғалар бюджет қаражаты есебінен жүзеге асыру көзделген. Қаңғыбас иесіз бос жүрген иттердің санын реттеу мақсатында, улы заттарды, химиялық препараттарды пайдалануды қоса алғанда, кез келген тәсілдермен жансыздандыру арқылы реттеуге тыйым салынған. |
|
Бейбарыс ауылдық округі |
|||||
|
49 |
Өтебайұлы Сансызбай – ауыл тұрғыны |
Бейбарыс ауылы маңындағы Қазынаталдан бері қарай Жайық өзенінің бойына тал егіп, тоғай жасауды сұрайды. |
Бейбарыс ауылдық округі әкімі, Махамбет орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекеме |
Жыл ішінде |
Қазынатал қоршаулы «Махамбет орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекеме» КММ-ң орман қоры алқабы. Көршілес Бейбарыс ауылдық округі тұсында мекемеге қарасты орман алқабы болмағандықтан тал егу жұмыстары Махамбет орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекеменің құзырына жатпайды. |
|
50 |
Кәріз суын төгетін және үй салуға қажетті топырақ алатын карьер орындарын бөлуді сұрайды. |
Махамбет аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі, Бейбарыс ауылдық округі әкімі |
Жыл ішінде |
Аудан бойынша экологиялық заңдылықтарға сәйкес ауылдық округтерден кәріз суын төгетін орын ашуға рұқсат жоқ. Әзірге Махамбет ауылындағы булану алаңына тасылатын болады. Жалпы Жайық өзенінің екі жақ бетінен кәріз суын төгетін, оны тазалайтын орын белгілеп жобалық сметалық құжаттамаларын жасақтау жоспарлануда. Аудан бойынша топырақ алатын орын Бақсай ауылдық округі Таңдай ауылында белгіленген. Басқа округтерде топырақ алуға рұқсат жоқ. Себебі басқа округтерден карьер ашатын арнайы лицензиясы бар кәсіпкерлер шықпай отыр. |
|
|
51 |
Ғинаятұлы Жұмагелді – ауыл тұрғыны |
Көшедегі ескі ағаш электр бағаналарын ауыстыруды сұрайды. |
Махамбет аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі, «Атырау Жарық» АҚ-ның Махамбет аудандық бөлімшесі, Бейбарыс ауылдық округі әкімі |
Жыл ішінде |
Аталған бағаналар «Атырау-Жарық» мекемесінің теңгерімінде. Осыған орай ағаш бағаналарды ауыстыру бойынша «Атырау-Жарық» мекемесіне ұсыныс берілді. |
|
52 |
Қарамоншақов Амангелді – зейнеткер, ардагерлер Кеңесінің төрағасы |
Бейбарыс ауылындағы өз алдына бөлек өзекті теңгерімге беруді сұрайды. |
Махамбет аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі, Бейбарыс ауылдық округі әкімі |
Жыл ішінде |
Бейбарыс ауылындағы өзекті теңгерімге беру мақсатында заңдылығын қарап, теңгерімге беру мүмкіндігі зерделенуде. |
|
53 |
Бейбарыс ауылындағы ескі мектеп ғимараты мен кезіндегі совхоздың кейбір ғимараттарын бұзып, орнын халыққа үй салуға беруды сұрайды. |
Бейбарыс ауылдық округі әкімі, Махамбет аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі |
2022-2023 жыл |
Облыстық білім басқармасының ұсынысымен аукцион жарияланып, аталған ғимараттарды бұзуды іске асыру қажет. Сол сияқты «1 мамыр» ЖШС-і де өз ғимараттарын бұзу қажет. Содан кейін босаған орынға бас жоспарға сәйкес үй салу мүмкіндігі қаралады. |
|
|
54 |
Лұқпанов Жанболат – Б.Хисмеденова көшесінің тұрғыны |
Б.Хисмеденова көшесіне бөлек трансформатор орнатуды сұрайды. |
Махамбет аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі, «Атырау Жарық» АҚ-ның Махамбет аудандық бөлімшесі, Бейбарыс ауылдық округі әкімі |
Жыл ішінде |
Трансформатор орнату үшін сол аумақтағы желілер тұрғындардың өздерінің күштерімен жүргізген желілері болғандықтан талапқа сай келмейді. Сондықтан «Атырау-Жарық» мекемесінің техникалық шартына байланысты атқарылуы тиіс. Қосымша бұл мәселені шешу мақсатында трансформатор сатып алу үшін мемлекеттік сатып алу конкурсы берілген болатын. 2 рет конкурс беріліп ниет білдірушілер анықталмады. Қазір уақытта трансформатор бағаларын, техникалық талаптарын қайта қарап, конкурсқа берілетін болады. |
|
55 |
Ерғалиева Алтынзер – «Айналайын» балабақшасының шаруашылық меңгерушісі. Талдыкөл ауылының тұрғыны |
Талдыкөл ауылына балалар ойын алаңы мен жастардың спорт алаңын салуды сұрайды. |
Махамбет аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі, Бейбарыс ауылдық округі әкімі |
2022-2023 жыл |
2023 жылы «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында 5 ауылдық округтерде ашық спорт алаңдары салынатын болады. |
|
56 |
«Айналайын» балабақшасына бөлек таза су құятын құдық салып беруді сұрайды. |
Аудандық білім бөлімі, Бейбарыс ауылдық округі әкімі |
Жыл ішінде |
«Айналайын» бөбекжай-бақшасының техникалық паспортында ауыз су құдығы көрсетілмегендіктен, құжаттарын қайта рәсімдеу үшін қаражатқа сұраныс берілуде.
|
|
|
57 |
Талдыкөл ауылынан Атырау қаласына қатынайтын автобус шығаруды сұрайды. |
Махамбет аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі, Бейбарыс ауылдық округі әкімі |
Жыл ішінде |
Бейбарыс-Талдыкөл ауылынан Атырау қаласына жолаушылар тасымалдауға автобус шығару жөнінде облыстық автомобильдер басқармасы және жолаушылар тасымалы басқармасына хат жолданды. Маршрут шығару бойынша мәселе облыстық мәслихатта қаралатын болады. |
|
|
58 |
Төленов Жексенбай – зейнеткер. Бейбарыс ауылы тұрғыны |
Бейбарыс ауылына дәріхана ашуды сұрайды. |
Бейбарыс ауылдық округі әкімі, Махамбет аудандық ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі
|
Жыл ішінде |
Бейбарыс ауылында жеке кәсіпкер «Қорғанов» аптека құрылысын бастады. |
|
Сарайшық ауылдық округі |
|||||
|
59 |
Мырзағалиев Төлеу – ауыл тұрғыны |
Жазғы су желісін пластик трубаларына ауыстыруды сұрайды. |
Сарайшық ауылдық округі әкімі |
2022-2023 жыл |
Жазғы су желісіне жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында ЖСҚ жасақтау жұмыстары жоспарға енгізілді. |
|
60 |
Жаңа ауылға жол салуды сұрайды. |
Махамбет аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі, Сарайшық ауылдық округі әкімі |
2022-2023 жыл |
Биылғы жылы «ПроектСтройИнжиниринг» ЖШС-і арқылы жобалық сметалық құжаттама жасақталуда. |
|
|
61 |
Сарайшық ауылын толықтай интернет желісімен қамтамасыз етуді сұрайды.
|
Сарайшық ауылдық округі әкімі, «Қазақтелеком» АҚ Махамбет телекоммуникация торабы |
2023 жыл |
2023-2025 жылдар аралығында Атырау облысында РЛЛ желісі қолданысқа енгізілетін болады. |
|
|
62 |
Тайыров Ғайнолла – зейнеткер, ауыл тұрғыны |
Сарайшық ауылына мал дәрігеріне көмекші бөлуді сұрайды. |
Махамбет аудандық ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі, Жұмыспен қамту орталығы, Сарайшық ауылдық округі әкімі |
Жыл ішінде |
Сарайшық ауылына мал дәрігеріне көмекші мамандығына сұраныс түскен жоқ және сол мамандық бойынша жұмыссыз есебінде тұрған азаматтар жоқ. |
|
63 |
Құрмашев Нығмет – зейнеткер, ауыл тұрғыны |
Бұралқы иттерді жою бойынша жоғары тұрған органдарға ұсыныс беруді сұрайды. |
Аудандық ветстанса КМК, Сарайшық ауылдық округі әкімі |
Үнемі |
Қаңғыбас иесіз бос жүрген ит мысықтарды аулап жою жұмыстары аудандық ветстансаның малдәрігері мамандарымен жүзеге асырылып келген болатын. ҚР 30.11.2021 жылғы №97 Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы Заңына сәйкес жануарларды аулау, уақытша ұстау және жансыздандыру жұмыстарын дара кәсіпкерлер немесе мемлекеттік емес заңды тұлғалар бюджет қаражаты есебінен жүзеге асыру көзделген. Қаңғыбас иесіз бос жүрген иттердің санын реттеу мақсатында, улы заттарды, химиялық препараттарды пайдалануды қоса алғанда, кез келген тәсілдермен жансыздандыру арқылы реттеуге тыйым салынған. |
|
64 |
Мұражай жанындағы саябаққа жөндеу жұмыстарын жүргізуді сұрайды. |
Сарайшық ауылдық округі әкімі |
Жыл ішінде |
Қазіргі уақытта бас жоспарға өзгеріс енгізілуде, бас жоспар жасақталғаннан кейін, саябақты жөндеу үшін жобалық сметалық құжаттама жасақтауға қажетті қаржыға сұраныс берілетін болады. |
|
|
65 |
Сисенгалиев Хадим – зейнеткер, ауыл тұрғыны |
Сарайшық ауылын толығымен қысқы су және жазғы су желілерімен қамтамасыз етуді сұрайды. |
Махамбет аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі, Сарайшық ауылдық округі әкімі |
2022-2023 жыл |
Сарайшық ауылында су құбыры жүргізілген. Қосымша су желісі жүргізілмеген көшелерге ЖСҚ жасақталу арқылы жүзеге асады. Алға қарай жоспарға енгізілетін болады. |
|
Жалғансай ауылдық округі |
|||||
|
66 |
Сиджанов Мубин – зейнеткер, ауыл тұрғыны |
Жалғансай ауылының ауылішілік автомобильдер жолдарын салуды сұрайды. |
Махамбет аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі |
2022-2023 жыл |
«Жалғансай ауылылының жаяу жүргіншілер жолымен қоса ауылішілік автомобиль жолдарын күрделі жөндеу» бойынша құрылыс–монтаж жұмыстарын бастауға ағымдағы жылдың 24 мамыр күні таллон алынды. Құрылыстың ұзақтығы 19 ай болып белгіленген. Мердігері «Атырауинжстрой» ЖШС-і. Биылғы жылға қаралған қаржысы аудандық бюджеттен – 12 993,0 мың теңге және облыстық бюджеттен - 100,0 мың теңге. Келісім шарттар құны 1 922 294,5 мың теңге. Жалпы жолдың ұзындығы - 10,7 шақырым. Құрылыс жұмыстарына облыстық бюджеттен қажетті қаржыға сұраныс берілуде. |