Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі:
2022 жылдың I жартыжылдығы.
Талдау кезеңі: 2022 жылдың 5 қаңтар – 30 маусым аралығы.
«Есбол ауылдық округі әкімі аппараты» ММ Атырау облысы, Махамбет ауданы, Ортақшыл ауылы, Абай көшесі №21.
1.Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы
Есбол ауылдық округі әкімі аппаратының құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітілген. Есбол ауылдық округі әкімі аппаратында штат саны бойынша 4 мемлекеттік қызметкер бар.
2.Мүдделер қақтығысын реттеу
Округте мүдделер қақтығысы жоқ.
3.Мемлекеттік қызмет көрсету
Есбол ауылдық округі әкімі аппараты 5 мемлекеттік қызмет көрсетеді.
1) «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» Қызмет көрсету мерзімі – 13 (он үш) жұмыс күн. 2022 жылдың І жартыжылдығында өтініш түскен жоқ.
2) «Елді мекендер шегінде обьектілер салу үшін жер учаскелерін беру»
Қызмет көрсету мерзімі – 1 кезең – 28 (жиырма сегіз) жұмыс күн, 2 кезең – 18 (он сегіз) жұмыс күн. 2022 жылдың І жартыжылдығында өтініштер түскен жоқ.
3) "Жер учаскесін алу үшін кезекке қою"
Қызмет көрсету мерзімі - 12 (он екі) жұмыс күні;
2022 жылдың І жартыжылдығында 1 өтініш түсіп, қанағаттандырылды.
4) «Сауда саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу»
Қызмет көрсету мерзімі - 1 кезең – 12 (он екі) жұмыс күн, 2 кезең – 3 (үш) жұмыс күн. 2022 жылдың І жартыжылдығында 10 өтініш түсіп, оның ішінде 5 өтініш қанағаттандырылды, 2 өтініш қанағаттандырылмады;
5) «Жер учаскесін жекеменшікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату»
Қызмет көрсету мерзімі - көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған күннен бастап – 5 (бес) жұмыс күні;
2022 жылдың І жартыжылдығында 2 өтініш түсіп, қанағаттандырылды.
Есбол ауылдық округі әкімі аппаратында рұқсат беру функциялары жоқ.
Есбол ауылдық округі әкімі аппаратына 2022 жылдың І жартыжылдығында жеке тұлғалардан - 3 өтініш түсті, заңды тұлғалардан 5 өтініш түсті. Барлық өтініштер қанағаттандырылды. Өтініштерге заңға сәйкес уақытылы жауаптар жолданған.
Есбол ауылдық округі әкімі аппаратында Этика Кодексі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Заңының талаптары қатаң сақталады.
Сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын сыни материалдар жарияланған жоқ.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің қорытындылары
І.Кіріспе
басталды: 5 қаңтар, аяқталды 30 маусым.
ІІ. Ақпараттық-талдамалық бөлім
Мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субьектілерінің қызметінде сыбайлас жемқорлықтың туындауының себептері мен жағдайын сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштері.
Тұлғалардың қызметінде сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін жағдайлар мен себептер анықталмады.
ІІІ. Қорытынды бөлімі
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субьектілері қабылдаған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды жақсарту бойынша ұсынымдар.
2022 жылдың І жарты жылдық қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасын зерделеу бойынша құқықтық жаппай оқыту жүргізу.