Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын ішкі бақылау
нәтижелері бойынша 2021 жылға арналған
ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА
Махамбет ауданы бойынша 2021 жылдың қорытындысымен барлығы 11073 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның 2342-ы Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы арқылы мемлекеттік органмен (ведомстволық бағыныстағы мекемемен) көрсетілсе, 1086-ы мемлекеттік органда (ведомстволық бағыныстағы мекемелермен) көрсетілген. Электронды форматта көрсетілген қызметтер саны – 7645.
Ақпараттандыру мақсатында 7 шара өткізіліп, аудан көлемінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің электронды түрін көбейту мақсатында халық арасында ақпараттық насихаттық жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, аудандық газеттің бетінде 11 мақала жарық көрсе, әлеуметтік желілерге 9 мақала, 5 тікелей эфир, 26 бейнеролик жарияланып, жеке тұрғындарға барлығы 510 брошюралар мен жадынамалар таратылды.
Ауылдық округтерде электрондық қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 6-жәрмеңке өткізіліп, өз-өзіне қызмет көрсету бұрыштары арқылы 4299 тұрғын ЭЦҚ-мен қамтылды және 6580 электрондық қызмет көрсетілді. ХҚКО жанынан құрылған мобильдік топ елді мекендерге кестеге сай айына 2 рет және қажет болған жағдайда кезектен тыс шығады.