Хабарландыру!!!
Сарайшық ауылдық округі әкімі аппараты, «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 28 қаңтардағы № 401-ІV Заңының 16-бабына сәйкес, «Қоғамдық медиаторларды сайлау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 3 мамырдағы № 134 бұйрығы негізінде ауылдық округ бойынша қоғамдық медиаторлар сайлау үшін үміткерлер құжаттарын қабылдау жүріп жатырғанын хабарлайды.
Қоғамдық медиаторларға қойылатын талаптар:
Қоғамдық медиатор ретінде сайлануға ниет білдірген үміткерлер Сарайшық ауылдық округі әкімі аппаратына мынадай құжаттарды тапсырады:
1) осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш (бұдан әрі - өтініш);
2) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі;
3) заңды мекенжайы туралы мәлімет;
4) байланыс деректері (пошта немесе электронды мекенжайы, телефон немесе телефакс нөмірі);
5) медиатордың маманданып жүрген медиация саласы туралы мәліметтер;
6) медиатордың медиацияны жүзеге асыра алатын тілі туралы мәліметтер;
7) үміткердің тұрғылықты жері бойынша наркологиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдардан және психоневрологиялық ұйымнан берілген анықтамалар;
8) соттылығының жоқтығы туралы анықтама.
Құжаттарды қабылдау мерзімі қоғамдық медиаторларды сайлау туралы хабарландыру жарияланған күннен кейін 10 (он) жұмыс күнін құрайды.
Үміткерлер тиісті құжаттарын saraichk@mail.ru электрондық поштасына немесе хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы және (немесе) қолма-қол қағаз немесе электрондық тасығыштар арқылы Сарайшық ауылы, А.Иманов көшесі, 44 мекенжайына әкелуіне болады.