«Махамбет ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша 2021 жылдың 31 желтоқсанына талдамалық АНЫҚТАМА
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі:
2021 жылдың ІI -жартыжылдығы.
1.«Махамбет ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ, Махамбет ауылы, Абай көшесі 7а үй.
2.Орталық бойынша Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізетін 5 адамнан тұратын жұмысшы тобы құрылды. Топтың төрағасы орталық директоры –А.Төлеген.
3.Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне ішкі талдау жүргізілген мерзімі 2021 жылдың 1 шілдеден 31 желтоқсан аралығы.
4.Махамбет ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының, құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітілген. Аудандық жұмыспен қамту орталығында штат саны бойынша 21 адам жұмыс жасайды, оның ішінде жұмыспен қамту орталығының директоры-1, орталық директордың орынбасары-1, орталық мамандары-4, экономист-1, бас есепші-1, консультант-1, ассистентер-9, күзетшілер -3. Қазіргі уақытта бос лауазымдық орын жоқ.
5.Орталық бойынша қызметкерлер жыл сайынғы еңбек демалысына жіберілді. Мүдделер қақтығысы орын алған жоқ. Мемлекеттік қызметшілерден шағым түскен жоқ.
6.Махамбет ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы, Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 31 қаңтардағы №39/НҚ «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес 6 мемлекеттік қызмет түрлері атқарады. 2021 жылы орталық арқылы жалпы саны -858 мемлекеттік қызметтер көрсетілді, оның ішінде «ақпараттық жүйесі арқылы» -833, қағаз түрінде- 25.
8.Аудандық жұмыспен қамту орталығы өз қызметін атқаруда келесі нормативтік құқықтық актілерді қолданады: 2016 жылғы 16 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» №482-V Заңы, 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» №246 Заңы, 2015 жылғы 23 қарашадағы №414-V Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі, 2020 жылғы 29 маусымдағы №350-VI Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процесстік Кодексі, 2018 жылғы 13 қарашадағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасын» бекіту туралы № 746 қаулысы, 2020 жылғы 31қаңтардағы Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» №39/НҚ бұйрығы, 2016 жылғы 14 маусымдағы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кейбір мәселелері туралы» № 516 бұйрығы, 2018 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және халықты жұмыспен қамту орталықтары көрсететін еңбек делалдығын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы №259 бұйрығы, 2015 жылғы 5 мамырдағы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» № 320 бұйрығы.
9.Мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру, түсіндіру бағытында Facebook әлеуметтік желісіне көрсетілген мемлекеттік қызметтер және өзгерістер туралы хабарламалар, видео роликтер жарияланып, ауылдық округтерге халықпен кесдесулер өткізілді.
10.31 желтоқсандағы есепті кезеңде жеке және заңды тұлғалардан өтініш түскен жоқ.
12. Сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын сыни материалдар жарияланған жоқ.