Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпарат
2021 жылға «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасының мемлекеттік грант бағыты бойынша 7 кәсіпкер қайтарымсыз қаражат 19, 3 млн. теңге несие бағыты бойынша 1 кәсіпкерге 4,0 млн. теңге несие берілді.
«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 30 адам 17,5 млн.теңге грант алды.
«Ауылдық жерлердегі шағын және орта бизнесті дамыту» бағдарламасы бойынша 5 кәсіпкер 16,0 млн.теңге несие алды.
«Бастау Бизнес» жобасы аясында 100 адам оқыды.
МФО «Атамекен» Атырау бизнес қолдау арқылы 2 кәсіпкер 6,0 млн. тенге жеңілдетілген несие алды.
Мал шаруашылығын дамыту мақсатында 2 кәсіпкер «Аграрлық несие корпарациясы» АҚ Атырау облысы бойынша филиалы» арқылы 73,2 млн несие алды.
«КазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы арқылы аудан шаруашылықтарымен кәсіпкерлер 82,3 млн. тенгеге лизингіге 11 ауыл шаруашылығы техникаларын алды.
1) Инвестициялық субсидия бойынша барлығы 25 шаруашылық 99,6 млн. тенгеге субсидияланды. Оның ішінде 10 шаруашылықтың 25 ауыл шаруашылығы техникасы 40,6 млн тенгеге субсидияланып, ал 15 шаруашылықтың тамшылатып және жаңбырлатып суару құрылғылары 59 млн. тенгеге субсидияланды.
2) Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыру бойынша 26 шаруашылық құрылымдары 314,2 млн. тенгеге субсидияланды.
3) Су жеткізу қызметі құнын субсидиялау бағдарламасы бойынша ауданда 56 шаруашылық құрлымдарына 183,8 млн. тенге көлемінде субсидия төленді.
4) Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыру бойынша 20 шаруашылық 48,7 млн. тенгеге субсидияланды.