Хабарландыру
Ақжайық ауылдық округі әкімі аппараты, «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 28 қаңтардағы № 401-IV Заңының 16-бабына сәйкес, «Қоғамдық медиаторды сайлау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 3 мамырдағы № 134 бұйрығы негізінде ауылдық округ бойынша қоғамдық медиаторлар сайлау үшін үміткерлер құжаттарын қабылдау жүріп жатырғанын хабарлайды.
Қоғамдық медиаторға қойылатын талаптар:
Қоғамдық медиаторды сайлауға қатысуға ниет білдірген үміткерлер Ақжайық ауылдық округі әкімінің аппаратына мынадай құжаттарды тапсырады:
1) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш (бұдан әрі – өтініш);
2) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі;
3) заңды мекен-жайы туралы мәлімет;
4) байланыс деректері (пошта немесе электрондық мекенжайы не телефон немесе телефакс нөмірі);
5) медиатордың маманданып жүрген медиация саласы туралы мәліметтер;
6) медиатордың медиацияны жүзеге асыра алатын тілі туралы мәліметтер;
7) үміткердің тұрғылықты жері бойынша наркологиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдардан және психоневрологиялық ұйымнан берілген медициналық анықтамалар;
8) соттылығының жоқтығы туралы анықтама.
Құжаттарды қабылдау мерзімі қоғамдық медиаторларды сайлау туралы хабарландыру жарияланған күнінен кейін 10 (он) жұмыс күнін құрайды.
Үміткерлер тиісті құжаттарын Zha.dauletkaliev@atyrau.gov.kz электрондық поштасына немесе хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы және (немесе) қолма-қол қағаз немесе электрондық тасығыштар арқылы Ақжайық ауылы, Махамбет көшесі, №33 мекен-жайына жіберуге немесе қолма қол әкелуге болады.