Атырау облысы Махамбет ауданы Жалғансай ауылдық округі әкімі аппаратының сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша 2021 жылдың ІІ жартыжылдық бойынша талдамалық АНЫҚТАМА

Талдау кезеңі: 2021 жылдың 1 шілде – 31 желтоқсан  аралығы.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі:                2021 жылдың ІІ жартыжылдығы.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдаудың мәні:

1.Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы

2.Мүдделер қақтығысын реттеу                                                                             3.Мемлекеттік қызмет көрсету

4.Рұқсат беру функцияларын іске асыру        

5.Бөлімшеге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері 

6.Әдеп кодексі нормалары мен сыбайлас жемқорлық заңдарының сақталуы

7.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудан туындайтын өзгеде мәселелер

Талдамалық обьекті туралы мәлімет

Атырау облысы Жалғансай ауылдық әкімі аппараты  ауылдық округі әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге  асыратын атқарушы орган.

Ауылдық округ әкімі аппаратты ауылдық округі әкімі басқарады.

Ауылдық округі әкімі аппараты бас мамандардан тұрады.

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі:

2021 жылдың IІ  жартыжылдығы.

Талдау кезеңі: 2021 жылдың 1 шілде – 31 желтоқсан  аралығы.

«Жалғансай ауылдық округі әкімі аппараты» ММ Атырау облысы, Махамбет ауданы, Жалғансай ауылы,  М.Өтемісов көшесі №1

1.Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы

Жалғансай ауылдық округі әкімі аппаратының құрылымы мен штат санының лимиті  қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітілген. Жалғансай ауылдық округі әкімі аппаратында штат саны бойынша 4 мемлекеттік қызметкер бар. Қазіргі уақытта бос лауазымдық орын жоқ.

 

 

 

2.Мүдделер қақтығысын реттеу

Бөлімде мүдделер қақтығысы жоқ.

3.Мемлекеттік қызмет көрсету

Жалғансай ауылдық округі әкімі аппараты 5 мемлекеттік қызмет көрсетеді.      

1)«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» Қызмет көрсету мерзімі – 13 жұмыс күн. 2021 жылдың                                1 шілде – 31 желтоқсан  аралығында  арыз түскен жоқ.

2)«Елді мекендер шегінде обьектілер салу үшін жер учаскелерін беру»

Қызмет көрсету мерзімі - 46 жұмыс күн. 2021 жылдың                              1 шілде – 31 желтоқсан  аралығында арыз түскен жоқ. 

3) «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою»

Қызмет көрсету мерзімі - 12 жұмыс күн. 2021 жылдың                              1 шілде – 31 желтоқсан  аралығында  4 арыз түсті. Қызмет көрсету мерзімі бұзылған өтініш жоқ.

4) «Жер учаскесін жекеменшікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату»

Қызмет көрсету мерзімі - 5 жұмыс күн. 2021 жылдың                                       1 шілде – 31 желтоқсан  аралығында 4 арыз түсті. Қызмет көрсету мерзімі бұзылған өтініш жоқ.

5) «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу»

Қызмет көрсету мерзімі - 15 жұмыс күн. 2021 жылдың                              1 шілде – 31 желтоқсан  аралығында 2 арыз түсті. Қызмет көрсету мерзімі бұзылған өтініш жоқ.

  1. Рұқсат беру функцияларын іске асыру

Жалғансай ауылдық округі әкімі аппаратында рұқсат беру функциялары жоқ.

5.Бөлімшеге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері

Жалғансай ауылдық округі әкімі аппаратына 2021 жылдың                               1 шілде – 31 желтоқсан  аралығында  жеке тұлғалардан -4 өтініштер, заңды тұлғалардан 2 өтініш түсті. Өтініштерге заңға сәйкес уақытылы жауаптар жолданған.

  1. Әдеп кодексі нормалары мен сыбайлас жемқорлық заңдарының сақталуы

Жалғансай ауылдық округі әкімі аппаратында Этика Кодексі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Заңының талаптары қатаң сақталады.

7.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудан туындайтын өзгеде мәселелер

Сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын сыни материалдар жарияланған жоқ.

 

Ауылдық округі әкімі

Ғ.Мырзағали

 

Ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы

 

М.Балатаева

Ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы

 

Р.Мұхышева

 

Атырау облысы Махамбет ауданы Жалғансай ауылдық округі әкімі аппаратының сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша 2021 жылдың ІІ жартыжылдық бойынша талдамалық АНЫҚТАМА
Дата публикации
28 февраля 2022